Г.К.МУКУШОВА
Компьютерлік аудармашы бағдарламаларға талдау
В данной статье показан сравнительный анализ работы компьютерных программ-переводчиков, описывается их достоинства и недостатки.
This article describes the merits and demerits of computer translation programs.
1. Google Аудармашы (Google Translate) – Google компаниясына тиесілі 90 тілде жұмыс істейтін, әлемдегі ең танымал тегін аударма веб-қызметі. Қызмет онлайн үлгіде жұмыс істейді және интернетке кіру мүмкіндігі бар кез келген қолданушыға қолжетімді. Google аудармашы жүйеге қосылған барлық тілдер арасында жеке сөздер мен сөйлемдерді, мәтіндерді және тұтас веб-парақшаларды аудару мүмкіндігіне ие.
Сурет 1. Google Аудармашы
Бұл сервис интерфейсінің ыңғайлылығы - «Аудару» батырмасын басудың қажеті жоқ, қолданушы енгізген сөздің немесе мәтіннің аудармасы бірден сәйкесінше өрістен көрініп тұрады. Бағдарламаның тағы бір артықшылығы - жеке сөздерді аударған кезде сервис ондайн-сөздік ретінде қызмет жасап, аударманың әр түрлі нұсқаларын сөз таптарына жіктеп ұсынады.
Сурет 2. Google Аудармашы сөздігі
Сондай-ақ мұнда аударылған сөздің немесе мәтіннің айтылуын тыңдау мүмкіндігі бар және қазақша жазылған сөздің транслитерациясын, яғни кеңейтілген латиница түріндегі нұсқасын көруге болады.
Қызметтік мүмкіндіктері бойынша - қолдайтын тілдер саны, қосымша функциялары бойынша, Google онлайн-аудармашысы басқа онлайн-аудармашылардың ішінде ең әмбебабы болып табылады.
Google Аудармашының да басқа машиналық аудармашы құралдар сияқты өзіндік шектеулері бар. Оқырманға шет тілдегі мәтіннің мазмұндық мағынасын түсінуге көмектескенімен, әрдайым нақты аударманы жеткізіп бере алмайды.
Кейбір тілдер бойынша басқа тілдерге қарағанда аударма нәтижесі жақсырақ болып келеді. Мысалы, Google Аудармашы ағылшын тілі мен Еуропа Одағы тілдері арасында сапалы аударма жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |