Тәрбиенің тарихи тәжірибесі мен ұлттық ерекшеліктерін теориялық тұрғыдан негіздеп, бала тәрбиесіндегі жаңа тәрбие түрлерін, ойын түрлерінде тәрбие әдістерін пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау.
Қазіргі кезде жас ұрпақты тәрбиелеу жолында қолданылатын тәрбие әдістерінің ерекшеліктерінің мағынасын ажырату. Бұл жөнінде ой-пікірлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделі үдерістерді талдау,тәрбиенің қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы рөлін айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкім де жоққа шығара алмайды. Жалпылама дүниетанымдармен қатар жоғалып келген немесе бұрын күштеу нәтижесінде айрылған аса маңызды қасиеттердің орнын толтыруда адамның рухани мәдениетінің негізін қалау тек мектепте тәрбие әдістеріне түрлендіру арқылы ғана жүзеге асырылады.