7.4.1.1 функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру;
7.4.1.2 функцияның берілу тәсілдерін білу;
7.4.1.3 функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар істей алады:Функция және функцияның графигін сипаттайтын шамалардың мағынасын түсінеді.
Көптеген оқушылар істей алады: Функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгереді.
Кейбір оқушылар істей алады: Функцияның берілу тәсілдерін біледі.
Бағалау критерийлері
- Функция ұғымына сипаттама береді;
- Функцияның берілу тәсілдерін біледі;
- Функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгереді.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/
Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
5 мин.
Өткен тарауды тексеру
5мин.
Топпен жұмыс
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Ынтымақтастықты қалыптастыру, оқушылардың сенімділігін арттыру. Шаттық шеңбер "Жақсы тілек- жан жылуы "
Топқа бөлу:
І топ
ІІ топ
ІІІ топ
Өткен тарауды тексеру
Сұрақтарға жауап беру
Өткен сабақтар бойынша сұрақ-жауап жүргіземіз.
1.Көпмүше дегеніміз не?
2.Көпмүшеге жіктеуді қандай тәсілдері бар?
Одан кейін оқушыларды тағы да топтармен орындарын ауыстырып, яғни 1, 2 сандарға бөлу.
Жаңа тақырыпты топқа бөлінген оқушыларға абзац арқылы оқытады. Мазмұнын түсіндіріп, кері байланыс береді.
«Жақсы тілек- жан жылуы» оқушылар бір-бірлеріне тілектер айтып, жақсы көңіл күймен сабақты бастайды.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Мысалдар келтіреді.
Әр топ өз міндеттерін орындайды. Әр топ өздерінің абзацтарын оқиды, бір-бірімен, жұппен, топпен өзара талқылайды.
Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмалар:
1-тапсырма:
f(х)=2х-5 функциясының мәндерін х=-2;-1;0;1;2 болғанда анықтаңдар.
2-тапсырма:
f(x)=2x-5 функциясының мәні аргументтің қандай мәнінде: 1)3; 2)-1; 3)0; 4)10-ға тең?
Оқыту мақсатына жетуді бағалауға мүмкіндік беретін тапсырмаларға оқушылар жауап жазады.
Дескриптор:
-Тапсырмаларды орындайды.
-Осы тапсырмаларға ұқсас сұрақтар жазады.
Жалпы балл -3
Слайд
Кітап
Дәптер
Сабақтың соңы.
5 мин
Синтез
«Ойлан, тап!» (сабақты бекіту)
5мин Рефлекция
Бағалау
Үй тапсырмасы
«Ойлан, тап!» (сабақты бекіту) х=1 болғанда f(x)=1,2x+3,8 функциясының мәні: 1)3-ке; 2)4-ке; 3)5-ке; 4)6-ға тең болуы мүмкін бе? Жауаптарыңды негіздеңдер.
«Менің көңіл-күйім баспалдағы»
Баспалдақтар «Керемет!», «Өзіме сенімдімін!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!», «Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
Әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша 10 баллдық жүйемен бағалау
Оқушылар тапсырмамен жұмыс жасайды
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.
№2 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Функция және функцияның графигі
Бөлімі:
Функция. Функцияның графигі
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы: 7
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
Функция және функцияның графигі
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:
7.4.1.1 функция және функцияның графигі ұғымдарын меңгеру;
7.4.1.2 функцияның берілу тәсілдерін білу;
7.4.1.3 функцияның анықталу облысы мен мәндер жиынын табу.