Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
С.Қ. МЕМЕШОВ
ТОПЫРАҚТАНУ ПРАКТИКУМЫ
(ОҚУ ҚҰРАЛЫ)
КӨКШЕТАУ – 2009
ББК 40.3 я 73 (5к)
М 44
Пікір жазғандар:
әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы С.С. Айдосова.
А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің профессоры, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы С.З. Елюбаев.
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің профессоры, биология ғылымдарының докторы А.Т. Хусаинов.
Мемешов С.Қ.
М 44 Топырақтану практикумы. Оқу құралы. – Көкшетау. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті. 2009. – 118 бет.
ISBN
Оқу құралы «Топырақтану» пәнінің университеттерге арналған бағдарламасы негізінде құрылған.
Оқу құралында топырақтардың түзілу процесі, морфологиялық белгілері, гранулометриялық құрамы, топырақтың құрам бөліктері және олардың қасиеттері, топырақ классификациясы мен аймақтық таралу заңдылықтары бөлімдерінен практикалық сабақтар мен лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемелері толық баяндалған.
ББК 40.3 я 73 (5к)
Баспаға Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау Мемлекеттік университеті Ғылыми кеңесі ұсынып бекіткен №4 хаттама 28.01.09ж.
М 44
ISBN - © Мемешов С.Қ., 2009
АЛҒЫСӨЗ
Оқу құралында лабораториялық – практикалық жұмыстардың мазмұны «Топырақтану» пәнінің мемлекеттік университеттерге арналған бағдарламасы негізінде құрылып, мемлекеттік тілде оқитын студенттердің бұл пәнді игеруді жеңілдету мақсатын көздейді.
Оқу құралы 5-тараудан құралған. Бірінші тарауда топырақтың түзілу процесі, минералдардың, тау жыныстарының, топырақ түзуші жыныстардың қасиеттері, классификациясы, оларды анықтау жолдары көрсетілген. Екінші тарауда экологиялық факторлардың топырақтардың морфологиялық белгілеріне әсері баяндалады. Үшінші тарауда топырақтардың гранулометриялық құрамы және оның топырақ құнарлығы мен қасиеттеріне әсері, гранулометриялық құрамды анықтау тәсілдері келтірілген.Төртінші тарауда топырақтардың құрам бөліктері, құнарлығын қалыптастыратын режимдері мен қасиеттері және оларды зертханалық жағдайда анықтау тәсілдері толық көрсетілген. Бесінші тарауда топырақ түзілудің экологиялық факторларының топырақтардың аймақтық орналасуына әсері, топырақтардың географиялық таралу заңдылықтары, топырақ типтері мен типшелерінің классификациясы, олардың басты морфологиялық ерекшеліктері, диагностикалық анықтау жолдары сипатталған. Топырақтың сапасын, бонитеттік ұпайын есептеу жолдары көрсетілген.
Барлық тарауларда практикалық сабақтар мен лабораториялық жұмыстарды орындау әдістемелері толық баяндалған. Студенттердің өткен материалды толық түсінуі үшін теориялық мәліметтер мен бақылау сұрақтары берілген. Ол студенттердің дайындығына байланысты материалды талдауға және салыстыруға, қорытындылауға мүмкіндік береді.
Оқу құралы университеттердің экология мамандығы типтік бағдарламасына сәйкес жазылған, сонымен қатар агрономия, орман шаруашылығы мамандықтары студенттеріне пайдалануға болады. Оқу құралы жоғарғы оқу орындарында мемлекеттік тілде оқитын студенттерге көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Оқу құралын пайдаланған студенттер мен оқытушылар және басқа да оқырмандар пікірлерін төмендегі мекен-жайға хабарлауға болады:
Өсімдік шаруашылығы, топырақтану және агрохимия кафедрасы, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Қуанышев көшесі, 170, Көкшетау қаласы, 020000, Ақмола облысы, Қазақстан.
Автор.
Достарыңызбен бөлісу: |