1.Машина жасаудың қалыптасуы мен дамуы 2.Машина жасау саласындағы инновациялық дамуы 3.Машина жасау кезеңдері 4.Қорытынды 5.Пайдаланылған әдебиеттер Машина жасау өндіріс саласы ретінде Ұлы Отан соғысы жылдарында эвакуациямен көшіріліп өкелінген кәсіпорындардың негізінде құрылды.Металлургиялық құрал-жабдык (Алматы), автоматты сығымдау (Шымкент), , аппаратураларын (Ақтөбе), автокөлік қозғағыштарын (Петропавл), ауыл шаруашылық техникасын (Астана) шығаратын ірі зауыттар осылайша пайда болды.Соғыстан кейінгі жылдарда ондаған машина жасау зауыттары салынды. Аспап жасаудың, электротехникалық өнеркәсіптің, трактор жасаудың жаңа салалары пайда болды. Яғни машина жасау салаларының кешені калыптаса бастады.1990 жылдардың басында машина жасау кешенінің құрамында 2500-дей өнім түрлерін шығаратын 370 зауыт болды. Дегенмен, машина жасаудың жалпы даму деңгейі бойынша Қазақстан басқа одақтас республикалардан бірталай артта калып келді. KCPO-да ол жалпы өнім шығарудан үшінші, ал машина жасаудан он екінші орындағы республика болды.Бірақ кешеннін, құрылымы Қазақстан үшін қолайлы болмады.Барлық зауыттардың 1/3 белігі тек ескірген техниканы жөндеумен айналысса, ал тағы да сондай бөлігі металл конструкцияларын өндірді. Қалған бөлігінің жартысын Қорғаныс-өндірістік кешен (ҚӨК) құрады.1990 жылдары машина жасау кешені оның өнімдеріне деген сұраныстың күрт төмендеуіне байланысты терең дағдарыс жағдайында болды. Басқа республикалардағы кәсіпорындармен көптеген өндірістік байланыстар үзілді. ҚӨК зауыттарының алдында өндірісті конверсиялау, яғни халық пен экономикаға кажетті өнім шығару міндеті тұрды. Конверсия өте баяу жүрді. Өнеркәсіптердің барлығы жаңа жағдайға бірден үйреніп кете алмады. Нарықтық қатынасқа табысты етудің мысалын Петропавлдағы зауыттардың бірінен көруге болады. Қазір зауыт Қазақстанның мұнай жөне газ өнеркәсібіне жұмыс істейді. Олар техниканың жаңа түрлерін - шағын бұрғылау қондырғыларын, ұңғымаларды жендеуге арналған автокөліктердің көтергіш қондырғыларын шығарады.Қазіргі уақытта машина жасау кешенінің құрамында 1500-ден астам кәсіпорын бар.Онда өндірістің барлық салаларының арасында ең көп (13%) жүмыскерлер қызмет етеді. Бірак кешеннің өнім өндіру үлесі небөрі 3%-ды ғана құрайды.Сендер Қазақстанның түрғын халқының шағындығына байланысты, машина жасаудың барлық салаларын бірдей жоғары деңгейде дамыту мүмкін емес екендігін түсінесіңдер. Сондықтан олардың алдында ең маңыздылары мен болашағы барларын таңдап алу міндеті тұр.Оларға, ең алдымен мұнай, металлургия, ауыл шаруашылық жөне көліктік машина жасау салаларын жатқызуға болады. Алғашқы үш сала Қазақстанның экспорттық өлуетінің өсуіне ықпал етуі тиіс. Көліктік машина жасаудың міндеті - ел ішіндегі көптеген әндірістердің дамуына жағдай туғызу (72-сурет).Өзірге біздің елімізде тек құрастыру көсіпорындары ғана құрылған. Олардың ішіндегі ең ірісіне Өскемен (жеңіл автокөлік),Көкшетау (жүк таситын автокөлік), Семей (автобус) қалалары жатады. Өскемендегі «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты казірдің езінде олар аккумуляторды Талдықорғаннан алады. Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың 50%-ын Қазақстанның зауыттары шығаратын болады.Машина жасаудың дамуына шетелдік серіктестермен біріккен кәсіпорындар (Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай, АҚШ) жағдай жасайды. Олар автомобиль, трактор, компьютерлік құралдарды жасау немесе дамытуға ықпал ететін болады.3. Машина жасаудағы мамандану мен кооперативтендіру.Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар қиыншылықтар әсер етеді. Ең алдымен бұл - шығарылатын енімдердің күрделілігіне байланысты. Ол кәсіпорындардың салалары мен ішкі салалық маманданудың қажеттілігін туғызады. Маманданудың үш түрі - бұйымдық, тетіктер мен бөлшектер шығару жөне технологиялық түрлері бар.Машина жасаудың әр саласы белгілі бір өнім түрлерін: трактор жасайтын - тракторлар, станок жасайтын - станоктар, аспаптар жасау - аспаптар шығарады. Бір салаға өнім шығаратын зауыттар сол өз саласына орай маманданады. Мысалы, Қызылордадағы ауыл шаруашылық машиналарын шығаратын зауыт - күріш жинайтын машина, Астанадағы зауыт - тұқым сепкіш трактор, Павлодардағы зауыт - тракторлар шығарады. Өнімдер бойынша ондай мамандануды - бұйымдық мамандану деп атайды.Машина жасау зауыттары, кеп жағдайда, дайын өнім емес (станок, автомобиль), оның бөлшектерін шығарумен айналысады. Ондай мамандануды бөлшектер бойынша мамандану деп атайды. Мысалы, Степногордагы зауыт темір жол подшипниктерін, Қостанайдағы - ауыл шаруашылық машиналары үшін дизель қозғағыштарын, ал Талдықорғандағы - аккумуляторлар шығарады.Машина жасау зауыттарының үшінші бір түрі - технологиялық мамандану.
Машина жасау үш негізгі технологиялық кезеңнен тұрады . Бірінші кезең - құю, соғу немесе сығымдау арқылы бөлшектер даярлау. Екіншісі - бөлшектерді станоктарда механикалық өңдеуден өткізу, ал үшіншісі - бөлшектерден дайын өнімдер құрастыру. Егер зауыт ендірістің барлық үш кезеңін жүзеге асырмай, тек біреуімен ғана айналысса, ол технологиялық мамандану, яғни технологиялық процестер кезеңі бойынша мамандану болып табылады. Мысалы, Өскемендегі автокөлік құрастыру зауыты автокөліктерді тек дайын бұйымдар жиынтығынан құрастырады. Яғни бұл - технологиялық мамандану болып саналады.Кез келген мамандану (технологиялық, тетіктік, бұйымдық) кәсіпорындар арасындағы кооперативтендірусіз (ынтымақтасусыз) мүмкін емес. Кез келген автокөлік түрлі белшектерден (мысалы, электровоздарда олардың саны 200 мыңнан астам) тұрады. Бір зауытта олардың барлык түрлерін шығару мүмкін емес және тиімсіз.Сондықтан бір зауыт екінші біреумен кооперативтендіріледі. Мысалы, «Азия-Авто» зауыты «Нива» көлігіне аккумуляторларды Талдықорғаннан әкеледі.Сонымен, машина жасау кешені салааралык емес ішкі салалық дамуымен ерекшеленеді. Қорытынды Қазіргі таңда Қазақстанның алдында заманауи автоматты, телемеханикалық құрылғылар, электрондық-есептеуіш және ауылшаруашылық техникалары, автокөліктер және т.б. өндірісін құру міндеті тұр.
Пайдаланған әдебиеттер Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. - Алматы: Атамұра, 2009.