Ж. А.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы Жоспар



бет1/6
Дата09.01.2022
өлшемі58,5 Kb.
#110620
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЖПТ. СБМ-31. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы.


Ж.А.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
Жоспар:

1. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы.

2. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының тиімділігі.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 1998 жылдан бастап мектептің барлық сатысында, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді.

Профессор Ж.А.Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңа өзгерген мақсатпен оқушылардың өзін-өзі өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді.

Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясында жұмыс міндеті үш деңгейлік, қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады. Оның басты мақсаты – сынып оқушыларын «қабілетті», «қабілетсіз» деген жіктерге бөлуді болдырмау. Сабақта қандай оқушы болмасын, жақсы оқитына қарамастан жұмысты І деңгейден орындайды. І деңгей тапсырмаларын орындау Мемлекеттік білім стандарты талаптарының орындалуына кепілдік береді. І деңгейді орындаған оқушы «3» деген бағамен бағаланады. Әрбір оқушы І деңгейді орындауға міндетті және одан жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға құқылы. Осы тұрғыдан алғанда «үлгерімі төмен, баяу» оқушы жақсы оқитын оқушыға ілесе алмай жатса, не не істеуге болады? – деген сұрақ туады. І деңгейден аса алмай жатқан жағдайда қалған тапсырмаларды үйде орындауға беру керек. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының екінші бір жағы – оқушыларды дүние жүзілік білім жүйесінде қолданылатын рейтинг-ұпай әдісіне баулу.

Рейтинг-ұпай әдісі «ұпайлық» жүйемен жүзеге асырылады. 1-деңгейді орындаған бала 5 ұпай жинаса «3» алады. 2-деңгейге 10 ұпай жинаса «4» қойылады. 3-деңгейден 15 ұпай жинаса «5» бағасы қойылады. 4-деңгейге 20 ұпай болса, «5»-ке бағаланады.

Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен бағаланатынын ескерсек, оқушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда қолданған тәсілдеріне анализ жасап, қателіктері мен кемшіліктерін анықтай білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда оқушы неғұрлым көбірек ұпай жинау үшін ізденіп оқытушыдан, жолдастарынан, қосымша материалдардан білім жинайды.

Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының беретін мүмкіндіктері:


Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту барысында компьютерлер мен оларды басқарушы алгоритмдер біздің қоғамымыздың маңызды бөлігіне айналды. Олай дейтініміз, бүгінгі таңдағы жаңадан шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді. Деңгейге бөліп оқыту кезінде оқушылардың тәжірбиелік-теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара қасиетін, әлеуметтік психологиялық танымын, сұранымын ескеру талап етіледі. Деңгейлеп тапсырудың ауқымы өте кең, оқулықтағы жаттығулар – өткен ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға, бейімділігі бақылауға алынады. Қортындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді. Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлігі арқылы жүзеге асырылады. Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты – әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету.

Мақсаты жүзеге асыру барысында деңгейлеп-саралап оқыту технологиясының мүмкіндіктері:

1. Деңгейлеп оқыту әр оқытушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға;

2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге;

3. Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей. Осы деңгейлерді орындауға.

Деңгейлеп оқыту технологиясының тиімді нәтижелі болуы үшін:

а) жеке тұлға ерекшеліктеріне;

ә) психологиялық даму ерекшеліктеріне;

б) пән бойынша білімді игеру деңгейіне көңіл бөледі.

Ж.А.Қараев оқушылардың оқу деңгейін төрт түрге бөлген:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет