Фразеологиялық бірліктердің мағыналық кұрылымы Фразеологияльқ бірліктер атау олардың мағыналық құрылымы, лебіздегі қолданыс аясы мен жұмсалу сипатына орай дамиды. Коммуникативтік жүйедегі мағыналық ерекшелігіне сәйкес фразеологиялық бірліктерді дара мағыналы және көпмағыналы деп бөлуге болады. Дара мағыналы фразеологиялық бірліктердің саны мол, мұның өзі олардың iшкі табиғатымен, ауыспалы мағынасының күрделілігімен байланысты: қоян- қолтық араласу, қас пен көздің арасында, боз өкпе, асау жүрек, ас ауыз тиді,аузы ауыр, аузы дуалы, ашаң жүзді, аш бел, т.б. Фразеологиялық бірліктердің көп мағыналылығы да жиі ұшырасады: жылы ұшырады: 1) ыстық көрінді, көзге оттай басылды; бойды тебірентті, бой жылытты;1) дене жылытты. 2) бой салды: 1) жығыла сенді, шын берілді; 2) шын ықыласымен, бар ынтасын сальп; бой бағады: 1) өзін-өзі күтті; 2) сақтанды, аңысын аңдады; бой тартты: 1) өзін еркін ұстамады; 2) аулақ болды, жоламады; ас батпады: 1) тамақ сіңіре алмады: 2) қатты уайымға ұшырап, асқа тәбеті шаппады; асқар бел: 1) ұлы биік, биік жота; 2) тірек, сүйеніш, сенім; аспанға көтерді: 1) асыра мақтады, 2) қызмет орнын тез жоғарылату; жанын алды: 1) өлтірді; Фразеологиялық бірліктердің көпмағыналы болуы олардың қолданыс жағдайындағы ұқсас мазмұнды таңбалауымен байланысты. Өзге де көпмағыналы сөздер сияқты мұнда да фразеологиялық бірліктер арқылы: