1.Дене шынықтырудың жалпы және кәсіби қызметтері. Дене шынықтырудың құрамдас бөлігі спорт болып табылады. "Спорт" ұғымының екінші бір жағына тоқталатын болсақ, адамдардың дене қызметі үшін қоғамымыздағы қалыптасқан материалдық және рухани байлықтарды игілігіне пайдалану деп білеміз. Сонымен қатар жарыс арқылы жоғары мүмкіндігін көрсету үшін, арнайы, шапшаң қарқынмен морфологиялық қызметін және психологиялық даярлықты айқындау.
2.Дене шынықтыру саласында осы қағидаттарды нақтылай түсетін басты ерекшеліктер.
Дене тәрбиесінде бұл принциптер екі негізгі талаптың орындалуын қарастырады:
1.Дене тәрбиесінің міндеттерін шешу ақыл-ой, еңбек, адамгершілік және эстетикалық тәрбиемен тығыз байланыста жүргізілуі керек.
2.Дене тәрбиесі бойынша жүргізілетін жұмыстарды жоспарлағанда дене қабілеттілігінің келісімді, үйлесімді дамуы, қозғалыс біліктілігі мен дағдысы және арнаулы біліммен қарулануы қамтамасыз етілетіндей етіп жоспарлануы қажет.
3.Саналылық пен белсенділік, көрнекілік, жеткіліктілік пен даралық, жүйелілік пен қозғалмалылық сияқты адістемелік қағидаттарында көрінетін дене шынықтыру заңдылықтары Саналылық принципі.Дене жаттығуларын үйретуде саналылық принципінің таратылуына айтарлықтай үлес қосқан атақты орыс ғалымы П.Ф.Лесгафт болды. Ол "мектеп жүйесінде оқып жүрген баланың күшін ғана дамытып қоймау керек, ең бастысы өзін-өзі басқару дағдысын, сонымен қатар оны өз қызметінде, өмірінде тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыру керек", -деп атап көрсетті.
Саналылық принципін жүзеге асырғанда төмендегідей кейбір ережелерді тұтастай сақтаған жөн:
1.Өз ісін түсіну және саналы катынасты дамыту әдістері оқушының жас ерекшелік мүмкіншіліктеріне сәйкес келуі керек. Дене жаттығуларымен шұғылданушы өзінің қимылын саналы түрде атқаруға міндетті. Алғашқы қозғалысты игерген бірінші сынып оқушысы мен жалпы білім беретін мектеп бітірушісіне бірдей талаптар қойылатын болса, онда саналылық принципін жүзеге асыру тек есепке жатқызу үшін ғана болғаны.
Белсенділік деңгейі қанағаттанғандық өлшеміне тікелей тәуелді емес. Мысалы, оқудағы табыстар белсенділіктің артуына және төмендеуіне әкелуі ықтимал. Қимыл-қозғалысына қанағаттану А.С.Макаренконың айтуы бойынша "Зоологиялық қимылға" айналуы мүмкін.
Белсенділік принципін жүзеге асыра отырып, кейбір төмендегі ережелерді сақтаған жөн:
- қойылатын талаптар оқушы ұстанатын себептер сипатын есепке алу керек. Егер балада оқу міндеттерін орындауға кедергі келтіретін себептер көбірек болса, онда олар жоғары деңгейдегі себептермен жақындасу үшін пайдалану қажет.