Жоба қазақстан республикасы жоғАРҒы сотының нормативтік қаулысы 2020 жылғы № Нұр-Сұлтан қаласы



бет1/31
Дата11.04.2022
өлшемі153,14 Kb.
#138799
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Байланысты:
proekt popravok v np po uk i upk kaz
10 class


ЖОБА
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖОҒАРҒЫ СОТЫНЫҢ
НОРМАТИВТІК ҚАУЛЫСЫ
2020 жылғы ________ № _ Нұр-Сұлтан қаласы
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
I. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:


1. «Қылмыстық құқық бұзушылықтардың бірнеше рет жасалуын және жиынтығын саралау туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 11 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011жылғы 21 сәуірдегі № 1; 2017 жылғы 31 наурыздағы № 3 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):
1) 2-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші абзацтармен толықтырылсын:
«Қылмыс пен қылмыстық теріс қылық өзара бірнеше рет жасауды құрамайды.
Әрекетті бірнеше рет жасау белгісі бойынша саралау және ҚК-нің 54-бабы бірінші бөлігінің 1) тармағына сәйкес қылмыстардың бірнеше рет жасалғандығын кінәлі адамның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жай деп тану кезінде, егер бұрын аяқталған ұқсас қылмыс, сондай-ақ оған оқталу, бірлесіп орындау не осы қылмысқа бірлесіп қатысу орын алған болса, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылады.»;
2) 19-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
«Бұл ретте, егер жасалған әрекеттер ҚК-нің Ерекше бөлігінің дәл сол бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделсе, онда екінші қылмыстық құқық бұзушылық (аяқталған немесе аяқталмаған) бірнеше рет жасалу белгісі бойынша саралануға жатады.»;
3) 20-тармақта:
орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
«2002 жылғы 15 тамыздағы №19» деген сөздер «2018 жылғы 20 сәуірдегі №4» деген сөздермен ауыстырылсын.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет