Сабақ тақырыбы Су. Судың қасиеті Жалпы мақсаты



Дата26.08.2017
өлшемі92,1 Kb.
#28789
түріСабақ
Успанова Гульмира Казиевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Қызылорда облысы Арал қаласы №64 орта мектебі

29.Х. 2016жыл

Дүниетану

2-сынып

Сабақ тақырыбы

Су. Судың қасиеті

Жалпы мақсаты

Оқушыларды жаңа сабақпен таныстыру. Судың қасиеттерін білу. Оқушыларды сыни ойлату арқылы өзіндік пікір қалыптастыру. Судың қандай күйде болатынымен таныстыру, практикалық жұмыс барысында бақылау талдау салыстыру және қорытынды шығара білуге үйрету.

Сілтеме

1.Дүниетану оқыту әдістемесі 2. Дүниетану. Алматы «Атамұра» 2002 жыл, интернет жүйесі

3. Жоспар



Күтілетін нәтиже

  • Судың әр түрлі қасиеттерін білу.

  • Тәжірибе арқылы дәлелдей алу.

  • Табиғатты қорғау.

Негізгі идеялар

Табиғатты, өзен-суларды қорғауға, құрметтеуге тәрбиелеу

Сабақта қолданылатын материалдар

Интербелсенді тақта, слайд, плакат, маркер, стикер, Қазақстанның физикалық картасы, бор

Дерек көздері

Ғаламтордан алынған мәліметтер,  тәжірибеге қажетті заттар.

Тапсырмалар

  • «Су. Судың  қасиеті» тақырыбын оқу, тірек сөздер.

  • «Ойлан-жұптас-талқыла» әр топ постер қорғайды.

  • «Ой толғаныс» тәжірибелік жұмыс . Әр топ басшысы өзге топ алдында тәжірибені түсіндіреді

.

Үй тапсырмасы

Су. Судың қасиеті түсінік айту

Сабақ барысы:

Сабақтың кезеңдері

Уа-қы-ты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті



Негізгі деректер, ресурстар

Ұйымдас-тыру кезеңі

3 мин

Психологиялық дайындық.
Күн жарығын алақанға саламын

Жүрегіме басып ұстай қаламын

Ізгі әрі нәзік жарық мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.


Қайырлы күн балалар,

Қайырлы күн, мұғалімдер

Тыныш болып түніміз

Ашық болып күніміз

Сәттілікке толсын – ай.
Сабаққа қатыспаған оқушыны белгілеу.

Бағалау критерийлері.




Оқушылар шеңбер бойына тұрады. Бір-біріне алақандарын қоя отырып, өлең жолдарын қайталай-ды. Оқушылар шеңбер бойында тұрған бойда стикер-лер таратылып, сол стикердің артындағы «жер», «ауа», «су» сөздері бойынша өз тобын табады.
Оқушылар бағалау

критерийлерін еске-ре отырып,жақсы ба-ғалануға ұмтылады.

Белсенді қатысады.


Интербел-сенді тақта

Стикерлер
Бағалау парақшалары


Үй тапсырма-сын тексеру



5 мин

Жеке жұмыс

«Ақылды доп» ойыны арқылы үй тапсырмасы сұралады. 1. Ауаның негізгі қасиеттерін айтыңдар?

2. Ауаның тіршіліктегі пайдасын айтыңдар?

3. Ауаның шаруашылықтағы маңызы жайында не білдіңдер?

«Иә-жоқ» тапсырмасы арқылы қорытындыланады.


Тақтада шеңбер құрып тұрады, допты бір-біріне лақтыру арқылы сұрақтар қояды, әр бала өз ойларын ортаға салады.


Сұрақтарға жауап береді. Ауа туралы алған білімдерін пысықтайды

Доп


Ой қозғау
Миға шабуыл

2 мин

7 мин


2 мин

Ребус шешу:

  1. Су туралы не білесің?

(Топтық жұмыс)



  1. ББҮ кестесін толтыру

(Жеке жұмыс)

Ребусты шешеді.

Интербелсенді тақтада берілген тапсырма бойынша, әр топ өз постерін қорғайды.
«Білемін», « Білгім келеді» графасын толтырады.

Интербел-сенді тақта, плакат, маркер



Мағынаны тану


7

мин



2 мин


Оқулықпен жұмыс.

Үш топқа үш тәжірибе беріледі, топ ішінде оқып, топтан 2-оқушы тәжірибені жасап, дәлелдеу

1-топ 1 – тәжірибе. Шыны ыдысқа сүт, екінші шыныға су құйып, екеуін салыстыру. Сүт – ақ, ал су түссіз. Таза суды аз мөлшерде алсақ, түссіз. Ал өзен, көл суларының түсі әр түрлі болады. Оның себебін кейін білеміз.


2-топ 2 – тәжірибе. Су – мөлдір. Оны анықтап көрейік. Екі стаканның біреуіне сүт, біреуіне су құю. Олардың ішіне қасық салу. Қайсысындағы қасық анық көрінеді. Неге?

- Бұл тәжірибеден судың қандай қасиетін байқадыңдар? Суды иіскеп көр. Иісі жоқ. Олай болса, су түссіз, мөлдір, иіссіз.


3-топ 3 – тәжірибе. Кесеге, шыныға, сатаканға су құю. Ыдыстардағы судың пішініне назарларын аударту. – Су қандай пішінге ие болды? Әрбір құйылған ыдыстың дәл өзіндей емес пе? Олай болса, суда тұрақты пішін болмайды. Ол құйылған ыдыстың пішінін алады екен. Суды кез – келген беті тегіс нәрсеге құйып, (ол жан – жағына аға бастайды) судың сұйық екенін түсіндіру.

Сергіту сәті:

«Көңілді күн» биіне қимылдар жасау

Оқушылар оқулықтағы тәжірибемен танысады, өз ойларын айтады

«Аквариум» әдісі бойынша жауап береді және тәжірибені жасап көрсетеді..

Би қимылдарын жасайды.



Табиғат, өзен суреттері


Интербелсенді тақта

Оқулық, слайд




Ой толғау


5 мин

3 мин


Судың үш күйі Топтық жұмыс «Көрнекілік әдісі» Интербелсенді тақта арқылы суға байланысты бірнеше суреттер көрсетіледі.

Әр оқушы суреттер бойынша не түсінгендігін әңгімелейді.


Дәптермен жұмыс


Судың үш күйі

Жаңбыр мұз

бу



әр топтың оқушысы өзіне берілген тапсырма бойынша кезектесіп айтып шығады.


Дәптерге судың үш күйін жазады.



Интербелсенді тақта

слайд



Бекіту

2 мин

2 мин


Жеке жұмыс

Жұмбақ шешу арқылы

Мүлгіп тұрған бақ тыныш,

Ораныпты ақ күміс (қар)
Аяз қысып,

Өрнек сызып,

Терезені торлайды.

Қарға омбығып,

Бет домбығып,

Сырғанап жастар ойнайды.


ББҮ кестесі

Оқушылар жұмбақтың шешуін табады, қыста судың мұз күйінде болатынын айтады.


ББҮ кестесінің «Үйрендім» бөлігін толтырады




Қорытын

ды


2 мин

Елбасымыздың Арал өңіріне жасаған сапары туралы айту

«Қазақстан ауасы таза, суы-мөлдір, жасыл желекке айналуы тиіс» Н.Назарбаев

Өз ойларын айтады.




Ой толғаныс


2 мин


«Бағалай білейік» (топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды және оқушылар таратылған стикерлерге екі жұлдыз, бір ұсыныс жазады


1.Топтар бір-бірін бағдаршам арқылы бағалайды.

2.Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы кері байланыс жазады.



Бағдаршам көздері

  • - «5» - «4» - «3»

Стикерлер, плакат

Үйге тапсырма

1 мин

Су.Судың қасиеті түсініп оқу, мазмұндау







Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет