Эссе жазуға машықтандыру



бет1/6
Дата13.09.2023
өлшемі92,75 Kb.
#180935
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЭССЕ ЖАЗУҒА МАШЫҚТАНДЫРУ электив
бастауыш кезекш, Положение конкурс ср. школьников, 1606994396, Нурлыбаева жетістіктер, 7-сын 2 тоқсан бжб, 9 сын қмжж, Білімді ұрпақ жарқын болашақ, Үнемшіл адам тиыннан теңге құрайды, 5-9 класс РУКОВОДСТВО для педагогов 02.09.2022, P7.05 - kk - 10100634733505, санды теңсіздіктер, тапсырма 11 А, 9 сын тіл тәуелсіздік, Абай 09.2023 (1)

БАҒДАРЛАМА

ЭССЕ ЖАЗУҒА МАШЫҚТАНДЫРУ


11- сынып оқушыларына арналған (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)


ИСКАКОВА ЖАДРА АЙМУХАНБЕТОВНА


«№198 жалпы білім беретін мектеп» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Пікір жазғандар:
Көшекова А.А.,Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының ф.ғ.к.,қауымдастырылған профессор м.а.
Сарбасов Б.С., Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының ф.ғ.к.,қауымдастырылған профессор м.а.
Бектұрғанова Н.Ә., «С.Байжанов атындағы №162 мектеп-гимназия» қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалмі, педагог-шебер.


Түсінік хат мазмұны


Эссе жанры қазіргі заманда барлық мамандықтағы адамдар үшін негізгі іскерлік қарым-қатынас жасаудың, табысқа қол жеткізу үшін өз жаңалығын жүзеге асыруды, басқа адамдардың ой-пікіріне көзқарасын білдіру үшін ең негізгі жазу түріболып қалыптасып отыр. Қазіргі мектеп оқушысы- келешек маман, ауызша да, жазбаша да талаптарға әрі уақытқа сай ойын толғай алатын маман болуы тиіс. Мектеп мұғалімдеріне ұсынылып отырған бұл бағдарлама сондай өткір мәселені шешуге көмек болады. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша әлемдегі ең сауатты адам берілген тақырыпқа 500 сөзден астам көлемде өз ойын әдеби тілмен бере білген адам болып табылады. Сол себепті болашақ маман мектеп қабырғасында эссе жазуға қалыптасып, қай мамандық иесі болса да тұжырым жасай алатын тұлға болуы керек.

Курстың мақсаты:


Тұлғаның интеллектуалдыдамуына ықпал ету; «Эссе жазуға машықтандыру» курсының мазмұны арқылы танымдық іс –әрекетке және өз пікірін, көзқарасын жазуға, шығармашылыққа бейімдеу. Алған білімдерін түсіне білуге, талдай алуға, өмірде қолдана білуге, өз еңбектеріне баға беруге, сөздік қорын дамытуға бағыттау.

Курстың міндеті:


Білім алушының өміріне қажетті, білім, білік дағды қалыптастыру. Интеллектуалдық белсенділіктерін, сыни көзқарастарын, ақыл-ойларын, эссе жазудың қыр-сырын меңгерулеріне ықпал ету. Шығармашылық ойлауды және өзінің жеке ойын өз бетінше дамыту сияқты дағдылардан тұрады, өйткені эссе мазмұнында бірінші кезекте, автордың жеке басы, оның дүниетанымы, сезімі бағаланады. Эссе жазу оқушыларға ойларын нақты және сауатты тұжырымдауға, ақпаратты
құрылымдауға, негізгі ұғымдарды пайдалануға, байланыстың себеп-салдарын анықтауға, тиісті мысалдармен тәжірибені суреттеуге, өзінің қорытындысын жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет