Сабақ «Үстеу туралы түсінік»



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі0,53 Mb.
#29120
түріСабақ
  1   2
Өндіріс орта мектебі

Ашық сабақ «Үстеу туралы түсінік»

6-сынып

Өткізген: қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі:



Сатемір Айзира Қаржауқызы

2017 жыл


Сабақтың тақырыбы Үстеу туралы түсінік

Сабақ  мақсаты:

1. Білімділік: үстеу туралы толық түсінік беру,білімін тексеру.

     2. Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын сүюге, адалдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.Сабақ барысында  бірін-бірі тыңдайды, жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді.

     3. Дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін,  тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу, олардың ой-пікірін қалыптастыра отырып, шығармашылық қабілетін дамыту.
Сабақтың әдісі : СТО әдіс-тәсілдері,  сұрақ-жауап,шығармашылық іздену. 

Cабақ типі:        жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі :        көркем әдебиет,  слайд,т.б.

Пәнаралық байланыс :        әдебиет


Сабақтың барысы :  

І. Ұйымдастыру кезеңі :

      Амандасу, түгендеу, топқа бөлу

/түрлі-түсті кеспе қағаздар арқылы 3 топқа бөлу/

Сары түс-күз мезгілі

Жасыл түс –жаз мезгілі

Ақ түс –қыс мезгілі

Топ басшыларын сайлау


І.Қызығушылықты ояту

Сабаққа дайындық.Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

-Міне,жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

Ыстық орындық

1. Сабақты және салт етістіктер дегеніміз не ?

 2.Етіс түрелерін атап шық?

 3. Есімшенің жұрнақтарын ата?

 4. Көсемшенің жұрнақтарын ата?

 5. Тұйық етістік дегеніміз не?

 

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық:

« Тірек сөздер»  стратегиясы. (Өлеңдегі асты сызылған сөздерің қызметін анықтау.)
1.Мен күні бойы сабақ оқыдым./ қашаннан? мезгілін/.

2. Жолдасымнан ілгері озып кеттім. / қайда ? мекенің/

3. Бала ақырын жүрді./ қалай? қимыл-сын/

4. Ол амалсыздан ойнап жүр екен. / не себепті? себеп-салдар/

5. Өміртайдың жылығаны анағұрлым білінбеді./қаншалық ? мөлшерін/

6. Ол сабағын мүлдем оқымады.  /қалай? күшейткіш/

7.Мен оны әдейілеп шақырдым /не мақсатпен? мақсат /

8. Бұл жұмысты олар екеулеп орындады /нешелеп? топтау/
ІY. Мағынаны тану:

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Үстеу». Олай болса мынадай ертегіні тыңдайық. «Қазақ тілі» елінде «Сөз таптары» шаһарында Үстеу деген шал өмір сүреді екен. Үстеу өзін таныстырады:

-Мен Үстеумін,тілімізде қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін: амал-тәсілін,мекенін, мезгілін , себебін, мақсатын , мөлшерін т.б. сипаттарын білдіретін сөздерді қамтимын.

Қанша? Қашан? Қалай? Қайда? Қайтіп? Не себепті? Қайдан? Қалайша? Не мақсатпен? Неге? Нешелеп? Қаншалап? деген сұрақтарға жауап беремін.


Шығармашылық тапсырмалар :

І-тапсырма:



-Енді әр мезгілге сурет бойынша және берілген заттар бойынша флипчарт жасалып, мәтін бүгінгі тақырыппен құрастырылады.









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет