Методические рекомендации для сотрудников органов внутренних дел по предупреждению и разрешению конфликтных ситуаций



бет6/10
Дата28.01.2018
өлшемі1,06 Mb.
#34127
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



5 жаттығу. «Жанжал жағдайлар»
Мақсаты:

- нақты жағдайлармен есептерді шешу;

- әлеуметтік әрекеттестік қиын жағдайларда басқару шешімдерді қабылдауды үйрену.

Материал: алдын ала дайындалған карточкалар.

Тренинг қатысушыларды жұпқа бөлінуді ұсынады.


1 есеп

Сіз кадр бөлімінің бастығы болып жақында тағайындалғансыз. Сіз қызметкерлерді әлі аз білесіз, қызметкерлерде сізді әлі танымайды. Сіз мекеменің бастығына кеңеске бара жатырсыз. Сіз сенектен өтіп келе жатып, екі қызметкерді байқайсыз, олар темекі шегіп қызу әңгімелесіп тұр. Кеңестен қайта келе жатқанда, сіз сол қызметкерлерді тағы да көресіз, олар әлі де темекіні шегіп, әңгімелесіп тұр.



Сұрақ: Осы жағдайда сіз қандай әрекет жасайсыз? Өзіңіздің мінез-құлқыңызды түсіндіріңіз.
2 есеп

Сіз бөлімнің бастығысыз. Бөліміңізде шиеленіс жағдай болып жатыр, жұмыс атқарудың мерзімдері бұзылып жатыр. Қызметкерлер жетіспейді. Түскі асқа бара жатқан кезде, сіз бір апта ауырып қалған өз бөліміңіздің қызметкерін кездестіресіз. Бірақ та ол сап-сау түрінде, сонымен қатар көтеріңкі көңіл-күйде серіктесімен бірге көресіз.



Сұрақ: Осы жағдайда сіз қандай әрекет жасайсыз? Өзіңіздің мінез-құлқыңызды түсіндіріңіз.
3 есеп

Сіздің бөліміңіздің бір қызметкері басқасына жұмыстағы қайталанатын қателер туралы шағым түсіріп жатыр. Екінші қызметкер айтылып жатқан шағымды қорлаған сияқты түсінеді. Олардың арасында жанжал туады.



Сұрақ: Жанжалдың себебі неде? Жанжал жағдайды анықтаңыз.
4 есеп

Бөлімнің бастығы орынбасардың қарамағында жұмыс атқаратын маманды жұмысқа алған. Жұмысқа қабылдау орынбасармен келісілген жоқ. Біраз уақыттан қабылданған қызметкер өз міндеттерін атқара алмайтыны көрінді. Орынбасар осы жағдай туралы қызметтік хат арқылы бөлімнің бастығына баяндайды…



Сұрақ: Бөлім бастығының орнында сіз болсаңыз қандай әрекет жасаредіңіз? Ықтимал нұсқаларды ойлаңдар.
5 есеп

Қызметтік кеңесте қарамағындағы жағынан айтылған сынға бастық оған ұсақ нәрселерге тисіп, оның қызметін бақылауды нығайтты.



Сұрақ: Жанжал себебі неде? Жанжал жағдайын анықтаңыз.

Содан соң жетекші жауап түрлерін талқылауды ұйымдастырады.


Ұсыныстар:

Саралау мен тапсырмалардың жауаптарын талқылаған кезде келесі сұрақтарға зейінді аудару қажет: «Осы немесе басқа шешімді қабылдауға не көмек етті?», «Басшылар айқындалды ма?», «Басшылықты өзіне алғандар өзін қалай көрсетті?», «Әр қатысушының белсенділігі қандай және топ пікірі бойынша белсенділіктің себебі неде?», «Пікірсайыс кезінде топта қандай эмоционалдық атмосфера басым болуда?»

Кері байланыс үшін келесі сұрақтарды беруге болады: «Атқарылған жұмысқа сіздің қатынасыңыз қандай?», «Алынған тәжирибені сіз кәсіби қызметте пайдалана аласыз ба?».

6 жаттығу. «Траекторияны таңдау»

Мақсаты:

- ұжымды біріктіру, көңіл-күйді көтеру;

- өз ұнататынының және бейімділігінің дағдыларын дамыту.

Жетекші бедерсіз бір тиісті музыканы (орташа темпте) қосады және келесі нұсқау береді:

«Адамдардың көбінде бір әдеті бар, бір қиын есепті шешуді ойлану кезде, олар бір тұйық траектория бойынша жүреді. Біреулер шеңбер бойынша жүреді (көрсетеді), екіншісі төртбұрыш немесе ұшбұрыш жасап, шұғыл бұрылыс жасап жүреді (көрсетеді). Ақырында зигзаг траекториямен жүрген адамдар кездеседі (көрсетеді). Осы траектория бойынша бөлмеде жүріп көруге сізде бірнеше минут бар. Өзіңіздің қалауыңыз бойынша сіз жүріп жүрген фигураның мөлшерін үлкейтіп, немесе кішірейтуге болады».

Қатысушылар бөлмеде музыкаға жүре бастайды (бөлменің көлеміне байланысты). Жетекші әрқайсысы ішкі сезімге берілсін деп, орынсыз әңгімелесуді тоқтатады. Әрқайсысы өз таңдауында анықталу үшін 5-7 минут жеткілікті. Жетекші топ қатысушыларына бөлінуді ұсынады: «шеңберлер», «төртбұрыштар», «үшбұрыштар» және «зигзагтар» бөлменің әр бұрышына тұрады.

«Ал енді көріңіз, осы топта сізбен бірге кім? Сіз сияқты осы фигураны ұнататын кім? Сізді бір нәрсе біріктіретін сияқты, бір-біріне бір нәрсемен ұқсайтын сияқтысыз, өйткені осы геометриялық фигураны бірдей тандадыңыз. Топта талқылаңыз, ұқсастығыңыз неде. Неге осы фигура сіз үшін жақын болып көрінді?»

Бес минуттық талқылаудан кейін әр топ жасалған таңдау бойынша өз негіздемесін ұсынады. Қатысушылар түсіндіреді, неге осы таңдалған фигура басқалардан ұнамды және осы фигураны таңдаған адамдарды қалай сипаттауға болатынын айтады. Қатысушылар таңдалған фигура басқалардан ұнамды екенін туралы түсіндіреді. Әр топты тыңдап, кезекші топтың көзқарасын психогеометрия бағыты бойынша жұмыс атқаратын психологтардың пікірімен салыстырады.

Тұлғаның негізгі нысандарына қысқаша психологиялық мінездеме геометриялық фигураны ұнату негізінде қалыптасады.


ТӨРТБҰРЫШ. Төртбұрыш - бұл, біріншіден шаршамайтын еңбекқор. Еңбексүйгіш, ынталы, бастаған істі аяғына дейін жеткізуі, табандылық. Шыдамшылық, сабырлық және реттілік Төртбұрышты өз саласында жоғары дәрежелі маман жасайды. Осынын бәріне ақпаратқа қанбайтын сұраныс қажеттілігі әсер етеді. Төртбұрыштар – түрлі-түрлі деректер топтамалаушылары. Барлық мәліметтер жүйеленген, әрқайсысының орны бар. Төртбұрыштар өз саласында еңбегіне лайық білімдар белгілі болады. Ойлағыштық талдау – төртбұрыштың күшті жағы. Төртбұрыштар бөлшектерге, егжей-тегжеилерге төтенше назар салады. Төртбұрыштар енгізілген тәртіпті ұнатады. Ықшамдылық, тәртіп, ережелерді және әдептiлiкті сақтауы берекесі қашқан жағдайға жеткізеді. Кейбір кезде қауіп-қатермен байланысты шешім қабылдау кез келген кезде, төртбұрыштар шешім қабылдауды ұзаққа созады. Одан басқа, орындылық, эмоционалдық суық төртбұрыштарға әртүрлі тұлғалармен байланыс құруға кедергі болады. Төртбұрыш аморфтық жағдайда тиімділіксіз әрекет жасайды.
ҮШБҰРЫШ. Бұл нысан озаттықты көрсетеді, үшбұрыштардың көбісі осы салада өз жазылған тағдырын сезеді. Үшбұрыштың ең ерекше белгісі – бұл басты мақсатта шоғырлануы. Үшбұрыштар – алға ашық мақсаттарды қойып оларға жететін жігерлі, тоқталмас, күшті тұлғалар. Үшбұрыштар – бұл барлық нәрселерде дұрыс болғысы келетін, өте батыл адам! Дұрыс болғаны және істердің жағдайын басқаратын, өз үшін және басқалар үшін шешім қабылдау сұраныс, Үшбұрышты басқалармен бәсекелесетін тұлға болып көрсетеді. Қай істе де басым болуы – жеңіске, ұтысқа, табысқа жетуі дегеніміз. Ол шешім қабылдауға қобалжитын адамдарға шыдамсыз болып және жиі ықтимал етеді. Үшбұрыштар өзінің дұрыс еместігін ұнатпайды және өз қателерін әзер мойындайды. Үшбұрыштар – мақтау сүйгіштер. Төртбұрыш үшін атқарылатын жұмыстың жоғары сапасына жетуі болса, үшбұрыш жоғары дәрежеге жетуі, мансапты жасауы - намыс ісі болып табылады. «Үшбұрыш» нысанының ең басты жағымсыз сапасы: дарашылдық, өзіне бағыттану. Үшбұрыштар билікке қол жеткізу үшін ештеңеге қарамай біреулердін басып өтеді. Бұл уақытта ешкім тоқтатпаған «өтірікке салынып кеткен» үшбұрыштарға жақын. Үшбұрыштар барлығын және барлықтарын өзінің қасында айналып жүруге мәжбүр етеді, оларсыз өмір өз қауіптілігінен айырылып қалушы еді.
ШЕҢБЕР. Бұл үйлесімділіктің мифологиялық рәмізі болып табылады. Шеңберді тандаған адам жақсы тұлғааралық қатынасты қалайды. Шеңбер үшін жоғары құндылық – адамдар, олардың берекесі. Шеңбер жиі «желім» ретінде әрекет жасайды, жұмыс ұжымым, отбасыны біріктіреді, басқаша айтқанда топты тұрақтандырады. Олар жоғары сезімділікке, жан құбылысы қабілетке, қайғыға ортақ болуға, басқа адамның жан-құбылысына эмоционалды әсер ете алады. Әрине, адамдар шеңберлерге қарай тартылады. Шеңберлер адамдарды тамаша «оқиды», бір минутта өтірікшіні танып қалады. Олар бейбітшілікті сақтауға тырысады, кейде сол үшін «қатты» позицияны ұстаудан және кең тарамаған шешімдерді қабылдаудан бас тартады. Шеңбер үшін ең қиыны – бұл тұлғааралық жанжалқа кіруі. Барлығы бір-бірімен тату жүрген, Шеңбер үшін бақыт. Сол себепті Шеңберде біреумен жанжал туған кезде, Шеңбер бірінші жол береді. Шеңберлер тапқыр емес, «саясат ойындарда» нашар және жиі өзін және өз «командасын» көрсете алдмайды. Бұның бәрі Шеңберлердің күшті тұлғалар үстінен жоғары алатынға апарады, мысалы, Үшбұрыштар. Шеңберлерді билік кімнің қолында болатыны қатты мазаламайды. Барлығына қанағат болса, айналады бейбітшілік болса болды. Бірақта Шеңберлер бір нәрседе ғана қызығарлық бекемдік сақтайды. Іс жүзінде мораль немесе әділеттілік сұрақтар қарастырылса, олардың ойлану стилін басты белгілері – мәселенің субъективтік факторларға бағыттауы (құңдылықтар, бағалар, сезімдер және т.б.) және қарама-қарсы көзқарастарда ортақ болуды табуға талаптанады. Шеңбер- тумысынан психолог деп айтуға болады.
ЗИГЗАГ. Бұл пішін басқасына қарағанда жалғыз алшақ салынған және бірегей пішін болғандықтан шығармашылықты білдіреді. Зигзагтың ойлау стильдің синтетикалық стилінен басым болады. Әр түрлі ұқсамаған ойлардың құрамдауы және оның негізінде жаңа, өзіндік бір-нәрсені құруы – Зигзагтарға ұнайтыны осы. Шеңберлерге қарағанда, Зигзагтар консенсуста мүдделі емес, олар жаңа концепцияны құрып, осы концепция арқылы жанжалды шешеді. Өзінің табиғи тапқырлығын қолданып, олар жаңа шешім табуға «басқалардың көзін ашып» сықақ сөз айтуы мүмкін. Зигзагтар жақсы құрылған жағдайларда өнімді еңбек ете алмайды. Оларды айқын тік және көлденең байланыстар, қатал белгіленген міндеттер мен жұмыс тәсілдері түршiктiреді. Оларға жұмыс орында үлкен әр түрлік және жоғары ынталандыру деңгейі қажет. Одан басқа олар өз жұмысында басқалардан тәуелсіз болғанын қалайды. Сонда ғана Зигзаг жанданады және жаңа ойларды және жұмыс тәсілдерін ойлап тауып - өз негізгі тағайындауын атқаруды бастайды. Зигзагтар болашаққа ұмтылады және шындықтан көрі, мүмкіндікке қызығушылықты білдіреді. Басқалар үшін зат әлемі сияқты, ой әлемі олар үшін шынайы болып табылады. Зигзагтар – өз айналадағыларын түрткілеуге қабілетті және өз ойларын шаршамай насихаттаушылар болып табылады. Бірақ оларға саясаттылық жетпейді: олар шыдамсыз, өте экспрессивті («шындықты көзге басады»), оғаштық үшін олар өз ойларын өмірге жиі келтіре алмайды. Сонымен қатар, олар нақты бөлшектерді жетілдіруде күшті емес (осысыз ойдың өмірге келуі мұмкін емес) және істі аяғына дейін жеткізуге табанды емес (ойдың жаңалығын жоғалтқаннан ойға ықылас жоғалады).

7 жаттығу. Қатынастағы қиын жағдайларды талдау
Мақсат:

- қатынастағы қиын жағдайларда талдау әдістемесімен танысу.



Кіріспе ескертулер:

Психологиялық дайындық процесінде, тәжірибелік психолог, осы аудитория үшін маңызды болатындай, адамдар арасындағы қарым-қатынастың бұзуы, жиі істелінетін типтік қателер кездесетін қатынас жағдайларды ұжымдық талқылауға қажеттілігімен жиі соқтығысып қалады.

Қиын жағдайларды талқылау әдістемесі әдеттегі дисскуссиялық тобының жұмысынан айыра алады. Процедура талқылаудан басқа рөлдік ойынның элементтерін қосады, сол себептен тәртіп белгіленеді. Мәселенің әзірлеу процесі индуктивті түрде жүргізіледі. Психологиялық топ қатысушыларға маңызды өмірдегі нақты жағдайын таңдайды. Оның негізінде жатқан психологиялық мәселені анықтап және ұғынып, топ жұмысының процесінде қадам бойынша талқыланады. Осыдан кейін, топ, осы мәселенің адамгершілікке негізделінген және психологиялық тиімді шешу жолдарын белгілейді.

Әдістеме үлкен аудиториямен жұмыс істеген кезде ыңғайлы болады (10-20 адамға дейін).

Жетекші өзінің алдына жеке және жалпы мақсаттарды қояды. Топтағы жұмыстың жеке мақсаты оған қатысушылардың тәжірибелі маңызды коммуникативтік мәселені шешуге көмек көрсетуінде болып табылады. Жалпы мақсат – топ мүшелерінің әлеуметтік интеллектінің дамуы: әлеуметтік-психологиялық көзқарасын кеңейту, жағдайларды психологиялық талдауына үйрету, әңгімелесушінің көзқарасын түсіне және өз әрекеттерін көбірек ұғынуына үйрену, басқа қызметкерлерімен қатынастың моральдық-психологиялық деңгейін жетілдіру.

Жұмыс тәртібі:

Қатынастың қиын жағдай әдісіне үйренуі кіші топта 3 сатыдан құрылады:

Жетекші демонстрациялық сабақ өткізеді, одан кейін оны топ қызметкерлерімен талқылайды.

Дайын бағдарлама бойынша қызметкермен өзіндік сабақтарды жүргізу.

Қызметкермен анықталған мәселе бойынша өзіндік сабақ жоспарын дайындау.
Әдістеме.

Нөлдік кезең – сабақ дайындығы – бағдарлама-сценарийді жазудан тұрады. Бұл жұмыс психологпен бірге жұмыс атқаратын қызметкерлердің кәсіби мәселелерін жақсы білуін талап ететін ең қиын жұмыс болып табылады. Психологқа қосылған бақылау, сұхбаттасу және зерттеудің басқа әдістері осы топқа кәсіптік табыстылыққа әсер ететін ең маңызды коммуникативтік мәселелерін анықтауға көмек көрсетеді Содан кейін психолог топ жұмысының мәселесінің жүзеге асатын нақты жағдайын тандау керек. Одан әрі ол ұжымдық талқылау үшін процедураны ұйымдастырады.
Кіші топты құру

Жетекші тренингке қатысушылардың арасынан 6-8 адамды таңдайды. Кіші топ аудиторияны репрезенттеуін жасайды. Топ құрған кезде, жетекші жынысы, жасы, кәсіби тәжірибе арқылы айрылуын қадағалау керек. Осындай әрекет топта әртүрлі пікір, көзқарас, реакцияның күрделі ауқымын кұрады. Артық біртектестендірулік топ аз өнімді болады. Талқыланатын мәселе бойынша қызметкерлерді іріктеудің қосымша критерийлері енгізеледі. Топ сценада көрермендерге бетімен қарап орналасады. Жетекші топта шеткі орын алады.


Мәселемен танысу

Жетекші алдағы жұмыстың тақырыбын және мақсатын атап, қысқа кіріспе жасайды және талдау пәні болатын нақты жағдайды ұсынады. Жағдай көрсету түрлері әртүрлі болуы мүмкін. Жетекші жағдай бейнелеуін бейнежазбаны көрсетуден, сценка көрсетуден бастау мүмкін. Жағдай жинақы, қысқа, бір-екі адаммен байланысты және әртүрлі шешім нұсқа беруге мүмкіндігі бар болу тиіс.



Мысал

Әр түрлі бөлімінің мен қызметіңің қызметкерлеріне психолог аудиторияда, бөлім бастығының қарамағындағыларына өтініштің жетістігі немесе жетістік болмауы неден тәуелді, деп талқылауға ұсынады. Жағдай сипатталады: Жұма күні, жұмыс уақытының аяғына таман, бөлімнің бастығы аяқ астынан ертеңгі іс-шараға акт залын әзерлеу, стендтерді ресімдеуіне екенің есіне түсіреді. Барлық қызметкерлер жұмыс уақытында орындарында болған кезде осы туралы ол ұмытып кеткен, ал енді ол кешігіп калған екі қызметкерді айтып көндіруге ғана үміт қылады. Бөлімнің бастығы оларға айтады: «Жігіттер, сіздер жұмыстан кейін қалып, маған өте шұғыл істе көмек көрсете аласыздар ма – акт залын ертеңгі іс-шараға әзерлеу керек. Қызметкерлер жауап береді: «Неге біз? Бүгін біздің қолымыз бос емес». Бір қызметкер театрға баратынын, екіншісі отбасымен ауылға баратынын айтады.

Жетекші топ қатысушыларына, бөлім қызметкерлері бастығына көмек көрсететіндей, бөлім бастығы тұлғадан бірнеше реплика ойлап табуға ұсынады.

Типтік реакция жинақ банкі

Осы кезеңнің мақсаты ұсынылған жағдайда қызметкерлердің әртүрлі мінез-құлық нұсқаларының арасынан ерекшелерін анықтап, жинауы. Топтың әр қатысушысы кейіпкердің орнында болса жауап беретін нұсқасын айтып береді. Барлық топ айтып болған кезде, жетекші залда отырған көрермендердің арасындағы бақылаушы қатысушыларының банкін қызық ұсыныстармен толтыра алады. Бұның бәрі одан әрі талдау материалын құрайды. Кейбір кезде осындай материалды жетекші алдын ала жинайды және топқа оны ойын түрінде ұсынады.

Осы кезеңде келесі психологиялық міндеттер шешіледі:

1. Таныстық берілген жағдайдағы әртүрлі қызметкерлерден жауаптардың кең репертуары мінез-құлықтық тәжірибені байытады, эмоционалдық түрде жағдайды сезуге мүмкіндік береді.

2. Ұсынылған нұсқалардың әртүрлілігі салыстыруға мәжбүр етеді, ұсынылған шешімдерден көптеген ұғым пайда болып, сонымен таңдау мәселесі туады.
Жағдай шешімінің ұсынылған нұсқаларын салыстыруды талдау мен талқылау.

Осы кезеңде жетекші талқыланатын жағдайдың қатысушысының әрекет тиімділігі бағалау екілік критерийлерді енгізу қажет. Коммуникативтік мінез-құлық тиімді болып саналады, егерде жағдай қатысушылары өз алдындағы тәжірибелік міндетін ойдағыдай атқарған кезде және бір-біріне оңды қатынасты сақтады немесе қалыптастырды.

Қызметкерлерден іс-шараға акт залын әшекейлеуге көмек сұраған бөлім бастығы мысалына қайта оралайық. Топтық талқылау басында қатысушылар жеке өтініш жағдайын анықтайды, қайда екі жақтың позициялары (бастық – қарамағындағы) бір деңгейде, сатылық бойынша бір-біріне қатар бағынбайды, өйткені қызметкер өтінішті орындай алады, немесе өтінішті қабыл алмайды.

Содан соң топ сабақтың әр қатысушысының жауабының тиімділік екі критерийдің көзқарасынан қарап нақты талқылаудан өтеді.



Жауаптың үш нұсқасын қарастырайық.

«Жігіттер, біз акт залын әзерлеуіміз керек! Бұл маңызды іс-шара. Оны орындау керекпіз, немесе біз бастықтың және ұжымның алдында қиын жағдайға тап боламыз! Егер сіздер кәзір кетіп қалсаңдар, жылдың аяғы жақындады және қызметкерлерді көтермелеу туралы сұрақтар шешілетінін ұмытпаңдар».

«Жігіттер, мен сұмдық жағдайға түстім. Мен барлықтарыңа ертеңгі іс-шараға акт залын әзерлеу туралы айтуға мүлде ұмытып кеттім. Жанжал туып, маған қатал сөгіс беру мүмкін! Сендерге ғана үмітім қалды. Қалыңдаршы. Үйде тоса турады, театрға бір жарты сағатқа қалуға болады».

«Жігіттер, отбасы, мәдениетті іс-шаралар маңызды екенін түсінемін. Мен сіздерден талап ете алмаймын, тек қана өтінемін. Кешіресіңдер, ертеңгі іс-шараға акт залын әзерленуі туралы барлықтарыңа ескертуді ұмытып кеттім. Мұнда бір 40 минутқа жұмыс болатын шығар. Уақыттарың қалай? Маған бір 20 минут уақыттарыңды бөлсендер, бұл маған үлкен көмек болады.Қалғанын мен өзім істей саламын. Келісесіңдер ме?».



Осы жағдайға байланысты, әріптестер көмек беруге қалама және қандай күймен оны жүзеге асыратынымен тиімділік критерийлері анықталады. Осы критерийлерді есепке ала отырып, бөлім бастығының әртүрлі жауаптарын (1,2,3) топтық талқылауын бағалауға және таратуға болады. 1 мен 2 жауап нұсқалардың сыртқы ерекшеліктеріне қарамай, топ қатысушылары жауаптардың міндеттерді атқаруға басым болуы мен қызметкерлерімен менсінбеуі сияқты арасындағы ұқсастығын сезеді. Бөлім бастығы олардың жоспарларымен есептеспейді, уақыттарын бағаламайды, өз мүдделерінен шығып, манипуляция жасайды (қорқытады, аяушылық етуге тырысады).

Жетекшінің негізгі міндеті – топ қатысушыларға байқағыштықты және психологиялық ақпаратты өңдеуде дәлдікке тәрбиелеу мақсатында, бөлек репликаларда микроанализ жасауға көмектесу. Сонымен, бөлім бастығы өз әріптестерін құрметтейтінін, расында олармен байланыста екенін, 3 жауапты талқылаған кезде аңғарамыз - оларды естийді, олардың жоспарларының маңыздылығын және уақыт құндылығын біледі, өтініш жағдайын ұмытпай, жағдайды өздеріне шешуге рұқсат береді деген, бұл жалғыз нұсқа екенін байқауға болады.

Тобының осы жұмыс кезеңінде келесі психологиялық мәселелер шешіледі:

Топ қатысушылары шарттары, ережелері, мінез-құлықтары, бөлек қадамдардың алдан білу салдар жиыны бар коммуникативтік есептері сияқты қатынас жағдайларды қарастыруға үйрену керек.

Репликалардың микроанализі және коммуникативтік тиімділігінің критерийлердің қолдануы қатынас жағдайларда топ қатысушылардың өз-өзін бақылауын жоғарлату керек және кездейсоқ-интуициялық шешімдермен немесе бағалармен қанағаттанбады үйрету.

Топ қатысушылары жағдайдың ішкі психологиялық құрамын таңдауын үйрену керек (қызметкерлердің позициясы, олардың жүргізуші себептері мен мақсаттары, әріптеске қатынасы және т.б.).


Нақты жағдайды талқылау нәтижелерін қорыту және тереңдетілген психологиялық мәселенін қойылуы.

Өткен кезеңде топпен алынған материалда адам өзінің жетістігіне әртүрлімен жолымен жететінің көрнекті көрсеткен. Кәсіптік қызметі қатынас негізін құрайтын қызметкерлер психологиялық оқыту процесінде қатынас «технологияның» сыртқы жағымен және нәтижелер мен сезімді нәтижелерді жетуге көмек беретін тәсілдерімен басып алу. Осы кезеңде жетекші топқа жағдай әзірлеудің тереңгі деңгейіне жетуге көмек береді және өзара әрекеттесетін серіктестердің мақсаты туралы сұрақ қояды. Ол топ мүшелерін серіктеспен өзара қатынастың психологиялық маңыздылығын және өз мақсаттарын сезінуге үйрету керек.

Ықылас нәтижелі қатынаспен шындықта шығатын нәрсенің арасында жарылыс мәлім болса, онда шындығында осы топ үшін жағдай субьективті түрде қиындайды. Топ мүшелері үшін қиын жағдай негізінде жататын тереңгі психологиялық мәселені тұжырымдауды бірлесуге маңызды болады. Бөлім бастығының қызметкерге өтініші жетістікке жетпеуі, сол қызметкерден тіршігу мен сол өтінішті қаламауы айтуға істеу білмеумен емес, өзінің артықшылықтың ішкі сезіммен, оны өтінуге қаламауы, оның алдында «қорланумен» байланысты.

Топ жұмысының осы кезеңнің нәтижелерін қорытындысын жасағанда, жетекші топ мұшелеріне талқыланатын материалдың қорыту процесіне келесі тұжырымдарға көмек көрсету керек:

Мақсаттарға байланысты, ынталылықты, жауапкершілікті, дербестікті басу немесе жоғарлатуды өз тәжірибесінде табу – қажетті нәтижелерге әртүрлі мінез-құлықтың әдістер апарады.

Мен кіммін, не үшін осыны істеп жатқанымды ұғымбай, кез келген жағдайда өзін ұстауға үйренуі жетістікке жеткізбейді. Бұл жерде жетекшінің орынды түсініктері қатынасқа «рецептурлық» үйренуінің шамасы жоқтығын оңай көрсетеді («Айтыңызшы бізге, қалай істеу керек») және аяғында адамдармен қатынас әдісі болған манипуляцияның арсыз болғаны ашылады.

Топпен немесе оның мүшелерімен тереңгі психологиялық мәселені сезіну және қабылдауы үлкен тұлғалық коммуникативтік хабардарлыққа қадам жасауға мүмкіндік береді.
Топпен жаңа мінез-құлықтың тамаша үлгісін әзірлеу.

Топ жаңа, барабар қоңдырғыны талқыланатын жағдай мен қатысушы кейіпкер жайында осы жағдайдағы мінез-құлықтың тамаша үлгіні қалыптастыруға мүмкіндігі туады. Мысалы, өтініш жағдайда оны талап жағдайымен араластыруға болмайды, әріптестің мүмкіндіктерін, оның ықыластарын еспеке алып, өтініш көлемін айқындық анықтау қажет. Топ қатысушары жаттығу процесінде өз мінез-құлықтық репертуарына осы жаңа үлгіні жетекші қол астында еңгізуді бастайды.


Жетекшіге ұсыныстар:

- жетекшінің мінез-құлығы топ мүшелері үшін үлгі болып табылады;

- жетекші әр уақыт назарлы болу тиіс, мәселені шешуге ең маңызды пікірлерді еске сақтап және оларды мезгіл-мезгіл айту керек, қорытындыларды айқындық шығару тиіс;

- жетекші бағдарламаға сәйкес топтық жұмыс процесін ретке келтіреді және кіші топ қатысушылар мен бақылаушыларға тиісті ұсыным беріп, белсендігін мадақтайды.


Бақылаушылар нұсқауы:

Сіздің міндетіңіз – психолог-бақылаушының дағдыларын көрсету. Мәселе барысында әсер еткен негізгі психологиялық кезеңдерді жазба түрде белгілеп қойыңыз. Осы тапсырма аяқталуымен келесі сұрақтарға жауаптарды дайындап қойыңыз:

- Жетекші қатысушылардың ой талқылауын және барлық ұсынымдарды қаншалықты қолданды?

- Барлық топ мүшелері жұмыстағы өз қатысуымен қаңағаттанылды ма?

- Талқылау қорытындылары психологиялық түрде қаншалықты әдепті сәйкес талданды?

- Жетекшінің талқылау кезіндегі мінез-құлықтағы ең сәтті кезеңдері мен олжалары қандай?

Осы жаттығуды өткізу үшін келесі тақырыптарды қолдануға болады:

- мақұлдау мен мадақтау;

- басшының қол астындағыларға және т.б. қатысты сын сөздері.

8 жаттығу. Дидактикалық ойын «Сын өнері»
Мақсаты:

- қызметтік қарым-қатынас жүйесіндегі тиімді қатынастың бір түрі болып, қызметкерлерде конструктивтік сын дағдыларын дамыту;

- қызметкерлерде қиын жанжал жағдайларда үйлесімді шешімдерді қабылдау шеберлігін қалыптатыру.

Материалдар: алдын ала дайындалған карточкалар.

Ойын барысында қызметкерлер 3-4 адамнан ойын топтарға бірігеді. Әр топқа жағдайлар және тапсырмамен бірдей жиынтық карточкалар беріледі: ұсынылған жағдайлар талқыланады, сын ескертулер дайндалады (бір жағдайды талқылауына 5 минут уақыт беріледі).

Одан әрі ұсынылған сын түрлерін талқылау және арасыннан ең конруктивтік түрлерін өңдіру бойынша топ аралық дискуссия беріледі.
1 жағдай

Сіздің қол астындағы, кемеліне келген және дарынды маман, ІІО-нда көптен қызмет істейтін қызметкер, мәртебесі және тұлғалық жетістіктері бар, қызметкерлердің арасында үлкен абыройы бар, қайсысы болсада мәселерді шеше алады және ұжымда қарым-қатынасы жақсы. Бірақта, сізде осы қызметкермен қатынас қалыптаспады. Ол сізді бастық ретінде қабылдамайды, ол кеудемсоқтық және өз-өзіне өте сенімді.

Сіз оның жұмысында кейбір кемшіліктерді тауып алдыңыз, сол себептен оған сын ескертулерін айтуға шешім шығардыңыз, бірақта, сіздің алдыңғы тәжірибеңіз оның сынға жағымсыз реакция болғанын куәландырады: ол ашуланады және сақтық білдіреді. Өзінді қалай ұстау керек?
2 жағдай

Қысқа сөгістің сонынан сіз қызметкерге бірнеше жақсы жылы сөз айттыңыз. Әріптесіңізді сыртынан қарай отырып, сіз оның түрі алдымен шамалы қатайғандығын сосын тез арада көңілдегенің байқадыңыз. Содан соң ол көңілденіп әзіл айта бастады, бірнеше жаңа анекдот пен бүгін үйінде болған жағдайды айтты.

Әңгімелесудің сонында сіз сыннан бастаған әңгіме қабылданбағандығын, тіпті ұмытып қалғанын түсіндіңіз. Мүмкін, ол әңгімелесудің жақсы жағын ғана естіді. Сіз не қандай шара қолданасыз?
3 жағдай

Әр кезде, өз қарамағындағыларыңыздың біреуімен байсалды әңгімелесуді жүргізіп жатқан кезде, сіз оның жұмысына сын айтып, ол неге олай жасағандығын сұраған кезде, ол үндемей құтылады. Бұл қылық сізге ұнамайды, сіз оның үндемеуі неге байланысты екендігін, сынын қабыл алама жоқпа, сіз реңжисізбе, ашуланасызба, сіз осыны мүлдем түсінбейсіз. Жағдайды өзгерту үшін сіз не қабылдауды ұсынасыз?


4 жағдай

Сіз өзіңіздің бір қызметкеріңізді сынайсыз, ол оған эмоционалды әсер етеді. Сіз әңгімелесуді әр кезде тоқтатасыз және әңгімені сонына дейін апармайсыз. Міне дәл қазір сіздін ескертулеріңізден кейін ол жылады. Оған өзіңіздің ойыңызды қалай жеткізесіз?


5 жағдай

Сіздің бөліміңізде дәлелденбеген әрекет жасайтын бірнеше қызметкер бар. Сіз оларды бірге жүргенің көресіз, сол кезде олардың арасындағы формалды емес жетекші кім екенін сіз білетін сияқтысыз. Сізге оларды жұмыс орынында «көңіл көтеру» жасаудын орнына жақсы жұмыс жасауға мәжбүрлеуге қажеттісіз. Оларды қандай қызығушылық біріктіретінің, сіз білесіз. Сіз жағдайды өзгерту мен жұмысты жақсарту үшін не істейсіз?


6 жағдай

Сіз жұмысқа жас қабілетті заңгерді (жаңа ғана институтты тәмамдаған) қабылдадыңыз, ол өз жұмысын мүлтіксіз орындайды. Ол бірнеше кеңестер өткізді, қызметкерлердің оған өте көңілдері толады. Сонымен қатар, ол басқа қызметкерлермен қарым-қатынаста, әсіресе кіші инспекторлармен қатаң және тура. Сіз күн сайын оның мінез-құлығына байланысты сіздің бөлімнің қызметкерінен жазбаша хат аласыз. Жас маманға ұжымдағы қарым-қатынасы бойынша қандай ескертулер және қалай жасау керек?


7 жағдай

Бөлімдегі жалпы жиналыс кезінде келесі тоқсанға арналған іс-шаралар жоспарына жасалған ескертулерді қабылдамай сіздің қызметкеріңіз өз-өзін ұстай алмай шамданды. Сіз қызметкеріңіздің бұлай істеуіне жол бересізбе, бұл сіздің абыройыңызды түсіреді ғой. Сіз не істейсіз?


8 жағдай

Сіздің орынбасарыңыз өте тәжірибелі маман, ол өз жұмысын «өзінің бес саусағындай» біледі, оның орны бөлек, ол қасыңызда болса бәрі жақсы болатынына сенімдісіз. Бірақ, сіз оның өте қатал адам екенін, оны ешқандай «адамгершілік жағдайлар» қызықтырмайтынын білесіз. Осыған байланысты соңғы кезде ұжымның мазасы кетті, кейбір қызметкерлер кетуге арыз бермекші, ол оларды ренжіткен. Сізден жұмыстан тыс жағдайда онымен сөйлесіп көрдіңіз, бірақ ол сіздің айтқаныңызды түсінгенде жоқ, өйткені оны тек жұмыс жоспары ғана қызықтырады. Өзіңіздің орынбасарыңызға қызметкерлермен қарым-қатынастағы стилін өзгерту үшін не істеу керек? Сіз не істейсіз?


Кейбір нәтижелер:

Өз қызметкеріңізді сынай отырып оның жеке ерекшеліктерін түсіну. Сондықтан бір адады қатты ұрысуға болады, басқасына – жанашырлықпен, тіпті күш беретін сөзбен, кейде мақтап қарау керек. Мысалыға: «қалайша бұлай болды? Сондай талантты қызметкер, ал жұмысы өте төмен деңгейде орындалған».

Егер сіздің қызметкеріңіз сізге бастық ретінде теріс көзбен, сынай қараса, онда оны теріс бағаламау керек. Оларды міндетті түрде позитивті түрде, қызметкердің мінез-құлығын айта отырып қарау керек: инициативтілік, адамгершіліктік, іске шығармашылық көзқараспен қарау.

Қызметкерге қатысты сотталғанға, айыптыға, күдіктіге қолданылатын сынаудың барлық түрін қолдануға болмайды.

Бастыққа қатысты сынаудың формаларын одан да аз қолдану қажет.

Жария сынаудың ерекше талаптары бар. Ол:

принципті, сын айтушы тек қана өзінің көзқарасын айтып қана қоймай, сонымен қатар өзінің атынан ба, ұжымның атынан ба екендігін нақты білуі тиіс;

дәлелденген, фактілер мен мысалдарға негізделген;

ашық, жария;

тілекшіл, аяушылық сезімі бар, өйткені сын адамды өлтірмейді, оның өзінің бойындағы кемшіліктерін түзеуге итермелейді;

конструктивті, нақты айтқанда кемшіліктерді жоюда анықталған ұсыныстарды қолдану;

лауазымына байланысты емес әр қызметкер сынаушының да, сыналушының да ролінде болуы мүмкін.



Жаттығудың жалпы қорытындысы:

Басқа адамдарды өкпелеусіз және ашусыз позитивті түрде сынауды үйрену қажет. Егер сынау сіздің атыңызға бағытталса, ең бастысы қаңдай болса сыннан дұрыс тұжырым алып, келешекте сынды туғызатын әрекет жасамай немесе сөйлегенде өзінді ұстау керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет