Сабаққа негізделген оқу мақсаты



бет1/8
Дата08.06.2018
өлшемі183,6 Kb.
#41601
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8

Сабақ: Ой бөлісу

Мектеп: №3 Хамза атындағы жалпы орта мектеп

Күні: 11.04.2017ж

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Сынып: 11-«А,Б;В»

Қатысқандар:12

Қатыспағандар:0

Сабаққа негізделген оқу мақсаты:

Оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін түрлі тапсырмаларды орындату арқылы көтеру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: берілген тапсырманы орындайды.

Оқушылардың басым бөлігі: өз ойларын ауызша және жазбаша түрде жеткізеді.

Кейбір оқушылар:берілген тапсырмаларды нақты, әрі түсінікті орындайды.


Бағалау критерийлері:

  1. «Айналым» әдісінің сұрақтарына толық жауап беруі;

  2. Эссе жазып, салыстырмалы түрде бағалауы;

  3. Тест тапсырмасын орындауы.

Күтілетін нәтиже:

  1. Сұрақтарға толық, нақты жауап береді;

  2. Эссе жазада;

  3. Тест тапсырмасын орындап бағалайды.

Ойлау деңгейлері:

Жоспарланған жаттығулар: Төле бидің шешендік сөзі, ойлау карталары, болжау, постермен жұмыс, эссе, тест, кері байланыс.

Ресурстар

Уақыт

Басталуы

«БІЛУ»


Кім?

Не?


Қашан?

Қайда


«ТҮСІНУ»

Неге?


Неліктен?

Не үшін?


Сабақ барысы:

  1. Шаттық шеңбері

  • Танысу: Алдымен бәріміз шеңберге тұрайық. Қазір біз өз есімдерімізді шеңбер бойынша есімдерімізді атап, көрші тұрған қатысушыға жақсы тілек айтамыз

  1. Кіріспе

Әрқайсымыздың таңымыз әр қалай атады: біреулер тез және сергек оянады, біреулер асықпай тұрғанды ұнатады, біреулер – бүгінгі күнім қалай өтеді екен деп қобалжып тұрады, біреулер – шын жүректен күнді күліп қарсы алады.

Таңымыз қалай атқанына, әр күнімізді қалай қарсы алғанымыздан, оның қандай болатыны байланысты. Сіздер осыған келісесіздер ме?

Біздің бір күніміз ол не?…Оған сырттан қарап көрейікші.

«Менің бір күнім» презентациясы (бір күн – таңғы сүйіспеншілік – жаңа жоспарлар – әртүрлі оқиғалар – қызықты кездесулер – үлкен және кішкентай жаңалықтар – түрлі-түсті көңіл-күй – сүйіспеншіліктің бір сәті – аңсаған армандар  –  бұл өмір).

Мұның бәрін бір сөзбен айтуға болады. Бұл ӨМІР.

 

Бір күніңе кішкентай өмір ретінде қарау керек (М. Горький)

 

Бүгін біз осы өмір туралы ойларымызды ортаға салып, оның құндылықтарының мәнін ашып көреміз…



 

3.«Ойлануға арналған балықтар» жаттығуы. (сұрақ жауап түрінде)

  1. Өмір дегеніміз не, қалай түсінесің?

  2. Өмір сүру жақсы ма, әлде жаман ба?

  3. Сен бақыттысың ба?

  4. Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса сен не істейсің?

  5. Сенің мінезіңнің жаман, жақсы жақтары бар ма?

Бұл сұрақтарға оқушылар өздері жазып келген шығармаларынан үзіндіні оқып беру арқылы жауап береді.

 

Өмірді адам қалай қабылдаса да – игілік немесе сынақ ретінде болсын – бәрібір ол бақытқа қол жеткізуге тарасады. Өмір – ол адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес сый.




АКТ

Сүрет, шыбық,



15 мин

Ортасы

«ҚОЛДАНУ»

Оқулықта

Берілген


жаттығу жұмыстары

«ТАЛДАУ»


Салыстыр айырмашылығы неде?



Топтық жұмыс

Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің?  (постермен жұмыс ұйымдастырылады, баяу әуен қосылып тұрады «Подводный мир»)

Әр топ өзінің жұмыстарымен таныстырады.

 

5.Шығармашылық жұмыс

Статистикаға назар аударайық. Мәтін тақтада көрестіледі. Адам орташа есеппен 76 жас өмір сүреді екен. Бұл бар болғаны 3952 аптаны құрайды. Оның 1317 аптасын адам ұйқымен өткізеді екен. Яғни өмір сүру үшін бар болғаны 2635 апта қалады екен. Осында отырғандарымыздың жасын алсақ, орташа есеппен 33 жаста. Яғни өмір сүру үшін бізде бар болғаны 1114 апта бар. Өмір қамшының сабындай қысқа – дейді атам қазақ. Осы қысқа өмірімізді маңызды құндылықтармен толтырайық.

Ол үшін мен сендерге мына тапсырманы орындауды ұсынамын.

Барлық қатысушыларға парақта салынған түрлі-түсті құмыралар және құндылықтар жазылған каточкалар таратылады.

Өздеріңіз үшін ең қымбат, маңызды  деген құндылықтарды таңдап, осы құмыраларға жазып шығыңдар.

Өте маңыздыларын үлкенрек етіп жазыңдар

 

 



6.Тәжірибе көрсету

Қазір мен сендерге философия ғылымының профессоры өз студенттеріне көрсеткен тәжірибені көрсетемін.

Ол мөлдір шыны ыдысты алып, оны тастармен толтырды ( мен жаңғақтарды алайын). Сөйтіп өзінің студенттерінен «Ыдыс толды ма?» деп сұрады. Студенттер «Ия, толды» деп жауап берді.

Сол кезде ол бұршақтарды алып ыдысқа салып, тастардың арасындағы бос орындарды толтырды. Профессор қайтадан студенттерінен «Ыдыс толды ма?» деп сұрады. Студенттер тағыда «Ия, толды» деп жауап берді.Сол кезде ол құмды алып ыдысқа салды, әрине құм толықтай бос орынды толтырып шықты. Профессор тағы да «Ыдыс толды ма?» деп сұрады. Бұл жолы да студерттер «Ия» деп жауап берді. Сол кезде профессор ыдысқа аздап су құйды,  студентттер күліп жіберді.

Ал профессор студенттерге былай деді: «Мен сендердің бір нәрсені түсінгендеріңді қалаймын. Ыдыс – ол сендердің өмірлерің, тастар ол сендердің ең құнды бағалы заттарың: отбасы, денсаулық, достар, балалар, махаббат – яғни сендердің өмірлеріңді толтыратындар. Сендер бәрін жоғалтып алсаңдар да, бұлар сендердің өмірлеріңді мәнді етеді. Бұршақ – ол жеке сендер үшін маңызды болып саналатындар: жұмыс, үй, көлік, ақша. Құм – ол біздің өмірімізді толтырып жүрген ұсақ-түйек заттар.

Егер алдымен ыдысты құммен толтырсақ, тастар мен бұршақтарға орын қалмай қалады. Өмірде де солай, егер бар күшімізді ұсақ-түйекке жұмсасақ, маңызды заттарға орын қалмай қалады. Сізді бақытты ететін істермен айналасыңыз: достарыңызбен ойнаңыз, жақындарыңызға көңіл бөліңіз, достарыңызбен кездесіңіз. Сол кезде жұмыс істеуге, үй жинауға, көлік жөндеуге үнемі уақытыңыз болады. Ең алдымен тастармен айналасыңыз, яғни өмірдегі маңызды істермен, ал қалғанның бәрі – құм».

Бір студент қыз қолын көтеріп «Судың қандай мағынасы бар?» деп сұрапты. Прфессор күліп тұрып «Сен осы сұрақты қойғаныңа қуаныштымын. Мен мұны сендерге жәй, өмірлерің қаншалықты толы болса да, әркезде бос отыруға орын табылатынын көрсеткім келді.»

Енді сендер өмірлерің неге толы болу керек екендігін білесіңдер. Алдарыңдағы құмыраларға тағыда көз салыңыздар. Мұнда тастар қайсысы, бұршақ пен құм қайсысы екенін байқап көріңіздер. Не нәрсеге көп уақыттырыңды бөледі екенсіңдер.




АКТ, постер

15 мин

Аяқталуы

«ЖИНАҚТАУ»

Алынған ақпарат негізінде талдау, жинақтау
«Бағалау»

Сен қалай ойлайсың?

Не істер едің?

Өз ойыңыз?




«Адам өз өмірінің суретшісі. Ол өмірді сырлап бояуға, оған ажар, түр беруге, оны әшекейлеп өрнектеуге еңбек етеді» Б.Бұлқышев

 


  1. Рефлексия

Оқушылар стикерлерге мына сөйлемдерді аяқтап, талға іледі:

  • Маған ұнағаны …

  • Мен өзіме жаңалық аштым…

  • Менің білгенім…

  • Есіме жақсы сақтап қалғаным…

  • Мен түсіндім…

  • Менің таң қалғаным…

  • Өзіме және басқаларға тілейтінім…

  • Менің қалайтыным…

  • Мен таңдаймын…

  • Басқаларға айтып беретінім…

  • Мен алғысымды айтамын…




Тест парақшалары, қалпақтар.

15мин

Рефлексия Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған са ралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Бүгінгі сабақтың мақсаты шынайы болды. Оқушылар сүретке қарап өз ойын еркін жеткізуді, кез келген оқиғаны өз ойымен жалғастыруды, орынды сөйлеуді үйренді. Жоспарлаған тапсырмаларды оқушылар қызығушылықпен орындады. Мен келесі сабақта өз жоспарыма оқушының ауызша сөйлеу дағыларын дамытатын әдістермен толықтырғым келеді.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1. «Ойлау карталары» әдісі. Сүретке тақырып таңдау, сол тақырыпта эссе жазып, бағалағаны.

2. «Болжау» әдісі. Ойды оқушының өздері жалғастырғаны.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. «Ақылдың алты қалпағы» әдісімен кері байланыс жасау. Сұрақтар арқылы алты қалпаққа орынды пікір айтқаны.

2. сабақты қорытындылау үшін пайдаланған тест тапсырмасы. Оқушының жылдам жауап тапқаны мен бағалағаны.

Сабақ барысында мына сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім? Келесі сабақтарда оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін көтеру үшін «Рөлдік тапсырма» әдісін пайдаланып отырамын. Шешендік сөздерді пайдалана отырып, рөлдерге бөліп орындау тапсырмасын беремін. Оқушы бұл тапсырмамен әрі сахнада сөйлеуді, еркін ойын жеткізуді, көркем тілмен сөйлеуді үйренеді.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет