Оқу жылының жоспарына сәйкес І



бет1/2
Дата30.01.2022
өлшемі23,97 Kb.
#116139
  1   2
Байланысты:
Сыбайлас жемқорлық


«І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020-2021 оқу жылында өткізілген іс-шаралар туралы

Анықтама


2020-2021 оқу жылының жоспарына сәйкес «І.Есенберлин атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын және мемлекеттік қызмет туралы заңнамаларын оқытуға байланысты іс-шаралар жоспары түзіліп бекітілді.

04.09.2020ж күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңымен таныстыру мақсатында мектеп әкімшілігі, мұғалімдер және қызметкерлерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Заңдағы жалпы ережелер, осы заңда қолданылатын кейбір ұғымдарды түсіндіру,заңның қолданылу аясы, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсат-міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары, іс-қимыл шараларының жүйесі,сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбацлас жемқорлыққа қарсы стандарттар, қаржылық бақылау шаралары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет, жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бірге қызмет істеуіне ол бермеу, мүдделер қақтығысы туралы кең ауқымда түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

10.09.2020ж күні «Сыбайлас жемқорлық-ғасыр дерті» тақырыбында ата-аналар мен мектеп мұғалімдері арасында жиналыс өткізілді. Мектеп директоры Ә.Мелдебек заңның басты құндылығы -ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталғаны туралы айтты.

22.10.2020ж күні «Жемқорлықсыз қоғамға қадам» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Сынып сағаттарының мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғай отырып, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерлерден сақтау.

17.11.2020ж күні «Сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында сыбайлас жемқорлыққа байланысты сахналық қойылымдар, сұрақ-жауап айдары, мәнерлеп оқу, бейнеролик көрсету, ситуациялық жағдаяттардан шығу, постер құрастыру, топтық жұмыстар көрініс тапты. Оқушылар сыбайлас жемқорлық ұғымы туралы кең көлемде ақпараттармен танысып, өз ойларымен бөлісті.

14.12.2020ж күні 8-11 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ»тақырыбында суреттер көрмесі өткізілді. Көрмеге қойылған суреттерде сыбайлас жемқорлық фактілері, оны болдырмау жолдары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары көрініс тапты.

20.01.2021ж күні «Қоғамдық тәртіп негіздері » тақырыбында пікірталас өткізілді.Пікірталаста оқушылар қоғам , құқықтық тәрбие, жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары, мәселелері, қоғамдық орындарда тәртіп сақтау ережелері төңірегінде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.Пікірталас аясында оқушылардан сыбайлас жемқорлық, қоғамдық тәртіп ережелері туралы сауалнамалар алынды.

18.02.2021ж күні 11-сынып жетекшісі Мирзакулова Гулжазира «Сыбайлас жемқорлық-ғасыр дерті » тақырыбында 11-сынып оқушыларымен пікірталас өткізді. Баяндамашы ең алдымен «Сыбайлас жемқорлық деген не?» сұрағы төңірегінде оқушылардың пікірін тыңдап, сыбайлас жемқорлық ұғымына анықтама беріп өтті.Оқушылар «Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады? Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады?» деген сұрақтар төңірегінде пікір таластырып, өз ұстанымдарын білдірді.Оқушылар сыбайлас жемқорлықты жою жолдары ретінде пара бермеу және пара алмау, парақорлық фактілеріне куә бола қалған жағдайда жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беру керектігі туралы пікірлесті.

16.03.2021ж күні «Сыбайлас жемқорлық:теориялық негіздері,даму тарихы және түрлері» тақырыбында баяндама оқылды. Баяндамада сыбайлас жемқорлық мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмыстық құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттік лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы екендігі туралы, сыбайлас жемқорлық өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық, және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табатыны туралы баяндалды.

27.04.2021ж күні «Парасаттылық-адамгершілік айнасы» тақырыбында 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді. 10-сынып жетекшісі Л.Жармұханбетова ұйымдастырған тәрбие сағатында оқушылар белсенді әдістер арқылы сыбайлас жемқорлық, парақорлық, адам құқықтары туралы ойларымен бөлісті. «Жемқорлыққа жол жоқ» атты бейнежазбаны тамашалау арқылы оқушылар сыбайлас жемқорлық туралы өз ойларын ортаға салды. Академиялық дау-дамай әдісі арқылы оқушылар сыбайлас, жемқорлық сөздерінің мағынасын ашты. «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында карикатуралық суреттер салып, салған суреттерін қорғады. Сабақтың қорытынды кезеңінде оқушылар «Біз жемқорлыққа қарсымыз тақырыбында эссе жазды.

04.05.2021ж күні «Жемқорлықсыз жол-сенімді жол» тақырыбында баяндама оқылды.Баяндамада жемқорлық індетімен белсенді күрестің жүргізіліп келе жатқандығы туралы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға күш салу, күресу баршаның ісі екендігі, сыбайлас жемқорлықтан аулақ болып, адал еңбек етіп, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды дарытып, әлемдің бәсекелестікке шығу қоғамның дамуының бірден бір жолы болып табылатындығы баяндалды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет