Құрастырған Б. Ж. Кибатова «Мықты батырлар» сауықтыру үйірмесінің жылдық жоспары әдістемелік құрал



бет1/4
Дата19.02.2017
өлшемі0,7 Mb.
#10789
  1   2   3   4
Құрастырған

Б.Ж.Кибатова


«Мықты батырлар»

сауықтыру үйірмесінің жылдық жоспары

әдістемелік құрал
(медициналық айғақтары бар балалар үшін)

Көкшетау 2016

Кибатова Б.Ж

«Мықты батырлар сауықтыру үйірмесінің жылдық

жоспары : әдістемелік құрал / Б.Ж. Кибатова.-Көкшетау

2016. -66 б.

Бұл әдістемелік нұсқаулықта мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балаларға дене шынықтыру сабағына қосымша сауықтыру үйірмесінің жылдық жоспары жинақталған. Нұсқаулық ҚР мемлекеттік жалпыға мідетті стандартында негізделген. Мектепке дейінгі балалардың денсаулығын, бұлшық еттері мен дене мүшелерін дамытып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған жаттығулар, қимылды ойындар, релаксация, массаж түрлері ұсынылған. Бұл әдістемелік нұсқаулық мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің дене шынықтыру нұсқаушыларына арналады.


Пікір жазған: Ж.Мусин атындағы педагогикалық

колледжінің оқытушы «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»

мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі С.А.Амирова

Түсінік хат

«Балаға керегі-ең мағыналы,

пайдалы ойын. Ойында бала

көргенін,білгенін есте сақтайды,

күнделікті өмірде пайдаланады.

Адам денесі әрқашан қозғалуды

тілейді»

М.Жұмабаев


Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, Қазақстан халқына Жолдауында: «Егеменді еліміздің болашағы мықты болып, шынығып өскені абзал» деген. Оның негізі осы кезден қаланатын болса, өмірге «өскелең ұрпақ келер еді» деп атап өтті.

Балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту, бүгінгі балабақшалардың басты мақсаттарының бірі болып отыр.

«Саулық - байлық негізгі» - деп айтқандай, әрбір адам салауатты өмір салтымен өмір сүру үшін аурудың алдын алу және болдырмау, дұрыс тамақтану, қоршаған ортаны жақсарту, дене тәрбиесімен айналысуы керек. Денсаулық әлеуметтік байлықтың негізі, сондықтан оны сақтап, нығайтуға барлық жағдайлар жасалуы қажет. Дені сау бала ақылды, өз - өзіне сенімді, жан - жағына қуанышымен шаттана қарайтыны айқын. Бала денсаулығының мықты болып, қозғалысты дене құрлысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Ағзаның қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің, буынның, бел омыртқаның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, бұған үнемі ықпал етіп отыру керек.

Білім мен тәрбие беру саласының алғашқы сатысы, балабақшаларда, дене тәрбиесі маңызды орын алады. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және өз беттерімен қимылдар жасай білуді үйретуге бағытталған.

Осыған орай № 7 «Айша» балабақшасында «Мықты батырлар» атты сауықтыру үйірмесі ұйымдастырылып, жылдық жоспары көмекші құралға енгізілді


  • бағдарлама түрі - сауықтыру үйірмесі;

  • бағыты- емдік дене шынықтыру;

  • бағдарламаны іске асыру мерзімі -1 жыл;

  • тәрбиеленушілердің жасы - 4-5 жас;

Үйірменің құрылымы.

Үйірме аптасына – бір рет жұмыс істейді, уақыт ұзақтығы - 25-30 минут.

Өткізу орны - дене шынықтыру залы.

Медициналық айғақтары және ата-анасының тілегі бойынша топтар жинақталады. Топтың құрамы - 10 - 15 адам.



Оқыту әдістері:

- әңгімелесу;

- көрсету;

- жаттығулар;

- ойын.

Бағдарламаның мазмұны:

- негізгі қимыл-қозғалыс жаттығулары ;

- жалпы дамыту жаттығулары;

- тыныс алу жаттығулары;

- хатха-йога арқылы толық демалу;

- тазарту тынысы;

- нүктелі-сауықтыру массажы;

- қимылды ойындар;

- релаксация.

Үйірменің негізгі мақсаттары:
Балалардың дене тұлғасын дұрыс қалыптастыру, шапшаңдық, шыдамдылық, күш тәрізді дене сапаларын дамыту.

Міндеттері:

- бала организмінің ішкі ағзаларының дұрыс жетілуіне ықпал ету;

- балалардың сүйектік және бұлшықеттік жүйелерінің қызметтерін жақсартуға және

сүйек дамуының ақауларын жөндеуге арналған жалпы дамыту жаттығуларын жас

ерекшеліктеріне сай орындау;

- жүрек-қан тамырлары, тыныс алу жүйелі функцияларын жақсарту ;

- төзімділік күші мен бұлшық еттерін жетілдіру;

- қимыл-қозғалыстарын жақсарту;

- балаларды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақ үш бөлімнен тұрады:


  • кіріспе,

  • негізгі,

  • қорытынды.

Кіріспе (4-5мин), негізгі (18-20 мин) және қорытынды бөлім (3-4 мин). Кіріспе бөлімге жүру,

жүгіру жаттығулары, қатарға тұру, ойын тапсырмалары енгізілген. Осы бөлімде өзіне алақан, бет, маңдай, басына массаж жасау; екі алақанның ортасына кішкентай резеңке доптарды домалату, саусақтарымен жұмсақ доптарды қысу тәрізді жаттығуларды орындау өте тиімді.

Негізгі бөлімде жалпы затпен, затсыз орындалатын дамыту жаттығулары, жаңа жаттығулар және алдыңғы сабақтарда үйренген қимыл-қозғалыстар қайталанады.

Қорытынды бөлімде қимыл-қозғалысы аздау спорттық ойындар ойнатылып , тыныс алу жаттығулары орындалады. Жүру, тыныс алу жаттығулары, жеңіл ойын тапсырмалары, қимыл-қозғалысы аз ойындар ойнатылады. Қорытынды бөлім баланың қызу жалынды қалпынан біршама байсалды қалыпқа келуіне мүмкіндік туғызады.
Мониторинг

Білім беру сапасын басқарудың оқу үрдісіндегі негізгі тетіктері: бақылау, талдау, бағалау, бағдарлау және нәтижелердің динамикалық үрдістерін салыстыру болып табылады. Бұл үрдісте оқу-тәрбие сапасына жасалатын жүйелі бағалаудың бірден-бір көзі-мониторинг.

Мониторинг дегеніміз белгілі бір нәрсенің жай-күйін бақылау, бағалау, талдау және болжау жүйесі, бағалау құралы. Балалардың қабілеттерін анықтау үшін оқу жылының басында және оқу жылының соңында пайдаланылады.
Нәтижиесі:

Болжам бойынша, бұл бағдарламаны енгізу нәтижесінде балалардың тірек-қимыл аппараты, бұлшық ет жүйесі нығаяды, респираторлық аурулардың саны азаяды.


«Мықты батырлар» құралының құрамы:


  1. Перспективалық-тақырыптық жоспар;

  2. Ұйымдастырылған оқу-іс әрекетінің жоспары.

Бұл көмекші құралдан дене шынықтыру нұсқаушылары қажетті оқу материалдарын таба алады деген сенімдемін.
«Мықты батырлар» сауықтыру үйірмесінің

жылдық жоспары (медициналық айғақтары бар балалар үшін)


Апталар

Қыркүйек айы

Сағат саны

1 апта

Нүктелі-сауықтыру массажы.

Тыныс алу жаттығулары

М.И. Фонарёва бойынша «Көкек»

Қимылды ойындар спорттық құралдармен арналған жаттығулар.

Релаксация: «Арамен ойнау»


1

2 апта

Бір қатарда және шашырап жүргізіп, қолға арналған жаттығуларды (үй құстары, қояндар, ұшақтар) орындату.

Тар жерде балаларға тепе-теңдікті сақтап, допты түзу домалата білу.

Қимылды ойын: «Жаяу көкпар»

Релаксация: «Жаяу ат айдаушы қалпында»




1

3 апта

Бір қатармен жүру, шашырап жүгіру, текшелерді айналып жүгіру; еденде төрттағандап алдына, артына еңбектеу.

Тыныс алу жаттығулары К. П. Бутейко бойынша бақылау үзіліс.

Қимылды ойын: «Қарлығаш»

Релаксация: «Теңіз өмірі»




1

4 апта

Дәрігер Айболитке қонаққа бару.

Бір қатармен жүру, жүгіру, қолға арналған жаттығуларды аңдардың қимылына салып жасату.

Тыныс алу жаттығулары Б.С. Толмачёва бойынша «Балдырған»

Қимылды ойын: «Аңшылар мен бұғылар»

Релаксация: «Менің орманым»


1



Апталар

Қазан айы

Сағат саны

1 апта

Ирелеңдеп шашырап жүруге, жүгіруге жаттықтыру; алдына бір адым аттап, допты жолдасына дәлдеп лақтыру, гимнастикалық орындықтың үстімен төбесіне құм салынған дорбаны қойып жүру.

Нүктелі-сауықтыру массажы.

Қимылды ойын: «Бүркіт»

Релаксация: «Күн»




1

2 апта

Жұппен секіріп және бүйірмен жүріп, жүгіруге жаттықтыру

Алақан мен табанға тіреліп, шалқадан жатып еңбектеу.

Нуктелі массаж.

Қимылды ойын: «Теңіз толқыны»

Релаксация: «Гүлдер»


1

3 апта

Ысқырықтың үнімен жүруге, жүгіруге, шашырап жүруге жаттықтыру. Допты

бір-біріне төменнен жоғары қарай лақтыру. Колбеу тақтайдың үстімен шашақты допты басына қойып жүру.

Тыныс алу жаттығулары А.Н. Стрельникова «Қуғыңдар»

Қимылды ойын: «Ат шабыс»

Релаксация: «Көбелек»


1

4 апта

Кемемен саяхатқа шығу.

Әртүрлі жүріске бір тізбекпен жүгіруге, отырып жүруге жаттықтыру.

Жүгіріп ұзындыққа секіру.

Тыныс алу жаттығулары М.И. Фонарёва бойынша «Серуенге дайындық»

Қимылды ойын: «Теңіз толқиды»

Релаксация «Күз»




1



Апталар

Қараша айы

Сағат саны

1 апта

Жұбымен секіруге, жүруге, қозғалысын өзгерте білуге, шашырап жүруге жаттықтыру.

Тыныс алу жаттығулары Т.Ф.Виноградова «Жүргінші»

Қимылды ойын: «Автомобильдер»

Релаксация: «Босаңсу және қатаю»




1

2 апта

Жұптасып жүруге, үлкен кіші адыммен, шашырап жүру, жүгіру. Допты екі қолмен

қабырғаға, еденге ұру.

Отырғыштың ортасымен жүріп тұру.

Тыныс алу жаттығулары М.И. Фонарёва бойынша «Кернейші»

Қимылды ойын: «Торғайлар мен мысық»

Релаксация: «Факирлер»




1

3 апта

Бағытты өзгертіп жүру мен жүгіру, шашырап отырып жүгіру.

Қысқа секіртпемен секіру.

Нүктелі-сауықтыру массажы.

Тазарту тынысы: «Ха»

Қимылды ойын: «Кигіз үй»

Релаксация: «Шаңсорғыш»




1

4 апта

«Бала мен Карлосон» (ертегісінің желісімен)

Акробатика жаттығуларымен жаттықтыру. Гимнастикалық отырғыштың

үстімен жүруді үйрету, ортасына дейін жүріп барып отырып, қайтадан

орындықтың шетіне дейін жүріп барып, шығыршықтың ішіне секіру.

Тыныс алу жаттығулары Б.С. Толмачёва бойынша «Үйректің балапаны»

Қимылды ойын: «Орныңды тап»

Релаксация: «Салқын-ыссы»


1



Апталар

Желтоқсан айы

Сағат саны

1 апта

Аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені жоғары көтеріп жылдам және баяу қарқында жүгіру. Көлбеу қойылған тақтайшаның үстімен аяқтың ұшымен жүгіріп шығу, түсу және допты жоғары лақтырып, бір қолмен ұстап алу.

Тыныс алу жаттығулары М.И. Фонарёва бойынша «Серуенге дайындық»

Қимылды ойын: «Қыз қуу»

Релаксация: «Қысқы орман»




1

2 апта

Бір тізбекпен қолды алға созып, белге қойып, жоғары көтеріп, алақанмен

шапалақ ұрып жүру. Айналып, шашырап, отырып жүгіру. «Қалын қарішімен

жүру»- тізеден бүгілген аяқты көтеріп жүгіру.

Тыныс алу жаттығулары А.Н.Стрельникова «Итбалық»

Қимылды ойын: «Сақина»

Релаксация: «Ұйықтап жатқан мысық»




1

3 апта

Көзді түйістіру. Саусақ қимылдарын бақылау. Мұрынның ұшына саусақты тигізу. Саусақ гимнастикасы.

Тыныс алу жаттығулары С.М. Иванов «Сағаттар»

Қимылды ойын: «Көкпар»

Релаксация: «Шар»




1

4 апта

«Алдар Көсенің ғажайып тоны» ертегісінің желісімен. Шоқырақтап

жүгіру, гимнастикалық отырғыштың үстімен басына қапшықты қойып, тұрақты тепе-теңдікті сақтап жүру.

Тыныс алу жаттығулары А.А. Бирюк «Пирамида»

Қимылды ойын: «Көрінбейтін тақия»

Релаксация: «Штанга»



1



Апталар

Қаңтар айы

Сағат саны

  1. апта

Шаңғышы, конькишілердің қимыл- қозғалыстарын келтіріп жүруге, шанаман сырғанауға, қар лақтырып ойнауға жаттықтыру

Нүктелі массаж.

Саусақ гимнастикасы «Әтеш»

Қимылды ойын: «Қар жауады, боран соғады, күн ашылады»

Релаксация: «Түс періштесі»


1

2 апта

Өкшемен, аяқтың ұшымен, табанның сырт жағымен жүру.

Гимнастикалық шығыршыққа асылу. Арқанға өрмелеу.

Тыныс алу жаттығулары С.М. Иванов «Паровоз»

Қимылды ойын: «Мысық пен тышқан»

Релаксация: «Насос және доп»


1

3 апта

Жұптасып, шашырап, жүру, жүгіру. Күшпен сермеуге, секіргенде жеңіл

жерге түсу.

Допты бір орында тұрып, бір қолымен соғу.

Нүктелі массаж.

Қимылды ойын: «Тасбақа»

Релаксация: «Ғажайып түс»




1

4 апта

Солтүстік полюске саяхат «Тюленьдер аралы», «Пингвиндер», «Ақ аюлар» жаттығулары.

Хатка-йога арқылы толық демалу «Пурака»

Қимылды ойын: «Ақ аюлар»

Релаксация: «Солтүстік полюсі»




1



Апталар

Ақпан айы

Сағат саны

1 апта

Жұптасып, текшелерді аттап жүру. Бір орында тұрып, бір қолымен

қапты соғу.

Хатка-йога арқылы толық демалу «Камбхана»

Қимылды ойын: «Боран»

Релаксация: «Қарлы күн»


1

2 апта

Қолды ауыстырып жүру, аяқтың ұшында, тізені жоғары

көтеру.


Көлбеу қойылған тақтайға жүгіріп шығу, түсу, шығыршықтан тура және

қырымен өту.

Тазарту тынысы «Ұшу»

Қимылды ойын: «Қоян мен қасқыр»

Релаксация: «Қысқы дала»


1

3 апта

Шаңғышы, конькишілердің қимыл- қозғалыстарын келтіріп жүруге, шанаман

сырғанауға, қар лақтырып ойнауға жаттықтыру.

Гимнастикалық шығыршыққа асылу

Тыныс алу жаттығулары С.М. Иванов «Насос»

Қимылды ойын: «Апаңдағы аю»

Релаксация: «Қысқы орман»



1

4 апта

«Көңілді старт» спорттық эстафеталық ойын.



1



Апталар

Наурыз айы

Сағат саны

1 апта

Жұптасып тұру. Әртүрлі бағытта жұптасып жүру, жүгіру, шашырап жүру, «Дегелек», «Қоян», «Бүркіт» жүрістері, гимнастикалық шығыршықтан орташа қарқынмен жүру.

Тыныс алу жаттығулары М.И. Фонарёва бойынша «Демалыс»

Қимылды ойын: «Айгөлек»

Релаксация: «Шипалы күштер»



1

2 апта

Ысқырықтың үнімен жүруге, жүгіруге, шашырап жүруге жаттықтыру.

Допты бір-біріне төменнен жоғары қарай лақтыру. Колбеу тақтайдың үстімен шашақты допты басына қойып жүру.

Нүктелі массаж.

Қимылды ойын: «Орамал кетті»

Релаксация: «Ғажайып түс»


1

3 апта

Жұбымен секіру, жүру, қозғалысын өзгерте білу, шашырап жүру.

Тыныс алу жаттығулары Т. Ф. Виноградова «Балдырған»

Қимылды ойын: «Айдаһар»

Релаксация: «Босаңсу және қатаю»




1

4 апта


Жайлауға саяхат.

Тауға шығып шынығамыз бәріміз бір тізбекпен жүріп, кедергілерден өтіп жайлауға барамыз.

Нүктелі массаж.

Қимылды ойын: «Кигіз үй құрамыз»

Релаксация: «Жайлау»


1



Апталар

Сәуір айы

Сағат саны

1 апта

Жұптасып сапқа тұру. Бір тізбекпен жұптасып жүру, жүгіру.

«Сиқырлы ысқырық», «Жыланша» жүріс түрлерімен, кедергілердің арасымен жүгіру.

Саусақ гимнастикасы.

Тыныс алу жаттығулары

С.М. Иванов «Маятник»

Қимылды ойын: «Көбелек»

Релаксация: «Көктемгі орман»


1

2 апта

Бағытты өзгертіп шашырап жүру, жүгіру. Шағын алаңда тұрақты

тепе- теңдікті сақтап, басына қапшықты қойып жүгіру.

Гимнастикалық орындықта етпесінен жатып өрмелеу, шығыршық

тан шығыршыққа қос аяқтап секіру.

Хатка-йога арқылы толық демалу «Речака»

Қимылды ойын: «Жаңбыр»

Релаксация: «Құстардың әні»


1

3 апта

Бір тізбекпен жүру, қолды әртүрлі қалыпта ұстау, «батырлар»-тізені жоғары көтеріп, «көкқұтан» табанның сыртқы қырымен жүру. Орташа қарқынмен, берілген белгімен «Тұр», «Фигура жаса» жаттығуларын орындап, жылжып жүгіру.

Тыныс алу жаттығулары. А.А Бирюк «Тук-тук»

Қимылды ойын: «Құстар»

Релаксация: «Гүл алаңы»




1

4 апта

Жүруге, жүгіруге арналған жаттығулар.

Тыныс алу жаттығулары Б.С. Толмачёва бойынша «Үйректің балапаны»

Қимылды ойын: «Орныңды тап»

Релаксация: «Салқын-ыссы»




1



Апталар

Мамыр айы

Сағат саны

1апта

Екпінмен ұзындыққа екі аяқпен секіру (ара қашықтығы 40-50 см)

Төрт тағандап еденнің үстімен еңбектеу,

Заттардың арасымен ирелеңдеп жүру.

Допты тура бір бағытта домалату « Кеглиді соқ»

Тыныс алу жаттығулары М.И. Фонарёва бойынша «Үйшік»

Қимылды ойын: «Сарбаздар»

Релаксация: «Жасыл орман»


1

2 апта

Шығыршықтан тура және қырымен өту. Биіктікке секіру (20см).

Келбеу тақтайдың үстіне жүгіріп шығу, түсу.

Аяққа арналған жаттығулар.

Нүктелі массаж.

Қимылды ойын: «Күн мен түн»

Релаксация: «Жайлау»




1

3 апта

Допты бір қолмен ұрып, алға қарай жылжу.

Гимнастикалық орындық үстімен тізелеп өрмелеу, екі қолы арқылы алға қарай жылжу.

Екі аяғының ортасына құм салынған қапшықты қысып алып, алға қарай жылжи секіру.

Ішке арналған жаттығулар.

Тыныс алу жаттығулары А.А. Бирюк «Итеру»

Қимылды ойын: «Аңшылар»

Релаксация: «Күн»


1

4 апта

Төрт тағандап жүріп, допты баспен итеру (ара қашықтығы 7-8м)

Бір орында екі аяқтап секіру- аяқ бірге, аяқты алшақ қойып, оңға, солға өзін

айнала секіру,-«Қояндар»

Ішке массаж жасау.

Тыныс алу жаттығулары А.Н.Стрельникова «Үлкен маятник»

Қимылды ойын: «Жаңбыр»

Релаксация: «Гүлдер алаңы»



1




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет