ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ
ШЫРАҚБЕК ҚАБЫЛБАЕВ АТЫНДАҒЫ
ҚОСТАНАЙ АКАДЕМИЯСЫ
Психологиялық жұмыс орталығы
ЖАНЖАЛДЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ШЕШУ БОЙЫНША ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ
ДЛЯ СОТРУДНИКОВ ОРГАНОВ ВНУТРЕННИХ ДЕЛ ПО ПРЕДУПРЕЖДЕНИЮ И РАЗРЕШЕНИЮ КОНФЛИКТНЫХ СИТУАЦИЙ
Қостанай 2016
ОӘЖ 343
КБЖ 67.51
Ж26
Баспаға ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының
Ғылыми кеңесімен ұсынылды
Пікір жазғандар:
Сейтжанов О.Т. – ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, полиция подполковнигі
Дубинин С.Н. – ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы педагогика және психология кафедрасының доценті, психология ғылымдарының докторы
ISBN 978-601-312-084-3
Ж26 Жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу бойынша ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР = МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ для сотрудников органов внутренних дел по предупреждению и разрешению конфликтных ситуаций / құраст. О.В. Чиржова, В.С. Касенова. - Қостанай: ҚР ІІМ
Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, 2016. - 76 б. – Қазақша, орысша.
Әдістемелік ұсынымдарда «адам - адам» түріндегі қатынас саласындағы қиын жағдайларымен байланысты мәселелерді ішкі істер органдарының қызметкерлеріне констуктивтік түрде шешуге мүмкіндік беретін әдістер мазмұндалған.
Әдістемелік ұсынымдарда жиі кездесетін жанжалдардың сипаттамасы, олардың себептерінің талдауы және жанжалдан шығу стратегиясының ықтималдық жолдары берілген.
Әдістемелік ұсынымдар ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби психологиялық даярлық процесінде қолдануға арналған.
ОӘЖ 343
КБЖ 67.51
ISBN 978-601-312-084-3 © ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, 2016
УДК 343
ББК 67.51
Ж26
Рекомендовано к изданию Ученым советом Костанайской академии
МВД РК им. Ш. Кабылбаева
Рецензенты:
Сейтжанов О.Т. – заместитель начальника Костанайской академии МВД РК им. Ш. Кабылбаева, кандидат юридических наук, доцент, подполковник полиции
Дубинин С.Н. – доцент кафедры психологии и педагогики Костанайской академии МВД РК им. Ш. Кабылбаева, доктор психологических наук
ISBN 978-601-312-084-3
Ж26 Жанжалды жағдайлардың алдын алу және шешу бойынша ішкі істер органдары қызметкерлеріне арналған ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР = МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ для сотрудников органов внутренних дел по предупреждению и разрешению конфликтных ситуаций / құраст. О.В. Чиржова, В.С. Касенова - Қостанай: ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы, 2016. – 76 б. – Қазақша, орысша.
В методических рекомендациях изложены методы, позволяющие сотрудникам конструктивно подойти к решению проблем, связанных со сложными ситуациями общения в сфере отношений «человек-человек».
Методические рекомендации содержат описание наиболее часто встречающихся конфликтов, анализ их причин и возможные стратегии выхода из конфликта.
Методические рекомендации предназначены для использования в процессе профессиональной психологической подготовки сотрудников внутренних дел.
УДК 343
ББК 67.51
ISBN 978-601-312-084-3 © Костанайская академия МВД РК им. Ш. Кабылбаева, 2016
Мазмұны
КІРІСПЕ 5
ЖАНЖАЛДЫҢ ТҮСІНІГІ 6
ЖАНЖАЛ ТҰЖЫРЫМДАРЫ 7
ЖАНЖАЛДЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ФАЗАЛАРЫ 9
ЖАНЖАЛДЫ ШЕШУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ 10
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛАРМЕН ҚАТЫНАСТАҒЫ ОРЫНДЫ 17
МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ 17
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ІШКІ ІСТЕР ОРГАНДАРЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҰЖЫМЫНДАҒЫ ЖАНЖАЛДЫ ШЕШУ МЕН АЛДЫН АЛУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТРЕНИНГІ 19
ВВЕДЕНИЕ 40
ПОНЯТИЕ КОНФЛИКТА 41
ФОРМУЛЫ КОНФЛИКТА 42
ЭТАПЫ И ФАЗЫ КОНФЛИКТА 44
ТЕХНОЛОГИИ РАЗРЕШЕНИЯ КОНФЛИКТОВ 45
РАЦИОНАЛЬНОЕ ПОВЕДЕНИЕ В ОБЩЕНИИ С ПРАВОНАРУШИТЕЛЕМ 52
ЗАКЛЮЧЕНИЕ 53
ТРЕНИНГ ПО ФОРМИРОВАНИЮ НАВЫКОВ ПРОФИЛАКТИКИ И РАЗРЕШЕНИЯ КОНФЛИКТОВ В КОЛЛЕКТИВЕ СОТРУДНИКОВ ОРГАНОВ ВНУТРЕННИХ ДЕЛ 54
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 75
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ 75
КІРІСПЕ
«Адам - адам» түріндегі мамандықтың ерекшелігін еңбектің басты мағынасының адамдардың арасындағы өзара іс әрекетіне сүйенуі құрайды. Егер өзара іс әрекеті дұрыс қалыптаспаса, онда жұмыс та дұрыс жүрмейді. Ішкі істер органдары қызметкерінің мамандығы адамдармен қарым-қатынас орнату және оны қолдай білуді, адамдарды түсінуді, олардың ерекшеліктерін білуді адамнан талап етеді.
Жанжалдық жағдайлар ІІО қызметкерлерінің қызметінде жиі кездеседі. Жанжалдар әр түрлі және күрделі болады. Тұлғаны қорлау мен зорлау, бұзақылық, тонау, кісі өлтіру, билік өкіліне қарсылық көрсету және т.б. – бұл жанжалдың мысалдары, осылармен полиция қызметкерлері айналысуға міндетті.
Сонымен қатар, ішкі істер органдары қызметкері өз қызметінің нысаны мен пәніне нақты эмоционалдық қатынасты сезінеді.
Қоғамдық тәртіпті бұзушылармен қарым-қатынастың қажеттілігі, осы санаттағы адамдармен өткір, принципиалдық тақырыптарға әңгімелесулер, сол кісілерден жасырын, кейбір кезде олардың жағынан ашық қарсы әрекеттер және тағы басқа ұқсас жағдайлар қызметкердің аса ашуланшақтығына және осы негізде жанжалдың туындауына себеп болады. Сонымен қатар, ІІО қызметкері ұжым мүшелерімен, басшылықпен және т.б. қарым-қатынасқа байланысты жанжалдық жағдайға түседі.
Зерттеу нәтижелерінің қорытындысы бойынша бөлініс басшылары қабылдайтын басқару шешімдерінің 80% дейінгісі жасырын немесе ашық жанжалдарға себеп және негіз болып табылады.
Бұның бәрі басшылық тарапынан кей жағдайда өз ойын еркін жеткізуді болдырмайтын, дискуссия және талқылауға ұмтылу мүмкіндігінен айыратын субординацияның басым әрекетінің күшінен туындайды.
Қызметтік жанжалдық жағдайлардың жиі тараған себептері келесілер:
- еңбектің жағымсыз шарттары, ынталандыру түрлерінің жетілмеуі;
- тапсырмаларды дұрыс тарата білмеуі, қол астындағылардың психологиясын түсінбеуі;
- тұлғалық, жас және тағы басқа күштеріне байланысты сыйыспаушылық;
- жеке адамдардың тұлғалық сипаттамасының мінез бітістерінің, іс-әрекеттің арнайы ерекшелігі, ұжым мен еңбекке қатынасы.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің табысты қызметі ұжымындағы жанжалдық іс-әрекеттің шешу шеберлігіне, жанжалдық жағдайдан конструктивті түрде шығуына байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |