Көлік жүйесі Қазақстан инфрақұрылымының негізгі бір бөлігі және ел экономикасының даму деңгейіне елеулі әсер етеді. Республиканың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың км



Дата07.10.2019
өлшемі18,48 Kb.
#49342
Байланысты:
Кіріспе

Кіріспе

Елбасы Н.Назарбаевтың әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде қойған міндетіне сәйкес экономика мен мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі көбіне көлік-коммуникация кешені қызметінің тиімділігіне байланысты.

Көлік жүйесі – Қазақстан инфрақұрылымының негізгі бір бөлігі және ел экономикасының даму деңгейіне елеулі әсер етеді. Республиканың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 96 мың км; соның ішінде республикалық желі – 23,7 мың км, жергілікті желі – 72,8 мың км, темір жолдар – 14,8 мың км; әуе желісі – 78 мың км. Осы жолдар қаншалықты тиімді пайдаланылады?

Жыл сайын көлік саласы ЖІӨ құрылымында өсімнің оң қарқынын көрсетеді. 2016 жылы көлік секторының үлесі 8,2% құрады. Тиімді көлік-логистикалық желілер ел ішіндегі өнеркәсіптік орталықтарды жақындату арқылы ҚР индустрияландыру процесін жылдамдатуға ғана емес, сонымен қатар өңірлік ынтымақтастықты тереңдету, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік экономикаға одан әрі кіруі үшін база құруға да қабілетті. Оған қоса, Қазақстанның стратегиялық тиімді географиялық жағдайы транзиттік мүмкіндіктерді белсенді іске асыру есебінен едәуір табыс көзін алуға мүмкіндік береді. 

Көлік саласы мен транзитті дамыту "Қазақстан-2050" стратегиясының сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарының басты бағыттарының бірі болып табылады. 2017 жылғы 31 қаңтарда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауында көлік саласын және жаңа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамытудың маңыздылығын атап өткен болатын. 

Көлік инфрақұрылымын жаңарту және логистиканы дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты белсенді іске асыру бүгіннің өзінде өз нәтижелерін көрсетуде. Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдар көлемі едәуір ұлғайды. Ресми статистикалық мәлімет бойынша, 2016 жылғы транзиттік тасымалдардан түскен жиынтық кіріс 267 млрд теңгені құрады. 2015 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш  40%-ға ұлғайған.



Экономикалық қатынастардың ең маңызды құрамдас бөлігі ретіндегі халықаралық сауда мен елдің кәсіпорындары арасындағы экономикалық байланыстардың әрі қарай дамуымен әлемдік саудада, сондай-ақ республиканың экономикасында жүк ағынының қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру мәселесі ерекше көкейтесті сипатқа ие болып отыр. Бұл экономикалық іс-әрекеттерде көліктің ерекше маңызды рөлге ие болумен байланысты. Шаруашылықаралық және сыртқы экономикалық байланыстардың сапасы, тиімділігі және дамуы соның жұмысына байланысты болады. Шаруашылық етудің қазіргі заманғы жағдайларында көлікпен қамтамасыз етуге күн сайын жаңа талаптар қойылуда. Өнімді қатаң белгіленген мерзімде және жоғалтпай, зиян келтірмей және төменгі шығындармен тауарды зақымдамай өндіріс орнынан тұтыну орнына дейін жеткізудің ырғақтылығы, реттілігі, үздіксіздігі, сенімділігі, жоғарғы жылдамдығы көлікпен қамтамасыз етудің тиімділігі мен сапасының маңызды талаптары болыпм табылады. Көлік индустриясы пайдаланушы тараптарынан оған қойылатын таоаптарға сай болуға ұмтылуда. Бұл өнімді өндіру, өткізу және бөлу салаларымен алдыңғы қатарлы көліктік-технологиялық жүйелерді дамытумен және аралас тасымалдаулары тиімді қолданумен; информатика және есептеу техникасы салаларындағы ғылыми жетістіктерді көліктік қамтамасыз етуге ендіру, сондай-ақ, көліктік қатынас кезінде туындайтын әр түрлі ресмиелендіруді реттеу, жеңілдету және үйлестіру туралы нормативтік актілер мен құжаттарды жасау жөніндегі халықарлық және мамандандырылған ұйымдардың белсенді жұмысымен байланысты алғандағы көлікті басқару туралу ғылым ретінде логистикалық тұжырымдамаларын жасаудан және оларды іс іс жүзінде қолданудан көрінеді.

Қазіргі көліктік жүйені жалпы қолдансытағы транспорттар – темір жол көлігі, автомобиль көлігі, теңіз көлігі, өзен көлігі, әуе көлігі, құбыр көлігі және жалпы қолданысқа жатпайтын өндірістік (промышленный) көлігі құрайды. Жалпы қолдансытағы көліктер еңбек өнімін оның тұтыну орнына жеткізе отырып, өндірістік процесті жалғастырады.

Жүк көлігі өнім санын арттырмағанымен өндірістік процестің жалғасы болып табылады, ол матераилдық өндіріске жатады. Өндірістік сфераға жалпы қолданыстағы жолаушылар көлігі де жатады. Бұл көлік түрі

Қазіргі замандағы транспорт жүйесіне ортақ қолданыстағы транспорттар – теміржол транспорты, автомобиль транспорты, теңіз транспорты, өзен транспорты, әуе транспорты, құбырөткізу транспорты және ортақ қолданыста емес – өндірістік транспорты жатады. Ортақ қолданыстағы транспорт өнімді тұтыну орындарына жеткізумен қатар өндірістік процесті жалғастырады.

Жүктік транспорт өнімнің санын арттырмағанменде, өндірістік процесті жалғастыра отырып, материалды өндіріске жатады. Өндірістік салаға ортақ қолданыстағы транспорт тағы жолаушыларды тасымалдау жатады. Бұл транспорт түрі адамдардың кеңістікте орын ауыстыруындағы қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты.Бұл түрлермен қатар транспортта жеке қолданыстағы транспорт түрі бар.

Транспорттың пайда болуы ежелгі заманға жатады. Ежелгі Қытайда, Персияда, Рим империясында әскери мақсатта көптеген қуатты жолдар салынған. Айырбастаудың дамуына байланысты тенізде жүзуде ескекті, кейін желкенді кемелер пайда болды. Тауарларды су жолдары арқылы тасымалдауда құлдар жұмсалды. Транспорт құралдары, өндіріс қажеттіліктері құл иеленушінің қолында болды.


БКЖ қазіргі кезде үлкен дамушы ішкі жүйелердің жиынтығын құрайды, жәнеде олардың өзара әрекеті мүмкіндік береді: 

халықшаруашылығын тасымалдаумен қаматамасыз ету сенімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету;

жүк пен жолаушылар тасымалын рационалды үлестіру нәтижесінде көлік шығындарын қысқарту;

жеке жүйелердің басқару, жөндеу, жобалау мен құрылысқа көңіл бөліп, қызмет көрсететін персоналдар санын азайту және т.б.


Осылайша қазіргі таңда жаңа көлік түрінің қажеттілігін аңғаруымызға болады. Жаңа көлік түрі өзінде барлық біртұтас көлік жүйесінің элементтерінің тек жағымды жақтарын қамтуы қажет деп есептеймін. Осында көлік түрінің баламасы ретінде пневматикалық көлік түрін қарастыруымызға болады.

Пневматикалық көлік – бұл сеппелі және жекеленген жүктерді ауа немесе газ арқылы тасымалдауға арналған орналастырылымдар және жүйелердің жинақтылығы, өндірістік көліктің бір түрі. Пневматикалық көлікті орналастыру құбыр арқылы тасымалданатын материалдармен бірге немесе құбырдығы қысымға байланысты соратын, нагнетательный, қиыстырылған болып келеді. Басқа көлік түрлерімен салыстырғанда пневматикалық көліктің мынадай артықшылықтары бар: көлік жүйесінің герметикалық, оларды әртүрлі өндірістік шарттарды орындауға үйрету және пневматикалық орналастырулардың жұмысын автоматтандыру; материалдарды тасымалдау кезінде пневматикалық орналастыруларды оларды кептіруге, жылытуға және салқындатуда қолдану; өндірістік конфигурацияда құбырларды монтаждау. Пневматикалық көліктің кемшілігі: жоғарғы салыстырмалы энергия шығындары және үлкен металл сыйымдылығы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет