Емтихан тапсыратын оқушылар арасында оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында өткізілген тренингтер, жаттығулар мен кеңес беру жұмыстары. Қазан-қараша айларында «Оқушылардың сенімділігін, стресске қарсы тұруы, сенімді мінез-құлық дағдысын арттыру, өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, эмоциялық сфера дағдысын психологиялық тұрғыдан қалыптастыру, емтихан тапсыратын оқушыларды психологиялық тұрғыдан дайындау мақсатында 9-сынып оқушылары арасында кеңес беру, тренинг және жаттығулар жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі кезде оқушыларды емтихан тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет. Кеңес беру барысында емтихан дегеніміз не? Және оның міндеттері туралы ақпараттар айтылуымен қатар, сынаққа психологиялық дайындық жөнінде талқылау жүргізілді. Оқушылармен ойын жаттығулар ойлауды дамытудың басты шарттарымен таныстырылып, логикалық тапсырмаларды шешу арқылы жаттықтыруға кеңестер айтылды. Олар емтиханға дайындалу тиімділігін арттырып, емтихан кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі.
Тренинг соңында оқушылардың өз ойларымен бөлісіп, алған ақпараттарымен қанағаттанды.
ҰБТ-ға психологиялық дайындық 11 сынып оқушыларымен тренинг жаттығулар ұйымдастырылды, тренингтің мақсаты бірінші емтиханға пәндер бойыша дайындалуға көмектесу, екіншісі стрессті қалай жеңуге болатынын үйренеді.
Кез-келген өмір өзгерістері жеке басының психологиялық балансын бұзады. Әрбір оқушыға емтихан стресс тудырады: қорқыныш, қобалжу, өзіне сенімсіздік, нервоз немесе депрессияға әкелуі мімкін.
Наурыз айының басында емтиханға дейін 11-сынып түлектерімен психологиялық тренинг жаттығулар ұйымдастырылды.
Мақсаты: Бірыңғай мемлекеттік емтиханға дайындау кезеңінде және оның барысында мінез-құлық стратегиясын және тактикасын әзірлеу; өзін-өзі реттеу және өзін-өзі бақылау дағдыларына үйрету; қорқыныш пен қобалжудағы кедергілерді жеңу, өзін-өзі сенімділікті күшейту және олардың күш-жігері мен мүмкіндіктерін арттыру.
Міндерттер: Стресске қарсы тұрақтылығын арттыру.
Сенімді мінез-құлық дағдыларын дамыту, қорқынышты жеңу.
Эмоционалды ерік - жігерін дамыту.
Эмпатияның сезімін дамыту, өзіне назар аудару және басқаларға деген сенімін арттыру.
Ішкі резервтер негізінде өзін-өзі басқару дағдыларын дамыту.
«Табысқа жету жолдары», «Ашығын айтқанда» атты тақырыптарында тренингтер өткізілді.
Емтиханға психологиялық дайындық бойынша сабақтар кезінде балаларға бейтаныс жерде емтихан кезінде өзін қалай ұстау керектігі айтылды.
Тренинг соңында балалар сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерімен бөлісті: стресстік жағдайларда қалай әрекет ету керек, кездейсоқ жағдайлар және олардан шығатын жолдар туралы әңгімеледі. Құрбыларына психологиялық қолдау көрсетіп, қажет болған жағдайда көмек сұрауға болатындығы айтылды.