Ауыз қуысының биохимиясынан жазбаша емтиханның
билеттері
Редакциясы: 1
беттіңбеті
Бекітілген
Биохимия кафедрасының меңгерушісі
____________________ К.О.Шарипов
«19» қазан 2021 ж.
№1 Жағдайлық есеп.
Науқас жалпы әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына, көзінің көруі төмендеуіне, ауыздың және көздің шырышты қабығының қабынуына шағымданды. Тексеру кезінде дерматит, хейлит (ангулярный стоматит), глоссит, тілдің, еріннің шырышты қабығының қабынуы, әсіресе ауыздың бұрыштарында қабыну және қабақтың васкуляризациясының жоғарылауы, катаракта, анемия анықталды.
Патологиялық жағдайдың себебі қандай витаминнің жетіспеуі.
В2 өсу витаминінің жетіспеушілігі
Аты аталған витамині бар коферменттерді жазыңыз.Осы коферменттері бар ферменттерді атаңыз
Коферменттері: ФАД, ФМН. Осы коферменттер бар ферменттер: флавопротеиндер (сукцинатдегидрогиназа)
Аталған ферменттер қандай реакцияларға қатысады, олардың ауыз қуысындығы маңызы
Аталған ферменттер тотығу-тотықсыздану – ҮКЦ, биологиялық тотығу тізбегі, БМҚ бета тотығу реакцияларына қатысады. Сілекей бездерінің жасушаларының қызметі олардағы өзгермелі процестермен қамтамасыз етіледі. Бұл процестерге қажетті АТФ мөлшері глюкозаның аэробты тотығуы, жоғары май қышқылдарының β тотығуы, аминқышқылдарының және басқа да органикалық молекулалардың ыдырауы кезінде түзіледі. Бұл метаболикалық жолдар ЭТТ жұмысымен байланысты, оның жұмысы сілекей бездерін оттегімен жеткілікті қамтамасыз етуді қажет етеді. Яғни ауыз қуысындағы процестер үшін энергия көзі болып табылады. Олардың жетіспеушілігі сілекей түзілуі бұзылыстарына, нәтижесінде ауыз қуысы тіндерінің қоректік қызметі, буферлік жүйесі және қорғаныс механизмі төмендейді.
№2 Жағдайлық есеп.
Коллаген нәруыздарының синтезіндегі кез-келген бұзылыстар, ең алдымен, тіс-жақ жүйесі жағынан өзгерістерге қызыл иек қанауы, тістердің қозғалғыштығы және түсуі, кариес түріндеі байқалады. Коллаген нәруыздар синтезінің бұзылуына әкелетін себептер әртүрлі-организмде С, РР және В6 витаминдерінің, Cu2+ иондарының жетіспеуі, генетикалық ақаулар және аутоиммундық жағдайлар.
Бұл белгілерді түсіндіру үшін:
а) Осы витаминдерінің қатысуымен коллаген мен эластин түзілу кезінде жүретін реакцияларды жазыңыз, ферменттерді атаңыз;
б) аталған реакциялар коллаген мен эластиннің түзілуінің қандай сатыларында жүретінін көрсетіңіз;
в) осы реакциялар барысында түзілетін өнімдердің коллаген мен эластин құрылымдарын тұрақтандырудағы рөлін сипаттаңыз.
№3 Жағдайлық есеп.
Стоматологиялық көмекке жүгінген науқаста орташа ауырлықтағы дәрежедегі пародонт ауруы анықталды. Аталған ауру кезінде ұсақ қан тамырларының, әсіресе ауыз қуысының тамырларының микроциркуляциясы нашарлағаны анықталды. Тіс дәрігері пациентке қандағы ТАГ, холестерол, ТТЛП және ТЖЛП деңгейін тексеруге кеңес берді.