Дисперсологиялық сипаттамасы



бет1/3
Дата16.05.2023
өлшемі26,71 Kb.
#176810
түріҚұрамы
  1   2   3
Байланысты:
Документ Microsoft Word (2)
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э

1.Ұнтақ - бір немесе бірнеше ұсақталған заттардан тұратын және ағып кету қасиеті бар ішкі және сыртқы қолдануға арналған қатты дәрілік зат.
Дисперсологиялық сипаттамасы.
Ұнтақтар-дисперсиялық ортасы жоқ бос жан-жақты дисперсті жүйе. Дисперсті фаза әртүрлі мөлшердегі және пішіндегі ұсақ бөлшектермен ұсынылған.
Рецепт бөлу (распределительный) тәсілімен жасалған.
Пропись құрамына А және Б тізімінің дәрілік заттары кіреді. Компоненттері бір-бірімен үйлесімді.

Технология.


Аналитикалық таразыға анальгинді(массасына қарай бірінші қосамыз) 0,6г мөлшерде өлшеп аламыз. Ступкаға өлшенген анальгинді ұнтақ күйіне енгенше ұсақтаймыз, саңылауларды жабамыз. Кейін 0,09г димедрол және 0,0006г атропин сульфатын дәл осындай әрекеттер жасау арқылы ұсақ ұнтақ күйіне енгіземіз. Барлығын біркелгі ұнтаққа араластырамыз.

Босатуға орау.


Дайын дәрілік затты 0,2302г-нан келетіндей күніне 3 реттік дозаға бөліп, 3 балауыз капсулаға орап, этикеткамен безендіріп босатамыз. «Ұнтақтар», «Ішке қолдануға арналған» этикеткасымен безендіреміз. (қосымша этикеткалар – «Балалардан сақтау керек», «Салқын және құрғақ жерде сақтау керек»)

2. Жақпа май– теріге, жараларға немесе шырышты қабықтарға жағуға арналған, яғни сыртқа қолдануға арналған дәрілік заттар мен негіздерден тұратын тұтқыр консистенцияға ие жұмсақ дәрілік түр.
Дисперсологиялық сипаттамасы.Жақпа май формасыз дисперсті жүйені ұсынады. Компоненттері бір-бірімен үйлесімді.
Технология ерекшелегі: Бұл препарат суспензиялық жақпа май болып табылады. Оның құрамында суда да, майда да ерімейтін ксероформ мен цинк оксиді бар.
Технология:
Буландырғыш табақшада су моншасында вазелин мен ланолинді толық балқытамыз. Жылытылған массаға 1,0 г цинк оксидін ұнтақтап, 0,3 г ксероформды қосып,араластырамыз. Оған балқытылған вазелин мен ланолинді қосып, мұқият араластырамыз, бөлшектеп қалған балқытылған вазелин мен ланолинді қосып, масса суығанша араластырамыз. Құтыға ауыстырып, салып тығындап безендіреміз.
Безендіру және орау:
Негізгі этикеткасы «Сыртқа қолдануға арналған» , ескерту этикеткалары «Балалардан сақтау керек», «Зақымдалған теріге арналған», «Салқын жерде сақтау керек».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет