Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет5/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2
Математика ДК есебі 2019, P7.04 - kk - 10100602474786, 11-ДЖТ, Тема Законы, закономерности и принципы менеджмента-melimde.com
Н.Г.Чернышевский
Өнердің болмысқа эстетикалық қатынасы

Өнер атаулының ішіндегі ерекше тұратын өз бойына өнердің барлық теориялық мәселелерін жинақтаған поэзияға келейік.


Басқа өнер түрлеріне қарағанда поэзияның биік тұратынына дау жоқ, өйткені өзге өнер түрлері поэзияның айтарын бізге жеткізе алмайды. Бірақ, бұл көзқарас біз назарымызды поэзияны туындатқан жеке әсердің ықпалына аударған кезде мүлде өзгеруі мүмкін. Екінші жағынан, өнердің өзге түрлеріне де қатынас өзгеруі мүмкін.
Өнердің поэзиядан өзге барлық түрлері тікелей сезімге әсер етсе, поэзияға қиялға /фантазияға/ әсер етеді. Кей адамдардың қиялы /фантазиясы/ әсершіл әрі ширақ. Кәдімгі ақыл-ойы жеткі адамдарда қиял, сезімдік тұрғыдан қарағанда әлсіз әрі көмескі. Осы қырынан алып қарағанда поэзияның субьективті әсері өнер атаулыдан және шындықтан біршама алшақ жатыр.


А.Байтұрсынов
Көрнек өнері

Көрнек өнері бес тарау болады:


Бірінші – тастан, кірпіштен, ағаштан, яки басқа заттан сәнін келтіріп, сәулетті сарайлар, мешіт, медресі, үй, там сияқты нәрселер салу өнері. Бұл сәулет өнері болады (европаша архитектура).
Екінші – балшықтан я металдан құйып, тастан я ағаштан жонып, нәрсенің тұлғасын, тұрпатын, сын-сымбатын келтіре сурет жасау өнері – бұл сымбат өнерлі болады (европаша скульптура).
Үшінші – түрлі бояумен нәрсенің ісін, түрін, түсін, кескінін-келбетін келтіріп, суреттеп көрсету өнері – бұл кескін өнері болады (орысша живопись).
Төртінші - әуездің түрлі орайын, шырайын, сазын, сайрамын келтіріп, құлаққа жағып, көңілді әсерлейтін ән салу, күй тарту өнері – бұл әуез өнері болады ( европаша музыка).
Бесінші – нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері – бұл сөз өнері болады (қазақша асыл сөз, арабша әдебиет, европаша литература).
Өнердің ең алды сөз өнері деп саналады. “Өнер алды – қызыл тіл” деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің де қызметін шама-қадырынша сөз өнері атқара алады, қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты я кескінді суреткер болсын, қандай әдемі ән-күй болсын, сөзбен сөйлеп, суреттеп көрсетуге, таныстыруға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді...
Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге.
Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғыну, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау.
Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама-қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек...
Сөз өнеріне жұмсалатын зат – сөз.
Сөз шумағы тіл деп аталады. Сөз өнеріне жұмсалған сөз шумағы да тіл (я лұғат) деп аталады.
Шығарма тілі екі түрлі болады: 1) ақын тілі, 2) әншейін тіл. Ақын тілі – айрықша өң беріліп айтылған сөз; әншейін тіл – ондай өң берілмей, жай айтылған сөз. Ақын тілімен сөйлегенде, сөзге айрықша өң берілгендіктен, лебіз өрнегі болып шығады. Әншейін тілмен сөйлегенде, сөзге өзгеше өң берілмегендігінен, лебізсіз де жалаңаш болып шығады. Сондықтан алдыңғысы көрнекі лебіз деліп, соңғысы жалаң иә көсе лебіз болып айтылады.
Сөз өнері деп, асылында, нені айтамыз?
Бір нәрсе турасындағы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта білсек, сол сөз өнері болады. Ішіндегі пікірді, қиялды, көңілдің күйін тәртіптеп, қисынын, қырын, кестесін келтіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару болады. Шығарма дегеніміз – осылай шығарған сөз. Сөзді бұлай етіп шығаруға көп өнер керектігі жоғарыда айтылды. Сөз шығару өнерді керек қылса, өнер ғылымды керек қылады. Мұнан сөз өнерінің ғылымы туады...


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет