Л. Н. Нұрланова Қазақ Әдебиеті



бет24/67
Дата04.05.2023
өлшемі1,59 Mb.
#176067
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67
Байланысты:
қә 11 1-1
Лабораторная работа №5 виды адресации в электронной таблице MS EXCEL, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Бақылау сұрағы, Графикамен жұмыс, Графикамен жұмыс, Тақырып 5.4. Мобильді қосымшалар, 100 злата королева, 1. ЕМН 10 сынып, Телекоммуникациялық құралдар түрлері, aisha, Биомеханиканың робототехникада қолданылуы (1), Пояснительная (3)
«Шытырманда» деген төртінші тарауда - Абай ел ісіне араласа бастайды. Қолы бос уақытында Фирдауси, Низами, Физули, Науаи, Бабыр сияқты шығыс классиктерінің шығармаларын оқудан бас алмайды. Қаладан қайтқанда екі қоржын кітапты Құнанбай Ғабитхан молдаға арнайы алдырады. Осы кітаптарды Ғабит хан арқылы әкесінен сұратып алып, Абай бір қыс кітап оқиды.
Абайдың ел ісіне араласуы Құнанбай тапсырмасымен «бес қасқа» атанған мықты бес ұлы бар Құлыншақ аулына баруынан басталады. Құнанбай арнайы жібергендіктен, Құлыншақ Абайды баласынбай, жақсы қарсы алады. Абайдың келген шаруасы - борсаққа тиесілі Бетқұдық деген қыстау Ақперді деген кісінің иелігіне өткендіктен әрі биыл пішен шауып алғысы келетіндіктен, Құлыншақтан бұған дейін иеленіп келе жатқан жерге қонбауын өтіну. Құлыншақ:
- Ақперді, Ақперді, Ақперді, Ақпердіге Құдай бақ берді, - дейді. Сонда Абай: - Бақ берген емей немене,
Борсақтан қалған аз жерді,
Менікі деп тап берді деңіз, - деп жалғап әкетеді. Құлыншақ күліп: «Тек осыныңды Ақперді есіткей етті» деп ырза боп қалады. Сөз арасында Құлыншақ: «Айыпқа мал бермеді деп Бөжей жағы қомсынады, білем. Сол кішкене қарындасыңның күтімі де келісті емес деп есіттім-ау? Айғыз байғұс соны сезіп, қайғырады ғой» деген көңілсіз әңгіме бастайды. Абай Құлыншақ жетектеген сөздерге ілеспей, азырақ үндемей отырып, балаларының неге «бес қасқа» аталғаны туралы сұрайды. «Қасқа» дегені - батыр деп айтқаны дейді ғой мыналар», - деп Құлыншақ баласына қарайды. Абай Құлыншақтың бар ойы «бөкенші, борсақтан жер олжа қылмадым» деген арман екенін танып, ішінен наразы боп аттанады. Әкесіне Құлыншақтың көнгенін айтса да, өкпесін айтпайды. Абайдың қасына еріп барған Қарабастан Құнанбай тағы сұрап, бала- сының әрекетін жіті бақылайды. Осының ертеңінде ол Абайдың қасына Қарабасты қосып, енді Тоғжанның әкесі Сүйіндіктің аулына жібереді. Мұнда әкесі тапсырған азды-көпті шаруаны айтқаннан кейін көбінесе әңгіме Қарауыл, Шыңғыс деген атаулардың шығу тарихы, Құнанбайдың әкесі Өскенбайға үлкен ас бергендегі Сүйіндіктің пікірлері мен кейбір жер дауына айтқан билігі туралы сөз болады. Екеуара әңгіме жарастықта өткендіктен, Сүйіндік Абайдың шай ішіп отырған кесесін өзі алып беріп, үлкен құрмет көрсетеді. Бұл үйде де Кәмшаттың жағдайының төмен екендігі айтылады.
Бұл тараудағы маңызды жайт - Абайдың Сүйіндіктің екінші әйелі Қантжаннан туған Тоғжанмен танысуы және кейіннен жақсы досына айналған Ерболмен кездесуі.
Енді Құнанбай Абайды осымен өзіне өкпелі үшінші адам - Байдалыға жұмсайды. Ол - ана екеуі сияқты емес, Бөжеймен тізе қосып, әрдайым жаулықты мықты ұстап отырған адам. Абайдың өзін «шытырман ішіне жалғыз, құралсыз, әлсіз күйде» кіріп бара жатқандай сезінуі арқылы тараудың неге «Шытырманда» деп аталғанын ұғамыз.
Байдалы Абайларды жылы шыраймен қарсы алмайды. Абай «Байдалының Қаршығалы, Қопа деген қоныстарына Сүгір мен Сүйіндік қоса қонсын, бірге жайласын» деген әке сәлемін жеткізеді. Байдалы келісім бергенімен, Құнанбайдың «айналып келіп тек қана жігітек руына» тиісетінін айтып, кінә тағады. Бір кезде Байдалы ызғар шашқан өңін лезде өзгертіп, байсалды қалыпқа түседі. «Ашуы мен сабырын оңай жұмсап, оңай тежеп, оп-оңай бұрып салып отыратын шын ұстамды адамды» Абай алғаш рет көріп, таңғалады. Байсал Базаралының әкесі Қауменнің үйіндегі Қаратай, Бөжей, Байсал бас қосқан бір отырыста «Мырза кім?» дегенде Қаратайдың «Мырза - Құнанбай», «Шешенкім?» дегенде «Шешен - Құнанбай», «Жақсы кім?» дегенде «Жақсы - Құнанбай» дейді. «Онда неге алысып жүрміз?» дегенде, Құнанбайдың «не қылайыны» жоқ қой. Сондықтан кетіп жүргем жоқ па?» дегенін баяндай келе, Абайға әкеңе осы сөздерді осы қалпында жеткіздеп сәлем айтады.
Абай Кәмшат жайын Ұлжан мен Зереге ғана айтады. Аналарының тапсырмасымен, енді Абай Бөжей ауылы Қопа деген жайлауға қонған күні қасына Ғабитхан молданы ертіп, Кәмшатқа келеді. Астында жыртық жаялық, басында жыртық шапанның жеңі, қол-аяғы шидиіп, құп-қу шөлмектей боп, әлсіз жылап жатқан баланы көргенде Ғабитхан молда:
- Ей, мазлума! Нилер ғазап көргенсің сен бейгүна мазлума! (арабша әйел жынысына ғана қаратылып айтылатын міскін әйел деген мағынада) - деп жылап жібереді. Мінез көрсетсе, Кәмшат үшін пайда емес, қайта оның азабын арттыра түсетінін түсініп, Абай ашуын тежеп, бәйбіше берген қымызды да ұрттамай, тез аттанып кетеді. Абай Кәмшаттың әл үстінде жатқандығын үй ішіне тегіс хабарлайды.
- Қайтейін, мен қайтейін?.. Кеше исі арғынның игі жақсысы бұйыр- ды! - деп Құнанбай шешесі Зереге қарап, шарасыз күйге түседі. Ертеңінде Құнанбай жорға Жұмабайды жіберсе, Айғыз да өз тұсынан бір адам жібереді. Бірақ Бөжей кінәсін мойындамай, Құнанбайдың өзіне өкпе айтады. Аз күннен кейін Кәмшат қайтыс болады. Құнанбай мен Айғызға хабар айтпай, Кәмшатты өздері жерлей салады. Жазушы мұның бәрі қатыгездіктің, өшпенділіктің, білместіктің, надандықтың белгісі екенін тәптіштеп жазады.
Бірақ көп ұзамай, кенеттен науқастанған Бөжей де төсекте бес күн жатып қайтыс болады. Байдалы бастаған топ тағы да Құнанбайларға хабар бергізбейді. Сүйегін қыстауы Тоқпамбетке апарып қояды. Бұл тарау «Бөжейдей жұрт жоқтаған жанға топырақ сала алмай қалған жалғыз Құнанбай айналасы болды» деп аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет