Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4 В
Күні:
Сынып: 8 «В»
|
Мектеп: ХББ НЗМ Атырау қаласы
Мұғалімнің аты –жөні: Алдигулова Н.Ж.
Қатысқандар саны: 10 Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көзі. Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы. Күн мен Айдың тұтылуы.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
|
Сабақ мақсаттары
|
Жарық табиғаты және оның таралуын сипаттау. Күн мен Айдың тұтылу себебін анықтау
|
Жетістік критерийлері
|
Жарық туралы ұғымды өз беттерімен зерделеп, зерттеп өмірмен байланыстыра алу;
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсіну және қолдану керек.
Арнайы пәндік лексика мен терминология:
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Жарық
|
Свет
|
light
|
Жарық көзі
|
Источник света
|
illuminant
|
Күннің тұтылуы
|
Затмения Солнцы
|
eclipse of the sun
|
Айдың тұтылуы
|
Затмения Луны
|
eclipse of the moon
|
Жарық сәулесі
|
Луч света
|
light ray
|
Көлеңке
|
Тень
|
shadow
|
Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер:
Оптика – жарық құбылыстарын зерттейтін физиканыӊ бір бөлімі.
Өзінен жарық шығаратын денелер жарық көздері деп аталады. Жарық көздері екіге бөлінеді: табиғи және жасанды жарық көздері.
Жарық сәулесі – жарық энергиясының таралу бағытын көрсететін сызық.
Жарықтың түзусызықты таралу заңы: жарық біртекті мөлдір ортада түзу сызық бойымен таралады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жұмыстануға үйрету)
Оқушыларың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
Оқушылар арасында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Математика
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Есептер мысалын АКТ көмегімен ұсыну
|
Бастапқы білім
|
Жаңа материалды меңгеру
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
3 мин
7 мин
|
Қолайлы жұмыс ортасын қалыптастыру
1.Оқушылармен амандасу
2.Түгендеу
3.Сыныптың сабаққа дайындығы
«Білімді шыңдау»
- «жарық», «жарық көзі», «Күн» сөздері жасырынған бағдаршам макетін дайындау;
- берілген жауаптар бойынша бағдаршамды жағу
Олай болса оқушылар бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:
«Жарық. Жарық жылдамдығы. Жарық көзі. Күн – жұлдыз. Жарықтың таралуы.
Күн мен Айдың тұтылуы.»
Жарық нені білдіреді?
Жарық –заттың бөлшектерінің табиғатынан бөлек, табиғаты ерекше бөлшектер ағыны болып табылатын фотондар ағыны. Фотондар ағыны энергияны жарық көздерінен жарықталған денелерге жеткізеді. Бұл энергияны жарық энергиясы немесе жарықтың сәуле шығару энергиясы деп аталады.
|
Оқушылар хабарламасы
|
Сабақтың ортасы
35 мин
|
Жаңа материалды меңгеру
Жарық және жарық құбылыстары туралы ілімді физиканың оптика (грек сөзі, көрінетін, көруге болатын дегенді білдіреді) деп аталатын бөлімі қарастырады.
Фотондар жылдамдығы жарықтың таралу жылдамдығы болып табылады. Жарық жылдамдығы әр түрлі заттарда түрліше болады. Тәжірибе арқылы вакуумдегі жарық жылдамдығы с-300 000 км/с-қа тең. Мұндай жылдамдықпен бірде –бір дене, бірде-бір заттың бөлшектері қозғала алмайды.
Вакуумде с=300 000 км/с
Ауада с= 299 711 км/с
Суда с=225 000 км/с
Шыныда с= 200 000 км/с
Вакуумдегі жарық жылдамдығы – табиғатта мүмкін болатын үлкен жылдамдық.
|