С. Ж. Асфендияров атындағЫ


Бақылау жұмыстары. Дағды құзырлылығы бойынша



бет13/22
Дата15.11.2016
өлшемі6,1 Mb.
#1787
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

9. Бақылау жұмыстары.

Дағды құзырлылығы бойынша:

2-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.


Типы лечебно-профилактических учреждений

Станция скорой помощи - лечебное учреждение, оказывающее экстренную и неотложную медицинскую помощью населению путем выезда машины скорой медицинской помощи с бригадой в составе врача, фельдшера, водителя.

Медико-санитарная часть — лечебно-профилактическое учреждение, работающее при промышленных предприятиях для медицинского обслуживания рабочих. В состав медико-санитарной части могут входить поликлиника, стационар, здравпункт и профилакторий.

Травматологический пункт - лечебно-профилактическое учреждение, оказывающее экстренную помощь пациентам с травмами любого происхождения, а также осуществляющее дальнейшее их наблюдение и лечение.

Поликлиника — лечебно-профилактическое учреждение, оказывающее медицинскую помощь не нуждающимся в госпитализации пациентам (не требуется постоянный врачебный контроль общего состояния). Для поликлиник характерен принцип территориальности в оказании медицинской помощи (помощь оказывается пациентам, проживающим на закрепленной за поликлиникой территории). В поликлинике имеются врачебные кабинеты по основным специальностям (терапия, хирургия, гинекология, неврология, глазные болезни), диагностические кабинеты (рентгеновский, функциональной диагностики), лечебные кабинеты (физиотерапевтический, лечебной физкультуры, процедурные).

Диспансер — лечебно-профилактические учреждения, осуществляющее систематическое наблюдение и лечение больных с определенным заболеванием, а также профилактику указанного заболевания. По контингенту пациентов диспансеры делятся на туберкулёзные, кожно-венерологические, онкологические, психо-неврологические, эндокринологические, наркологические и кардиологические.


Коммуникативтік құзырлылық бойынша:

2-тапсырма. Мына сұрақтарға жауап беріңіздер.

Қандай терминологиялық сөздіктерді білесіздер?

«Түсіндірме сөздік» деген не?

«Аударма сөздіктер» қалай жасалады?



Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыздар.

Термин (лат. terminus 'граница, предел, конец') – это специальное слово или словосочетание, принятое в определенной профессиональной сфере и употребляемое в особых условиях. Термин представляет собой словесное обозначение понятия, входящего в систему понятий определенной области профессиональных знаний. Терминология (как совокупность терминов) составляет автономный сектор любого национального языка, тесно связанный с профессиональной деятельностью. Термины каждой отрасли науки, техники, производства формируют свои системы, определяемые, в первую очередь, понятийными связями профессионального знания при стремлении выразить эти связи языковыми средствами.


Жағдаяттық тапсырма: Буын ауыруымен (тұз жиналу, артроз, артрит т.б) ауыратын адамдарға шипажайға баруға кеңес беріңіз. Қазақстанда мұндай ауруларды емдейтін қандай шипажайлар бар және олар қай жерлерде орналасқанын нуқастарға түсіндіріңіз.
Жағдаяттық тапсырма: Асқазан-ішек жолдарының ауыруымен келген науқасты қабылдап отырсыз. Оған диагноз (нақтама) қойып, ауруханаға жіберіңіз. Өзіңіздің қандай іс-әрекеттер жасайтыныңзды түсіндіріп беріңіз.
Білім құзырлылығ бойынша:

4-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыздар:

Тіл -  қоғам өміріндегі құбылыстарға, өзгерістерге сай жаңару, жандану сияқты даму процесін бастан өткізетін тірі организм іспетті. Әсіресе, ғылыми техникалық прогрестің барынша қарқынды даму сатысына көшкен бүгінгі таңда тіліміздің терминологиялық жүйесінде күн сайын жаңа түсінік, ұғым арқалаған сөздер туындап отырады. Бұндай сөздер баспасөз, радио, теледидар тілінен, әр алуан ғылым салаларының сараланған терминологиялық жүйесінен байқалады. Яғни өмірдің өзіндегідей тілде де даму процесі үздіксіз жүріп жатады. Жаңадан жасалған терминдер «тағдыры» не болмақ? Олар қолданысқа ене ме, жоқ әлде тасада қалып қоя ма? Тіліміздің терминологиялық лексика қабатының дамуына қосқан үлесі бар ма? Қоғамдағы терминдердің қызметі қандай? деген ыңғайдағы сұрақтар жаңадан көрініс тауып отырған термин төңірегінде үнемі туындап отырады. Олардың әрбірі қоғам тарапынан қолдауды, тілдік тұрғыдан жүйелеуді қажет етеді. Сондықтан да термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы ғылыми-техникалық терминологияның даму бағытын белгілеу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелері болып табылады.
Ал термин жасау, жасалған терминдерді қалыптастыру – үнемі қадағалап, реттеп отыруды қажет ететін өте жауапты жұмыс. Олай болмаған жағдайда терминологиядағы жүйеліліктің, реттіліктің бұзылары сөзсіз, терминологиямыздағы бірізділіктің сақталмай әр автордың өзінше термин жасап, термин қолдану жұмысының әлсіздігінен, өкілетті орындардың өз қызметін тиісті деңгейде атқара алмай отыруынан деп білген жөн.
10. Негізгі әдебиеттер:
Қосымша әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.

3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.



ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

30 тақырып: Аралық бақылау

2012 ж.

Кафедра мәжілісінде талқыланды



Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1.Тақырыбы: Аралық бақылау

2.Мақсаты: Өтілген материалдарды қайталау арқылы студенттердің алған білімдерін бекіту, бағалау және кеткен кемшіліктерді түзету. Лексикалық материалдарды қайталау арқылы олардың сөздік қорларының қаншалықты дәрежеде толыққанан анықтау, ал грамматикалық материалдарды қайталау арқылы өз ойларын дұрыс жеткізе білуге дағдыландыру. Студенттердің оқы жылының басындағы және аяғындағы білім деңгейлері қандай деңгейге көтерілгенін бағалау.
3.Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша – жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі етістердің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Дағды құзырлылығы бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игертіп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4. Негізгі ұғымдар:

Грамматикалық тақырып бойынша:

Жай сөйлем, жай сөйлемнің түрлері, салалас құрмалас сөйлемдердің жасалуы, сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлері, тиянақты және тиянақсыз баяндауыштар, сөйлемнің бағыныңқы және басыңқы сыңары, сөздік және термин жасау ұстанымдары.



Лексикалық тақырып бойынша:

Қырқұлақ, альвеолит аурулары, тіс жұлу операциясы, жасанды тіс салу, алмалы-салмалы протездердің ерекшеліктері, тістерді іріктеп тегістеу, ауытқудың болу себептері, стоматиттің басты белгілері, деонтология қағидалары.


5.Сабақты өткізу жоспары (уақыты, мннуты):

Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин.

Грамматикалық материалдарды сұрау – 45 мин.

Лексикалық материалдарды сұрау – 50 мин.

Тест тапсырмалары – 40 мин.

Студенттің білімін бағалау –10 мин.


6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: аударма жұмысы, жаттығу жұмыстары, жағдаяттық тапсырма, мәтінмен жұмыс.
7 Көрнекі құралдар: Тіс протездері, тіс аурулары туралы фотосуреттер, слайдтар, плакаттар. Жай және құрмалас сөйлемдер туралы кестелер
8. Тапсырмалар:

I нұсқа

1-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлемнің түріне байланысты керекті тыныс белгілерін қойыңыздар.

1. Бізді тәрбиелеп өсірген халқымызға көп алғыс айтамыз. 2. Сізді біз ұстазымыз деп санаймыз. 3. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. 4. Бұлбұлсыз бау-бақша мен саябақтардың сәні бола ма. 5. Бирмада жаңа жылды қарсы алу өте қызық. 6. Сендерге кітапты кім берді. 7.Маған бұл роман керемет ұнады. 8.Ойпырмай, мынау бір керемет қой. 9.Бүгін сағат екіде өзімнің отбасылық дәрігеріме барамын. 10.Қап, ұят болды-ау.


2-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Олардың түрлерін анықтаңыздар.

1.Адам ағзасында жас ерекшеліктеріне байланысты өзгерістер болып тұрады. 2.Қазір сабақ қайсы дәрісханада болады? 3.Наурыз мейрамы құтты болсын, қымбатты достар! 4.Көп білгілерің келсе, көп оқыңдар. 5.Мектепті қай жылы бітірдіңіздер? 6.Ертең сағат екіде келіңіз. 7.Кеше Сәулені көрдің бе? 8.Бәрекелді, өте дұрыс айттың! 9.Сағат неше болды? 10.Орталық кітапхана сабаққа дайындалуға өте қолайлы. 11.Біздің елімізге қош келдіңіздер!
1-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1.Сабақ аяқталды да, ... . 2.Биыл күн суық болды және ... . 3.Мен үйге екі рет хат жаздым, бірақ ... . 4.Қаңтар айында біресе қар жауды, біресе ... . 5.Сүт тағамдары тез бұзылады, сондықтан ... .


3-жаттығу. Мәтінді аударыңыздар

Өзіңізді нашар сезініп, ауыз қуысында аппақ түсті кішкентай жаралардың пайда болғанын байқасаңыз, сіз стоматит ауруына шалдықтыңыз. Стоматит ауруы біртіндеп пайда болып, алдын алмаса, жедел қарқынмен асқынып кетеді. Алдымен ауыз қуысы, тіл, таңдай, еріндердің үстіне аппақ жаралар шыға бастайды. Кейін аузы ашылып, ауа, су, тағам тиген сайын аши түседі.



Стоматит қалай пайда болады?

Әдетте, стоматит қызамық (скарлатина), қызылша (корь), авитамиоз, қан және тері ауруларымен қатар келеді. Бұл жағдайда стоматит инфекциялық жолмен беріліп, жұқпалы түрде таралады.

Тұрмыстық жағдайда стоматит химиялық бұйымдарға аллергия түрінде пайда болады. Яғни, кейбір күшті химиялық заттарға адам ағзасы төтеп бере алмайды. Сондай-ақ, қатты ыстық я суық тағамдарды көп мөлшерде пайдаланғанда, ағзаға суық тигенде, жеке бас гигиенасын сақтамағанда, тісті дұрыс тазаламағанда, тазаланбаған шемішке шаққанда, тіс щеткасын ұзақ ауыстырмағанда, антибиотикалық дәрелерді ұзақ қабылдағанда стоматиттің пайда болуы мүмкін.
Жағдаяттық тапсырма: Периодонтитпен ауырған адамды қабылдадыңыз. Науқаспен қалай сұхбаттасасыз, қандай ем қолданасыз? Өз ойыңызды жазбаша беріңіз.


1. Жіңішке дауыстылардан тұратын сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) қан айналымы

ә) асқазан ауруы

б) жүйке жүйесі

в) қан ағу

г) ауыз су



2. Жуан дауыстылардан тұратын сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) мезгілінде емдеу

ә) ойық жара

б) бүйрек үсті безі

в) індет кезінде

г) дәрігерге көріну



3. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Мен Қарағанды облысында туып-өстім.

ә) Орта мектепті жылы 2001 бітірдім.

б) Қазір медицинада университетінде оқып жүрмін.

в) Университетте ұнайды оқу маған.

г) Менде болашақ дәрігермін.



4. Барыс септігінің шылауы қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Біздің үйге дейін 5 аялдама.

ә) Түстен кейін досымның үйіне бардым.

б) Науқастың кешеден бері дене қызуы көтеріліп тұр.

в) Жазда Үсенмен бірге ауылға барамын.

г) Бірінші курста жүз елуден аса студент оқиды.



5. Табыс септікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) науқасқа қабылдады

ә) қаланы аралады

б) мұражайда болды

в) үйден келді

г) баласына берді



6. Дұрыс аударылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) внешняя среда - ішкі орта

ә) здравоохранения - денсаулық сақтау

б) окружающая среда - ортадан жоғары

в) уровень дохада - жүзеге асырмау

г) осуществлять - табыс деңгейлі



7. Дұрыс құрылған сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ауырып қашаннан бері жүрсіз?

ә) Қызуыңызды мен өлшедім қашан ?

б) Дәрігерге кеше қаралдыңыз ме?

в) Жүрегіңіз айнып, көзіңіз қарауыта ма?

г) Дәрілер іштіңіз кімге?



8. Дұрыс құрылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Емдеу-сауықтыру тәсілдері халқымызбен бірге жасап келеді.

ә) Емдеу сауықтыру тәсілдер халқымыздың бірге жасап келеді.

б) Медицинаға ғылымы қарқынды дамуда.

в) Халық медицинасы беті ашылмаған мәселе тың.

г) Тазалық – денсаулыққа кепілі.



9. Сын есімнің күшейтпелі шырайы қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Науқастың дене қызуы неге жоғары.

ә) Тым ыстық тағам да денсаулыққа зиянды.

б) Тоңазытқышта тамақ ұзағырақ сақталады.

в) Базардан қызыл алма сатып алдым.

г) Ауаның ластануы адамзатқа зиянын тигізеді.



10. Көмектес септік жалғаулы сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) дәрілік шөптерден емдеу

ә) жүрек пен өкпе

б) машинамен келді

в) қарындаштан жазды

г) балалар мен жасөспірімдер



11. Етістігі жедел өткен шақтағы сөйлемді көрсетіңіз.

а) Кеше маған суық тиіп қалған.

ә) Бүгін үйге ерте қайтамыз.

б) Әсел үйге бара жатыр.

в) Сендер бұл тақырыпты мектепте өткенсіңдер.

г) Сағат сегізде үй тапсырмасын орындадым.



12. Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Сабақ аяқталды, оқытушы студенттерге баға қойды.

ә) Алдымен жүрек ақауына себеп болған ауруларды тауып, соларды емдеу керек.

б) Сәбит жол көрсетті, сол үшін ол жүргізушінің қасына отырды.

в) Қан ағзаны зиянды заттардан қорғайды, дене қызуын реттеп отырады

г) Амантайды Балтабек таныды, бірақ Ботагөз танымады.



13. Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Көкем түйе бағып, әжем түйе сауады.

ә) Көкем жұмысшыларды шақырып келеді, әжем оларға сусын береді.

б) Бүгін күні бойы қар жауды, әрі күн де суытып кетті.

в) Қанның ақ түйіршіктері көбейіп, науқастың несебінде ақуыз пайда болады.

г) Қараша айы аяқталып келеді, бірақ әлі қар жауған жоқ.



14. Күшейтпелі шырайлы сын есімді көрсетіңіз.

а) күлгін қоңыр

ә) қаралау

б) қызылдау

в) сап-сары

г) мықты емес



15. Қимыл сын үстеулі сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ауру белгісі білінісімен, дереу дәрігерге қаралу керек.

ә) Науқас ерте емделсе, жазылып кетеді.

б) Ол ертең ауруханадан шығады.

в) Ол жаққа кеше бардым.

г) Ол ағылшын тілінен қазақ тіліне жақсы аударады.




II нұсқа

1-жаттығу. Сөйлемдерді аяқтаңыздар.

1.Уақытым аз болғандықтан, ... . 2.Оны кеше көре алмай қалғандықтан, ... . 3.Ертең қандай сабақтар болатынын білмеген соң, ... .4.Жұмысты уақытында бітіре алмағандықтан, ... 5.Ертең қолым босаса, ... . 6.Енді біраз кешіккенде, ... . 7.Егер ертең бітіре алмасам, ... . 8.Бұл ауру қауіпті болғанымен, ... . 9.Қайратты бұрын көрмесем де, ... .10.Күннің қатты суық болатынын сезінсек те, ... . 11.Уақыты бола тұра, ... . 12.Бұл мәселе туралы көп жазылғанмен, ... .



1-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Құрмалас сөйлемнің түрлерін анықтаңыздар.

1.Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады. (Мақал) 2.Дәл осы минутта мұғалім кіріп келмегенде, мұның аяғы жақсылықпен тына қоюы екіталай еді. 3.Өзеннің суы тайыз болғанымен, жағасы тік. 4.Наурыз туса да, қыстың ызғары әлі кете қойған жоқ. 5.Жарық түсе бастағанымен, әзірге алыстағы заттар анық көрінбейді. 6.Дәурен далаға шықса, таң ағарып атып қалған екен. 8.Жұрт түгел жиналып біткенше, үй иесі қонақтармен әңгімелесіп отырды. 9.Әсеттің ауылға баруға ақшасы болмағандықтан, қысқы демалыста ол жатақханада болды. 10.Ол жауап қатпаған соң, бұған не болды деп бетіне қарадым. 11.Таңертеңнен бері түк көрмегендей, Асқар болған оқиғаны қайталап сұрады. 12.Егін жақсы өнім беруі үшін, егіс алқаптарына минералды тыңайтқыштармен өңдеген дұрыс. 13.Қазақ халқы азаттық алсын деп, Кенесары хан көтеріліс бастады.


Жағдаяттық тапсырма: Ауызындағы тістердің көбі жоқ науқасқа алмалы-салмалы протез салу керек. Сіз оған ондай протездердің қандай түрлері болатынын және олардың ерекшелігі туралы түсіндіріңіз. Ойыңызды жазбаша беріңіз.
3-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар.

Күлгенде көрінетін тістің әрқайсысы –тіс тізбегіндегі бір буын. Әр буынның өз қызметі бар: біреулерді тамақты тістесе, екіншілері шайнауға қатысады.

Тісті жұлғанда тіс қатарының және жақтың пішіні өзгеріске ұшырайды. Жұлынған тістің қасындағы тістер орындарынан қозғалып, бос қуысты толтыруға тырысады, бұл ауыздың дұрыс жабылуына және шайнаған кездегі тіс қатарының ара қатынасына кесірін тигізеді. Қалған тістерге көп салмақ түседі (олар жұлынған тістердің қызметтерін мойнына алады). Нәтижесінде тағы бірқатар тістерден айрылып қалу қаупі туындайды. Ең бастысы –жақ буындары мен бұлшық еттерінің жұмысында өзгерістер пайда болады.



Қазіргі заманғы алынбалы-салынбалы протездер  жеңіл әрі берік материалдардан жасалады. Сыртқы түрлері көркем әрі кигенде қолайлы. Алынбалы-салынбалы протездерді тек гигиеналық мақсаттарда ғана алады.

Алынбалы-салынбалы протездер мына жағдайларда қолданылады:


- тістер толығымен түсіп қалғанда (толықтай алынбалы-салынбалы протез); 
- тістер жартылай түсіп қалғанда, егер тіс қатары сиреп, алынбайтын протезді дайындау үшін тірек тістер болмағанда (жартылай алынбалы-салынбалы протез).



1. Күшейтпелі шырайлы сын есім қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Кеше күн өте суық болды.

ә) Дәріхананың іші жылы.

б) Сүт ұзақ сақталмайды.

в) Майлы тамақ тез қорытылмайды.

г) Платиниден жасалған тіс ыстық-суыққа төзімді болады.



2. Туынды зат есімдерді көрсетіңіз.

а) дәрі, қызмет

ә) жұмыстың, әннің

б) сынық, тілік

в) басқару, аялдау

г) бас, көз



3. Күрделі етістікті көрсетіңіз.

а) құлағы ауырды

ә) суретші болды

б) жазып отыр

в) ауруханаға жатты

г) көңілді отыр



4. Жай сөйлемді көрсетіңіз.

а) Адам қаңқасының өзіне тән ерекшеліктері бар.

ә) Күзде күн қысқарып, түн ұзарады.

б) Майлы тамақ тез қорытылмайды, сондықтан асқазанға ауыр.

в) Бұлшық еттер сүйектерге бекиді және денені қозғалысқа келтіреді.

г) Демікпе кезінде жүрек жиі соғады, адам ентігеді.



5. Қатыстық сын есім қолданылған сөз тіркесін көрсетіңіз.

а) ақылды адам

ә) қара тақта

б) ұзақ демалыс

в) ақшыл түс

г) зиян келтіреді



6. Септеулік шылау қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Радиодан хабарлады.

ә) Кітапты саған алдым.

б) Түсте жаңбыр жауды.

в) Миға қан құйылу күрт және жедел басталады.

г) Бүгінгі дәріс жүрек аурулары туралы болды.



7. Шығыс септік жалғауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Тамақтану мерзімін қатаң сақтау керек.

ә) Жатарда тоя тамақ ішпеген жөн.

б) Тамақты шамадан тыс көп ішпеген жөн.

в) Түске дейін кітапханада отырдым.

г) Науқастың жағдайы бүгін жақсырақ.



8. Жалғаулық шылаулар қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қымыз – бие сүтінен дайындалатын ұлттық тағам.

ә) Жеміс-жидектерді, көкөністі көп пайдаланған жөн.

б) Қымыз әрі сусын, әрі тамақ.

в) Әр түрлі тәттілер, кейбір жемістер аллергия туғызуы мүмкін.

г) Тамақты аз-аздан, жиі-жиі ішкен пайдалы.



9. Үстеу қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Тағам бұзылмас үшін, оны салқын жерде сақтаған жөн.

ә) Таңертеңгі, түскі және кешкі ас алдында тәтті жеу тәбетті кемітеді.

б) Көкөніс, жеміс-жидектер асқазанда жақсы қорытылады.

в) Ардақ баспамен ауырып қалды.

г) Кейбір аурулар өте жылдам таралады.



10. Жинақтық сан есім қолданылған сөйлемді көрсетіңіз.

а) Сабаққа 10 студенттің екеуі келген жоқ.

ә) Үш баланың ішінде ең жасы ─ Оспан.

б) Құрғақ ауа-райы кейбіреулерге жақпайды.

в) Сабақ сағат төртте басталады.

г) Бұл дәрілердің бәрі де пайдалы.



11. Салалас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Қыстың басы тақау болғанымен, әлі қар түсе қойған жоқ.

ә) Нұржанның қарсы болуына қарамастан, машинаға отырғызып жіберді.

б) Дәрігердің рұқсаты болса да, ол дәріні ішуден бас тартты.

в) Ол сұрақтың жауабын біле тұра, жауап бермеді.

г) Өрт қатты басталды, бірақ тез сөндірілді.



12. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Уақытында емделсеңіз, тез жазылып кетесіз.

ә) Үй тапсырмасын орындап қойдым.

б) Бұл мәселе туралы көп айтылғанмен, ешқандай нәтиже болған жоқ.

в) Әсет үйден ерте шықты, бірақ сабаққа кешігіп қалды.

г) Жеткілікті тамақтанбау немесе дұрыс тамақтанбау ағзаға зиян келтіреді



13. Сөйлемнің қарсылықты құрмалас жасайтын сыңарын көрсетіңіз.

Халық медицинасы көптеген ауруларды емдей алған, ... .

а) әрі оның себебін білген

ә) бірақ кейбір ауруларға қарсы шара қолдана алмаған

б) және күрделі оталар жасай алған

в) сондай ақ ол кездегі медицина деңгейі өте төмен еді

г) немесе әр түрлі дене жарақаттарын алған

14. Сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Тамақ дұрыс шайналса, дұрыс қорытылады.

ә) Рұқсат етсеңіз болды, мен айтып берейін.

б) Жедел жәрдемде келді, науқасқа алғашқы көмекте көрсетілді.

в) Халық емшілері туралы Ш.Уәлиханов жазған, олардың емдеу тәсілдерін зерттеген.

г) Жұқпалы аурулар тез таралады, сондықтан оны болдырмаудың маңызы зор.

15. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

а) Ауырған жер қызарады, қабынады.

ә) Науқастың ұйқысы бұзылады, терлейді.

б) Сабынмен жиі жуынбау керек.

в) Дененің тер бездері орналасқан жерлерін үнемі жуып жүру керек.

г) Дене шынықтыру жасасаң, ауырмайтын боласың.




9. Негізгі әдебиеттер:

1. Тұңғышбаева Ғ.Ж. Қазақ тілі сабақтары (стоматология факультетінің орыс бөлімі студенттеріне арналған) Алматы, 2008ж. 37-116 бб.

2. Дәрменқұлова Р.Н. Медициналық мәтіндер жинағы, Алматы, 2001 ж., 62-82 б.

3. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі (медиуиналық оқу орындарына арналған), Алматы, 2002 ж., 117-171 бб.



Қосымша әдебиеттер:

1. Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі. Жалғастырушы топтарға арналған. Алматы, 2002 ж.

2. Ш.Бектұров, А.Бектұрова Қазақ тілі для начинающих. Алматы, 1995.ж.

3. Б. Құлмағамбетова. Ж.Елемисова «Қазақ тілін үйренушілерге көмек» А.1995.





 

 

 



 

 

 



 

СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗ БЕТІНШЕ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

1. Ақпарат көздеріндегі денсаулық сақтау мәселелері. Қазіргі медицинаның жетістіктері.



2012 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланды


Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Ақпарат көздеріндегі денсаулық сақтау мәселелері. Қазіргі медицинаның жетістіктері.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет