Сабақтың тақырыбы: Асан Қайғының Жерұйықты іздеуі Сабақтың мақсаты



Дата04.05.2017
өлшемі34,6 Kb.
#15648
түріСабақ
Ежиханова Гүлшахар Төлеуханқызы

Павлодар облысы, Ақсу қаласы,

2 жалпы орта білім беру мектебінің



қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Пәннің аты: Қазақ әдебиеті.

Сынып: 5

Сабақтың тақырыбы: Асан Қайғының Жерұйықты іздеуі

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларды аңыз – әңгімелер туралы түсінік беру, Асан қайғы туралы аңыздармен таныстыру, оларды тілдік тараптан талдауға үйрету, тақырыпты меңгерту.

2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: мәнерлеп оқу, әңгімелеу,талдау.

Сабақтың көрнекілігі: Аңыз – әңгімелер жинағы.



Пәнаралық байланыс: тіл, тарих,география.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.

3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.

4.Сыныпты топқа бөлу. (Түрлі түсті қағаз бойынша).

Сыныпты 4 топқа бөліп, отырғызу. Әр топтың Спикері топ мақсатын түсіндіреді.

ІV Жаңа сабаққа дайындық.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру: Оқушыларға жәрдем. ( Мұғалім түсінік береді)

Әдебиет теориясынан түсінік

Тарихта болған әйгілі адамдар жайында немесе елдің, рудың шыққан тегі туралы не нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы тарихи шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе, көркем шығармаға айналып кеткен әңгімені аңыз дейміз.

Аңыз белгілі бір адамның атына, іс- әрекетіне байланысты туады. Кейде аңыз – әңгімеде шындық оқиға мен қиял- ғажайып оқиға аралас келіп отырады. Аңыз – әңгіме көбінесе тарихта болған адамның басына құрылады. Ол адам не батыр, не ел басшысы немесе әділ би, ақыл – парасатымен ел құрметіне бөленген беделді адам болуы мүмкін. Бірақ ол адамдардың айтқан сөздері мен істеген іс – әрекеттеріне байланысты айтылған әуелгі шындыққа қоспалар қосып , сол істепті – міс, сол айтыпты – мыс деген әртүрлі лақап біртіндеп аңызға айналады. Оны әңгіме, жыр етіп, біреуден – біреу жаттап алып, кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырған.

Қазақ аңыздарындағы Асан қайғы, Жиренше, Қорқыт, Жошы хан сияқты кейіпкерлер-бәрі де тарихта болған, ел басқарған дамдар, бірақ кейін олардың әрекеттері біреуден – біреуге ауызша айтылып аңыз болып кеткен.Мысалы: Асан Қайғының Жернұйықты іздегені

Асан Қайғы Желмаяға мініп, жиһан кезіп «Жерұйық» дейтін ну орманды, көкорай шалғынды, сулы жер, қой үстінде бозторғай жұмытрқалайтын қоныс іздейді.

Асан қайғы Маңғыстауға үш барып үш қайтыпты. Асан шұрайлы қоныс, нулы өлке іздеумен өмір бойы Желмаясымен желіп өткен екен. Ұлытаудың бас жағына келіп дүние салыпты.



VІ. «Асан Қайғының Жерұйықты іздеуі». Оқулықпен жұмыс жасайды. Түсінгендерін постерға түсіреді

Бұл әңгіменің аңыз екенін мына белгілер бойынша айтыңдар:

Асан Сәбитұлының тарихта болғаны;

Жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы;

Көнген жерінің бәрәне қонымды баға беруінің мәні, оның шындыққа қатысы;

Әркімнің туған жері - жерұйық екендігін дәлелдеу



Бағалау__VІІ._Галерея_шаралау_кезеңі'>Бағалау

VІІ. Галерея шаралау кезеңі. ( Әр топ сағат тілімен бір-бірінің жұмысын бағалайды). «Асан Қайғының Жерұйықты іздеуі». (топ спикері қорғайды)

Бағалау

VІІІ. Әдеби талдау кезеңі. «Асан Қайғының Жерұйықты іздеуі» тақырыбына әдеби талдау жасайды.

Бағалау

ІХ Шығармашылық кезең. Өзіңнің туған жеріңе Асан Қайғыша баға беріп көр. Суретті пайдаланып, шығарма жаз, эпиграф етіп Асан Қайғының бір сөзін алуға тырыс.

Бағалау

Х. Сабақты бекіту: Түсініктерін тексеру. Сұрақ жауап:

  1. Аңыз дегеніміз не?

  2. Аңыз қалай пайда болған?

  3. Аңыз – әңгіме неден құралады?

  4. Аңыз – әңгіме бізге қалай жеткен?

  5. Асан Қайғы жерұйықты қалай іздеген?

  6. Асан Қайғы қайда қайтыс болған?

Бағалау
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет