Картотека №1 Бақылау. Күнді бақылау



бет1/17
Дата16.03.2022
өлшемі96 Kb.
#135943
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
картотека



Картотека №1

  1. Бақылау. Күнді бақылау.

Мақсаты: күннің жарықтығын жылуын сезіне білуге баулу.

  1. Еңбек: Гүлдерге қамқор болу.

Мақсаты: гүлдерді күтіп баптауға тәрбиелеу.

  1. Жеке жұмыс: Жұмбақ жасыру Ақ сандығым ашылды ішінен жібек шашылды (күн)

Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру

  1. Ойын: Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр»

Мақсаты: шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Шарты: Балаларға «күн» деп айтқанда, жүреді, күледі, ойнайды.
Ал «жаңбыр» деп белгі бергенде, тәрбиешінің қол шатырының астына тығылады.
Осылайша ойын жалғасады.
Балалардың дербес әрекеттері:
Балалардың қалауы бойынша ойындар.
Армысың алтын күн,
Армысың асыл жер
Армысың көк аспан,
Армысың жан досым
Міне менің қолым,
Жылуыма жылу қос.



Картотека №2
Бақылау: Гүлдерді бақылау.
Мақсаты: Гүлдердің әсемдігіне сезіне білуге, қамқорлықпен қарауға және гүл түрлерін ажырата білуге тәрбиелеу.
2.Еңбек: гүлдерге су құю.
Мақсаты: Табиғатқа, гүлдерге деген қамқор, көзқарасқа тәрбиелеу.
3.Жеке жұмыс: 1-2 балаға жаз мезгілінің айларын ретімен айтуды үйрету. Маусым, шілде тамыз.
Мақсаты: Жан-жақтылыққа үйрету
4.Қимылдық ойын: «Ак серек, көк серек»
Мақсаты: балаларды тез қозғалуға, жылдамдыққа үйрету, тату ойнауға тәрбиелеу.
Шарты: балалар 2 топқа бөлініп тұрады
Мысалы: «Қарлығаш», «Көгершін».
Ақ серек, көк серек
Бізден сізге кім керек? – деп айқайлайды қарлығаш тобы
«Ақ серек, көк серек».
Сізден бізге Аделья керек – деп айқайлап шақырады.
Көгершін тобы Аделья жүгіріп барып, балалардың қолын үзсе бір баланы кейін алып қайтады, ал үзе алмаса сол топта қалып қояды
Қай топта бала көп болса, сол топ жеңімпаз.
5.Дербес ойындар: құмдағы ойын
Мақсаты: бір-бірімен келісіп, достасуға тәрбиелеу.



Картотека №3
Бақылау: Құмырсқа илеуін бақылау
Мақсаты: Еңбекқор құмырсқаны үлгі ету. Жәндіктерді өлтірмеуге, қол ұшын беруге тәрбиелеу.
Еңбек: Кіші топ балаларының адлаңдарын жинастыру
Мақсаты: кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу.
Жеке жұмыс : 1-2 балаға жаңылтпаш жаттату.
Пеш үстінде 5 мысық
Пеш үстінде 5 мысық
5 күзетші-5 мысық,
Мақсаты: Тілдерін жаттықтыра отырып, жаңылмай айтуға үйрету.
Қимылдық ойын: «Қассың ба, доссың ба?».
Мақсаты: Бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу
Шарты: Қыз баламен ер балалар араласа отырады. Әр бір жұп бір көрші болып есептеледі. Ойын бастаушы: қассың ба, доссың ба? Көршіңмен – дейді. «Доспыз» деп жауап берсе, ендеше достығыңды көрсетіп бір-біріне қарап жақсы сөз айту керек, «Қаспыз» деп жауап берсе, ендеше кіммен дос болғың келетінін сұрау.Ойын бастаушы сұралған адам сыңарын тауып береді.
Дербес ойындар: ойын құралдарымен ойын.
Мақсаты: тез қағып алуды дамыту, өздерін жеңіл ұстауға баулу.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет