Сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар



бет1/3
Дата19.05.2022
өлшемі436 Kb.
#143880
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
ашық сабақ
Жиырма бір фильмі. Кантореева Жайна МФ —31, Жиырма бір фильмі. Кантореева Жайна МФ —31, Жиырма бір фильмі. Кантореева Жайна МФ —31, nұrly-kөsh-baғdarlamasy-zhәne-otandastardyң-қaytyp-oraluy, Магия утро, 9 кл БЖБ № 1. 4- токсан. Атом құрылысы, манжазба, зерт жұмыс лаб

Бекітемін:
78 ЖОББМГ
Орта білім беру ұйымдарының педагогіне арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

6.1В Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Педагогтің аты-жөні

Шәмішева Н.Қ.

Күні:

07.12.2021ж

Сынып: 6 Г

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.2.1.1 алгебралық өрнек ұғымын меңгеру;
6.2.1.2 айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептеу;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Алгебралық өрнек ұғымын меңгереді
Оқушылардың басым бөлігі: Айнымалылардың берілген рационал мәндері үшін алгебралық өрнектердің мәндерін есептей алады
Кейбір оқушылар: Алгебралық өрнектің қосындысын есептей алады

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
(5 минут)

I. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Психологиялық ахуал орнату. «Гүл шоғын сыйлау» әдісі.


«Серпілген сауал» әдісі.

    1. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі мәні неге тең?(теріс санға)

    2. Қай кезде көбейтіндінің таңбасы оң болады?(екі теріс санды және екі оң санды көбейткен жағдайда мәні оң болады)

    3. (-3)*(-6)+6

    4. Қатынас дегеніміз не?

    5. (-365)*2

    6. Пропорция дегеніміз не?

    7. Теріс сандар координатаның қай бөлігінде орналасқан?

    8. 1:3 – тің периоды нешеге тең?

    9. Оң сан мен теріс санның қосындысы кандай мәнге тең?

Бүгінгі сабағымыз саяхат сабақ түрінде өтеді.


Оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.Оқушылар арнайы дайындалып келген гүлді алақандарына салып тұрып, бір-біріне тілек тілейді және гүлдің астына жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі.
«Рацционал сан» , «Бүтін сан», «Натурал сан», «Аралас сан»

«Бағдаршам» әдісі. Егер жауаптарының барлығы дұрыс болса, онда жасыл карточканы.
Егер жауаптары кішігірім қателік болса, онда сары карточканы.
Егер жауаптарының ешқайсысы дұрыс болмаса, онда қызыл карточканы көтереді.

Гүл шоқтары



Сабақтың ортасы
(35 минут)



Балалар біздің алғашқы бекетімізге тоқталайық. «Бостандық» бекеті. Бұл бекеттің тапсырмасы балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы айқындалады.Мюнстернберг әдісі
Мақсаты: оқушылардың зейінін сабаққа қаратып,
жұмысқа толық кірісуге ойды шоғырландыру;
Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар.
Сіздердің міндеттеріңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.
Тапсырма:
Алдеқеүеұайнымалыиалдвжыңтіайнымалысыбаррполвөрнекмвтарнвымпуквмып.
Екғәіқпбалгебралықуйрджиңәіғхшжқосындырлоықюдыөфшнкәрмнопрсз.
«ІNSERT»- түртіп алу әдісі.Жаңа материалды оқушылармен бірігіп үйрену.
Оқушылар, бүгін біз өткен түсініктерімізді қайталау арқылы жаңа сабақпен сабақтастырамыз.
Мынадай мысалдармен қарастырайық:

  1. Тік төртбұрыштың ұзындығы а см, ені b см болса, периметрін, ауданын табыңыз.

Сонда, P = 2(a + b), S = ab болады.

  1. Егер текшенің өлшемдері а см, b см, с см болса, онда текшенің көлемін табыңыз.

Сонда, V= abc болады.
Осы мысалдарды тұжырымдайық:
Табылған P = 2(a + b), S = ab, V= abc өрнектеріндегі а, b, с әріптері айнымалылар деп, ал P = 2(a + b),
S = ab, V= abc өрнектері айнымалысы бар өрнектер деп аталады.

  1. Формулалар мен есептің шартына байланысты құрылған теңдеулерді жазуда айнымалысы бар өрнектер пайдаланылады.

  2. Айнымалысы бар өрнектің жазылуында айнымалылармен қатар, сандар, жақшалар және арифметикалық амалдар таңбалары да болуы мүмкін.

  3. Кейде бір айнымалының өзі де айнымалысы бар өрнек бола алады, мысалы, b – айнымалысы бар өрнек, х– айнымалысы бар өрнек.

Жазылуында бір немесе бірнеше әріптер, сандар, арифметикалық амалдар және жақшалар болатын өрнек алгебралық өрнек деп аталады.
Мысалы: 3a; a + b; x(x+2) өрнектеріндегі әріптердәі қабылдайтын мәндері – кез
келген сандар.
Алгебралық өрнектің жазылуы мен оқылуына мән беру.
Мысалы: х санынан у пен 9 санының қосындысын азайтуды былай жазамыз:
х – (у + 9)
Егер айнымалылары бар өрнектегі әрбір айнымалының орнына оның қабылдайтын мәнін қойсақ, санды өрнек жазылады. Бұл жағдайда санды өрнектің мәнін айнымалылары бар өрнектің мәні деп атайды.
Алгебралық өрнектің сандық мәнін табу үшін:

  1. Алгебралық өрнектегі әріптерді олардың сан мәндерімен алмастыру қажет;

  2. Теріс сандар жақша ішіне алынып жазылады;

  3. Алгебралық өрнектегі жақшалар есепке алынып (егер жақща болса), тиісті арифметикалық амалдар ретімен орындалады.

Мысалы: 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәнін табайық.
7а + 5 = 7·3 + 5 = 26.
Мұндағы 26 саны 7а + 5 өрнегінің a = 3 болғандағы мәні.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет