Сабақтың тақырыбы Алгебралық тәсілмен есептер шығару Педагог Жакупова У. Т. Курс



Дата07.02.2022
өлшемі82,5 Kb.
#85545
түріСабақ
Байланысты:
Алгебралық тәсілмен есептер шығару


Онлайн сабақтың жоспары (синхронды оқыту)№



Сабақтың тақырыбы

Алгебралық тәсілмен есептер шығару

Педагог

Жакупова У.Т.

Курс

ІV

Пән

Математика теория негіздері және бастауыш сыныпта математиканы оқыту әдістеменсі

Тобы

МБТ17-9
















Сабақтың өткізілетін күні

17.10.20
















Сабақтың түрі

Онлайн сабақ

Сабақтың мақсаты

Алгебралық тәсілмен есептер шығарту.

Оқу - әдістемелік құралдар, әдебиеттер

Т.Оспанов, Ш.Құрманалина, С.Құрманалина
Бастауыш мектепте математиканы оқыту әдістемесі

Техникалық құралдар, материалдар

АҚТ,ZOOM.WHATSAAP

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері




1 Ұйымдастыру кезеңі:



Психологиялық дайындық
Whatsapp желісінде студенттерді сабаққа тарту

2. Жаңа материалды түсіндіруге дайындық кезеңі
Практикалық /зертханалық жұмысқа дайындық кезеңі
(жаңа тақырыпты болжау)

Ватсап желісінде тақырыпқа қысқаша түсінік.
Алгебралық тәсілмен есептер шығару

3. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі



Бірінші жәшіктегі алмалар саны екінші жәшікке қарағанда 3 есе артық. Егер бірінші жәшіктен 17 алма алынса, ал екінші жәшікке 35 алма салынса, онда екі жәшіктегі алмалар саны бірдей болады. Алғашқыда әр жәшікте қанша алмадан болған?

Бөлім меңгерушісі : Тоқсанбаева Б.


Педагог: Жакупова У.


Алгебралық тәсілмен есептер шығару
Бірге амалдарды орындаудың рет-тәртібі және жаңашалар, екі амалдан тұратын. Санды өрнек құру, оқу, жазу және мәні табу, екіншісі біріншісінің жалғасы болатын есептер тізбегін қарастыру да екі амалмен шығарылатын есепті енгізу қарсаңында жүргізілетін арнайы дайындық болып табылады.
Есептің шешуін жазудың 1-сыныптағы үлгісі де өзінің жалғасын табады. Алайда есеп екі амалмен байланысты қарапайым өркен жолдың орта тұсына жазылады. Өйткені,әрі қарай жазудың, онға қарай да, солға қарай да жалғастырылуы мүмкін. Әр амалды орындауда ненің табылатыны міндеті түрде санды өрнек құрылады және оның мәні есептеледі.бір ғана есепті шығарудың әр түрлі тәсілмен жүзеге асырылуы үлгісін көрсетіп берген де жөн. Сонда ғана есепті шығару кезінде негізгі басшылыққа алынатын нәрсе пайымдау екендігін оқушылар түсінеді. Есепті шығаруды әр түрлі тәсілмен жүзеге асырылуына негіздей отырып, қосу амалының терімділік терімділік қасиетін оқушыларға жеткізу мүмкіндігі туғанын оны түсіндіру қажеттігінде естен шығаруға болмайды, Өйткені, осы уақытқа дейін қосудың ауыстырымдылық қасиеті есептеулер жүргізуде өте жиі қоладныылп келген болатын. Ал қосудың терімділік қасиетін қарастыру келешекте оны есептеулерде қолдануға мүмкіндік туғызады. Ал ілгеріде бір ғана есепті әр түрлі тәсілмен шығару есепке сәйкес құралған өрнектің мәнін табуда қосудың терімділік қасиетінің қолданылу аясының мысалы болып табылады және біртіндеп сол қасиетті есептеулер жүргізуде қолдануға машықтандыру жүзеге асырылады. әрине жоғарыда қарастырған бағыттардағы сәйкес жұмыстар оқулықтағы жаттығулар жүйесі арқылы ұйымдастырылады. Оның нәтижесінде есепті шығаруға қатысты білік қатыстырылады және есеппен байланысты шығармашылық іс-әрекеттерді орындауға оқушылар машықтанады.
Есеп:1-тоқсанда неше оқушының кеткені белгісіз, яғни х оқушы кеткен болсын. Сонда сыныптағы оқушы саны бұрынғыдан х оқушыға кеміді. Демек, қазір 39-х немесе 35 оқушы бар. Ендеше, 39-х=35 Белгісіз шаманы немесе санды әріппен белгілеген соң, сырт қарағанда есеп шығып болған сияқты да, әрі қарай талқылау жүргізу керексіз болып көрінеді.
Оқушыларға есепті арифметикалық тәсілмен шығару ұсынылады. Содан кейін теңдеу құрып, алгебралық тәсілмен шешу ұсынылады; мұнда екі тәсілді салыстыру қажет:
“Бүркіттің ұшу жылдамдығы 30 м/с, ал ол сұңқардың ұшу жылдамдығынан 10 м/с артық. Сұңқардың жылдамдмығмы неге тең? (М-4, 1112-бет). Арифметикалық тәсіл:
Қысқаша жазамыз:
Б.-30м/с ол 10 м/с артық
С.-? м/с
Шешуі:
30-10=20 м/с
Мұнда оқущылар есепті қосу амалымен шығаруы мүмкін, 30+10=40 м/с. өйткені, есепте 10 м/с артық делінген, санды бірнеше бірлікке арттыруға арналған есептің тура түрін жанама түрімен шатастырып алады. Х м/с-сұңқардың жылдамдығы
(х+10) м/с –бүркіттің жылдамдығы; Бүркіттің жылдамдығы 30м/с екендігін білеміз, теңдеу құрамыз:
х+10=30
х=30-10
х=20
Жауабы: 20 м/с бүркіттің жылдамдығы.
Осындай жұмыстың нәтижесінде есепті теңдеу арқылы шығарудың реті шығады:
Белгісіз шаманы анықтап, оны х деп белгілейміз; санды және әріпті өрнек құрамыз, белгілі және белгісіз шамалар арасынджағы байланысты анықтаймыз; Тең қатынасымен байланысты өрнектерді анықтап, теңдеу құрамыз;
Есепті мазмұнымен байланыстырмай-ақ, теңдеуді шешеміз, сондықтан мұнда шама бірліктері жазылмайды;
Х-+тің мәнін табамымз бұл белгісіз шаманың санды мәні болады; шама бірліктерін қолданып, жауабын жазамыз.
Есепті теңдеу арқылы шығарудың жаңа тәсілі есепті шешудің арифметикалық тәсілмен салыстыру барысы оқулықта сипатталады: “Бір бидонда бірнеше литр, ал екіншісінде 10 сүт бар. Бірінше бидонға тағы 2 л сүт құйылғанда, ал екіншісінен 3 л сүт құйып алғанда, екі бидондағы сүттің мөлшері бірдей болады. Бірінші бидонда неше литр сүт болған еді?
1) 10-3=7 (л)-екінші бидоннан 3 л сүт құйып алғанда қалған сүт.
2) Бірінші бидонға 2 л сүт құйғанда, сонша сүт болады, демек, онда 7-2=5
(л) болады. Тексеру:
5+2=10-3
7=7

https://youtu.be/8AYqeaxVUhg

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет