«БЕКІТЕМІН»
Күні: Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет - өнердің бір саласы
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік - оқушыларға әдебиет, оның салалары туралы жан-жақты білім беру.
2.Тәрбиелік - оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, достыққа тәрбиелеу.
3.Дамытушылық - оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
II. Жаңа сабаққа дайындық:
1.Сабақтың тақырыбын тақтаға жазу.
2. Сабақ мақсатын түсіндіру.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Әдебиет – ол да көркемөнер. Көркем өнердің сәулет, мүсінші, сурет, музыка сияқты түрлері болады.
Көркем әдебиет адамның тілімен берілетіндіктен, өнердің барлық түрінің әсерін тудыра алады. «Дүниенің көрінген һәм көрінбеген сырын түгендеп білмесе, адамдықтың орны болмайды» деп Абай айтқандай, көркем әдебиет бізді адам өмірі, әлемнің сырлары, табиғат келбеті туралы көрінетін және көрінбейтін ұғымдармен сусындата алады, ішкі сезімді аңғарып, сезінуге үйретеді. Сонымен бірге көркем әдебиетте автордың өз көңіл – күй қалауы, өзіндік көзқарасы тұрғысынан жеткізетінін есте ұстаймыз.
Көркем әдебиеттің әр түрін жақсы танып – білген адамның көркем шығарманы дұрыс түсінуге дайындығы болады. Бесінші сыныпта біз оның өлең, дастан, роман повесть сияқты түрін білетін боламыз. Жанрдың еркшеліктерін аңғара отырып, шығарманы көркемөнер түрі ретінде қабылдауға үйренеміз, олардың авторлары туралы түсінік аламыз.
Сондай – ақ әдебиеттің үлкен бір түрі – ауыз әдебиетінің үлгілерімен де танысамыз. Сөйтіп әдебиеттің әр түрін біліп көркем әдебиет туралы тұтас ұғым аламыз. Көркем әдебиет үлгілерін оқу арқылы біз ішкі рухани дүниемізді байыта түсеміз, білімнің адамгершілік қасиеттердің жаңа биіктеріне шығамыз. Дұрыс оқып, сауатты жазуға одан әрі жаттығамыз. Кітап біздің ажырамас досымызға айналатын болады.
ІV. Түсінік тексеру:
Әдебиет не туралы ғылым?
Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде?
Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев қандай ой айтты?
Көркем әдебиеттен біз нені үйренеміз?
5- сыныпта біз көркем әдебиеттің қандай түрлерімен танысамыз?
Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар деп ойлайсың?
V. Жаңа сабақты бекіту
Топтастыру әдісі
Роман
Көркем әдебиет
өлең повесть
дастан
поэма
әңгіме
VІ.Сабақты қорыту
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
1 . Әдебиет - өнердің бір саласы туралы түсінік.
2. Сөзжұмбақ құрап келу
«БЕКІТЕМІН»
Күні: Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Қазақ ауыз әдебиеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың халық ауыз әдебиеті туралы білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Оқушыларды халық ауыз әдебиет туындыларын қастерлеуге, елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың қосымша деректер арқылы әдеби дүниетанымдарын кеңейту.
Сабақтың типі: аралас сабағы.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» энциклопедиялары.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Әдебиет - өнердің бір саласы туралы түсінік.
2. Сөзжұмбақ құрап келу
.
ІІІ. Білім тексеру
Әдебиет не туралы ғылым?
Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде?
Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев қандай ой айтты?
Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?
5- сыныпта біз көркем әдебиеттің қандай түрлерімен танысамыз?
Бізге көркем әдебиеттің қандай пайдасы бар деп ойлайсың?
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақ әдебиеті екіге бөлінеді: біріншісі – ауыз әдебиеті, екіншісі – жазба әдебиеті. Ауыз әдебиеті елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері. Жазу өнері болмаған соң, елдің тарихы, өмірі, тұрмысы, салты, туған жері, өнері, арманы әдемі мәнді әңгімелерімен айтылған. Ауыз әдебиетінің шығарушыларының аты – жөні бізге белгісіз. Олар басында ауызша шығарыл
ған және бір ауыздан екінші ауызға көшіп, ауызша айтумен сақталған. Ескі
ліктен қалған ондай сұлу, дәмді сөздерді жалғыз адам ғана біліп қоймайды, жалпақ ел болып үйреніп, түгелімен есінде сақтайды. Ел болып кейінгілерге көркемдеп, әсерлі етіп айтып беріп отырады. Ауыз әдебиеті осылай пайда болады. Ауыз әдебиетінен елдің даналығын, танымын, тәлімін, мінез- құлқын түгел білеміз.
VІ. Түсінік тексеру:
Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
Ауыз әдебиеті деген не?
Жазба әдебиет деген не?
Ауыз әдебиетінің үлгілері бізге қалай жеткен?
Ауыз әдебиеті қалай пайда болды?
Ауыз әдебиетінің бізге берері не?
VІІ. Жаңа сабақты бекіту /кестеге сызу/
Халық ауыз әдебиетінің түрлері:
Тұмыс – салт жырлары
Ертегілер
Мақал – мәтелдер
Жұмбақтар
Шешендік сөздер
Аңыз – әңгімелер
Батырлар жыры
Ғашықтық жыры
Ақындар айтысы
VІІІ.Сабақты қорыту
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік
Ертегілер оқу
«БЕКІТЕМІН»
Күні: Пәні: Әдебиет Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Тұрмыс – салт жырлары
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға тұрмыс – салт жырлары туралы әдеби білім беру.
2.Тәрбиелік: Оқушыларды еліміздің тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа , адами құнды қасиеттерге тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: баяндау, сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: «Қазақ әдебиеті» энциклопедиясы.
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1. Халық ауыз әдебиеті туралы түсінік
2. Ертегілер оқу
ІІІ. Білім тексеру:
Қазақ әдебиеті нешеге бөлінеді?
Ауыз әдебиеті деген не?
Жазба әдебиет деген не?
Ауыз әдебиетінің үлгілері бізге қалай жеткен?
Ауыз әдебиеті қалай пайда болды?
Ауыз әдебиетінің бізге берері не?
ІV. Жаңа сабаққа дайындық
1.Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2.Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақ әдебиетінің үлкен бір саласы – тұрмыс – салт жырлары. Күнделікті тұрмыста өлең айту қазақтың ең қасиетті салты болған. Ондай өлеңдерді, жырларды сондықтан да тұрмыс- салт жырлары деп атаған.
Тұрмыс – салт жырларында халықтың өзіне тән тұрмысы, тіршілігі салт – дәстүрі сөз болады, төрт түлік мал және басқа жануарлар туралы, наурыз
дағы, көктемдегі ел қуанышы туралы жырлар айтылады. тұрмыс – салт жырларының түрлері:
Бесік жыры.
Тұсау кесер жыры.
Жар – жар
Той бастар.
Беташар.
Бата-тілек.
Жоқтау.
Тұрмыс- салт жырларының төрт түлік малға, басқа жануарларға арналған түрлері көп.
Тұрмыс – салт жырларының ең көп тараған түрі – наурыз жырлары. Көктемнің келуін жаңа жылдың келуі деп түсінген халық, күн жылып, мал көкке тойынған шақты қуаныш көріп, жауын көп болсын, ақ мол болсын, елге тоқшылық болсын деп өлеңдер айтқан. Оны біз Наурыз жырлары деп атаймыз.
VІ. Түсінік тексеру
Сұрақ - жауап
Тұрмыс – салт жырлары дегеніміз не?
Оларды неге тұрмыс – салт жырлары деп атаған?
Тұмыс – салт жырларының қандай түрлері бар?
Тұмыс – салт жырларының ең көп тараған түрі қандай?
Наурыз жыры дегеніміз не?
Қосымша ақпараттармен жұмыс:
«Малдың баласын сүюі» атты өлеңді мәнерлеп оқу
«Төрт түлік мал туралы» атты өлеңді тізбектеп оқу
VІІ. Жаңа сабақты бекіту.
Өлеңнен төрт түлік малға қазақ халқының қалай қарағанын аңғарыңдар.
Әрбір түлік төлінің сипатын ақындық тілмен айтыңдар.
Өлеңдегі әрбір төлдің сипатына лайықтап шағын суреттемелер жазыңдар.
Өлең шумақтарын жалғастырып жазып көріңдер.
VІІІ.Сабақты қорыту:
Бағалау
Үй тапсырмасын беру.
Тұрмыс – салт жырлары туралы оқу және мақал – мәтелдер жаттап келу.
«Малдың баласын сүюі» атты өлеңді жаттау
Төрт түлік мал, жан – жануарлар, табиғат құбылыстары туралы жырларды оқу.
Бекітемін:
Күні : Пәні : әдебиет
Сыныбы : 5
Тақырыбы: Аңыз әңгімелер.«Асан Қайғының жерұйықты іздегені»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік –Асан Қайғы баға берген жерлер тарихына кеңірек тоқталып, жалпы қазақ жерін әңгімелеу арқылы білімін толықтыру.
Дамытушылық - өз туған жерлеріне ойтолғау түрінде баға бергізу арқылы логикасын дамыту.
Тәрбиелік – туған жер табиғатымен, ел тарихымен таныстыру арқылы отансүйгіштікке, өз елі мен жерін құрметтеуге, қадір тұтуға тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: түсіндіру, баяндау, салыстыру, сұрақ-жауап әдістері.
Сабақ түрі: Кіріктірілген сабақ.
Көрнекілігі: оқулық, «Тарихи тұлғалар» және «Шың» оқулықтары
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, сыныпты түгелдеу.
Үй тапсырамасын сұрау
«Сырттандар » ертегісі
2. Кейіпкерге хат
3. Жаңа сабақ
Ауыз әдебиетінің бір алуан саласы - аңыз. Аңыз белгілі бір адамның атына, іс-әрекетіне байланысты туады.
Асан Қайғы туралы мәлімет: Асан Қайғы (шын аты-жөні Хасан Сәбитұлы XIV ғ/ң 2-жартысында, Еділ бойы –т.ө.ж. белгісіз) – қазақ жырауы. Алтын Орданың ыдырауы дәуірінде өмір кешкен. Асан Қайғы ілкіде Сарайда, біраз жылдардан кейін Қазандағы Ұлығ-Мұхаммед ханның жанында болған. XV ғ/ң 50-жылдарында Дешті қыпшаққа қайта оралып, Керей, Жәнібек бастаған қазақ хандығының ақылшы биі болды. Толғауларына қарағанда елдің Еділ, Жайық, Жем өңіріне қоныс тебуін қалағаны байқалады.
Шоқан Уәлиханов Асан Қайғыны «Көшпенді қазақ, ноғай ұлысының философы» деп атаған. Ел аузындағы аңыздарда да Асан Қайғы халқының қамын ойлап күңіренген абыз-жырау ретінде танылады. Ол малы мен жаны кемтарлық көрмей «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жайлы қоныс іздейді. Елінің тыныш, бейбіт, бақытты болуын көксейді. Дүниедегі сондай «жерұйықты» іздеп, Асан Қайғы желден жүйрік желмаямен жердің жеті бұрышын кезеді. Болған, көрген мекендерінің бәріне де баға беріп, пайдалы және жағымсыз жағын саралап айтып отырады. «Жерұйықты» таба алмай, әбден қалжырап, Ұлытауға жеткенде дүние салады.
ЖАҢА ДЕРЕК
1. Каспий теңізіне сұғына орналасқан Маңғыстау түбегінде Маңғыстау таулары жатыр. Аласа жас таулар қатарына жатады. Ең биік тау жотасы-Қаратау, биік нүктесі Бесшоқы -556м. Маңғыстау таулары құм, кристалды тақта тастардан тұрады. Қара әктастан Қаратау, ақ әктастардан Ақтау түзілген. Маңғыстау тауларының оңтүстігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан терең ойыс Қарақия ойысы бар-132 м. төмен. Маңғыстауда мұнай мен газ өндіріледі, мол қоры бар. Түбекте Ақтау қаласы әктастан салынған.
2. Жайық өзенінің сол жақ саласы Шыңғырлау өзені болып табылады. Өзен қар, жауын суымен қоректенеді. Шыңғырлау ауданы, Ақсай қаласының маңымен ағып өтеді, кейде Жайыққа жетпей қалады.
3. ІІ дүниежүзілік соғыс басталар алдында 12 көмір шахтасы жұмыс істеп, түсті металлургияның ірі орталықтарының бірі Қарсақбай кен орны пайда болды. Орталық Қазақстандағы Жезқазған кен орны «Қазақстан магниткасы» деп аталады. Қарсақбай кен орны түсті металға бай.
4. Қырғыз тау жотасынан басталатын Аспара өзені ағып өтеді. Мерке жерінде ежелгі Аспара қаласы болған. Аспара өзені Жібек жолы бойында орналасқан. Аспара өзенінің халық шаруашылығында маңызы зор. Мал жайылымына қолайлы.
5. Баянауыл - Сарыарқаның солтүстік-шығыс бөлігіндегі таулы өлке. Батыстан шығысқа қарай 40-50 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 20-25 км созылып жатыр. Таудың биіктігі 600 м -1000м дейін. Ең биік тауы –Ақбет 1026 м.
Киелі жерім менің Баянауыл,
Тау-тасы, өзен-көлі бәрі асыл,
Осындай жер жаннатта туып өскен
Бақытты ғой, шіркін барша қауым.
6. Сарыарқаның оңтүстік-батысында Ұлытау жүйесі орналасқан. Ұлытау құмтастан, аралас жыныстардан, кристалды тақтатастан, граниттен тұрады.
Ұлытаудың биіктігі-1134м. Ұлытау қуаңшылық климатымен көзге түседі. Жылдық жауын-шашын мөлшері 180-230мм. Шоқ-шоқ қарағай өседі. Жусан, бетеге, боз, көде, еркекшөп, сораң өседі.
7. Әулиеатаның батысындағы Жуалы Жамбыл облысындағы аймақта орналасқан. Ауыл шаруашылығы және ірі қара мал шаруашылығымен айналысады. Жуалы теміржол станциясы бар, ірі жол торабының бірі.
8. Жоңғар Алатауының солтүстік-шығысындағы созылып жатқан Жетісу тау сілемі Алакөл ойысының оңтүстік-батыс жағындағы ендік бағытта созылып жатыр. Биіктігі -2605м. Қызыл қоңыр топырағында әр түрлі астық тұқымдасты шөптер өседі. Шыршалы орман өседі. Жетісу халық шаруашылығында мал жайылымына қолайлы.
Жетісу
Сандық тау, сандал белім,
Шоқтығы өсіп, жан бітіп,
Жандаңды елің,
Жер таппан жерге жетер Жетісуым,
Күркілдек, Көксу, Лепсі, Іле, Шуым,
Бөленген бұлтқа мәңгі меңіреу құз
Ну тоғай, қоғалы көл, қоңыр құмым,-
деп ақын жырлаған жер жаннаты - Жетісу.
9. Жетісу Алатауы, Жоңғар Алатауы - Қазақстандағы ірі, әрі құрылымы жағынан күрделі тау жүйесі. Солтүстігінде Балқаш-Алакөл ойысы, оңтүстігінде Іле аңғары аралығында батыстан шығысқа қарай 450 км-ге, батыста ені 100 км, шығысында 250 км-ге жетеді.
Сабақты бекіту
Төмендегі белгілер бойынша әңгімелеу.
а) Асан Сәбитұлының тарихта болғаны;
ә) Жерұйықты іздеудегі мақсаты, арманы;
б) Көрген жерінің бәріне қонымды баға беруінің мәні, оның шыңдыққа қатысы;
в) Әркімнің туған жері – жерұйық. Мүмкін сендердің туған жерлеріңе де Асан аталарың келген шығар?
Сөздікпен жұмыс:
Желмая – түйе.
Жиһан - дүние, жер-жаһан
Жерұйық –жайлы қоныс.
Түз - дала, мидай дала.
Тест.
1. Кендебай мінген тұлпарды ата.
а) Керқұла б) Кербесті в) Шалқұйық
2. «Ер Төстік» ертегісіндегі кейіпкерлерді ата.
а) Тазша бала б) Жалмауыз кемпір в) Кендебай
3. Жаман адамның хан болған кездегі аты.
а) Ерназар б) Мадан в) Аяз би
4. «Ер Төстік» ертегісіндегі жалмауыз кемпірдің қызының аты.
а) Бекторы б) Күңке в) Кенжекей
5. Қырық уәзір қай ертегідегі кейіпкерлер?
а) «Ер Төстік» б) Аяз би в) Қырық өтірік
6. «Аяз би» ертегісіндегі құстың жаманын белгіле
а) Қырғауыл б) Шеңгел в) Сауысқан
7. Қай шығарма аңыз әңгімеге жатады?
а) Асан Қайғының Жерұйықты іздегені
б) «Аяз би»
в) Қырық өтірік
Сабақты қорыту
«Қазағым менің»
... Ойлар толып көптеген,
Өрнегін қанша төкті өлең.
Ұрпақты сақтап қалсақ деп,
Қайда да, қайда кетпеген?!
Бәрі де таныс жайт маған,
Әділет болмас айтпаған.
Ақыры алтын бесікке
Сабылып қайдан қайтпаған?!
...Сағынып қайдан қайтпаған?! Күләш Ахметова
Үйге тапсырма: Аңыз әңгімені оқи отырып, Асан қайғы туралы ақпараттық материалдардан ізденіс жұмыстарын жүргізу.
Бағалау
Бекітемін:
Күні : Пәні : әдебиет
Сыныбы : 5
Сабақтың тақырыбы : «Ақсақ құлан, Жошы хан»
Сабақтың мақсаты :
а) білімділік – аңыз әңгіменің мазмұнын игеру. Сұрақ қойып жауап беруге үйрету;
ә) тәрбиелік - өз ойларын жүйелей білуге, батылдыққа тәрбиелеу;
б) дамытушылық – аңыз әңгіме арқылы ұлы адамдардың өмірін өнеге ете отырып, ақылдылық пен тапқырлықты дамыту;
Сабақтың түрі : аралас
Сабақтың әдіс – тәсілдері : мазмұндау, ой қозғау,түсіндіру
Пәнаралық байланыс : тарих, қазақ тілі
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сынып тазалығына назар аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
Аңыз әңгімелер туралы оқу.
ІІІ.Жаңа сабақ. «Ақсақ құлан, Жошы хан»
Жоспары :
І.Жошы ханның ұлының аңға шығуы
ІІ.Ақсақ құланды қууы
ІІІ.Баланың өлімі
ІҮ.Ханның қаһары мен жарлығы
Ү.Домбырашының күйі
ҮІ. Қаралы хабар айтушының жазасын алуы
Кет – Бұғаның естіртуі
Жоспары :
І.Қаһанның Кет – Бұға жырауға бұйрық беруі
ІІ.Кет – Бұға жыраудың Жошының өлімін қобызбен естіртуі
ІІІ.Қаралы хабар айтушының жазасын алуы
ІҮ.Бекіту кезеңі
І тапсырма. Аңыздың домбырада орындалған шығармасын тыңдау.Алған әсерлерімен бөлісу.
ІІ тапсырма. Төменде көрсетілген сөздердің мағынасын анықтау.
Құлан – жабайы жылқы. Басы үлкен, құлағы ұзын, құйрығы қысқа, кекілі жоқ, жалы тік – есекке ұқсаса, жүріс – тұрысы, сирағының ұзын болуы жылқыға ұқсайды.
Шыңғыс хан – Тэмүүжин деген атпен белгілі. Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы. Өз заманының әскери және мемлекет қайраткері. Әскерде өте қатаң тәртіп орнатқан. Сәл кінәлі немесе қорқақтық танытқан әскери адамдарды өлтірген. Ол - Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле деген балаларына жаулап алған жерлерін бөліп берген.
Жошы хан - Шыңғысханның үлкен ұлы .Әкесінің жорықтарына қатысқан, қолбасшылық қызмет атқарған. Ақ Орданың ханы болған.Шешесінің аты – Бөрте.
Кет – Бұға – шамамен 1150 – 1225 жылдары өмір сүрген. Жырау, күйші. Халық оған «Ұлы жырау» деп ат берген. Оны көне дәуірдегі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы деп те атайды.
Естірту – қазаға ұшыраған адамның қайғылы хабарын оның жақын туыстарына хабарлауы. Ертеде естірту өлеңмен айтылған. Ол кейде күңіренген күй сазымен де орындалатын болған. Естіртудің соңы көңіл айтып, қайғылы хабарға ортақтасып, жұбатуға ауысқан.
Қорқыт Ата – ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Сырдария бойында өмір сүрген. Қорқыт Ата ескерткіші Қармақшы ауданы Жосалы кентінде орналасқан.
Ү.Сабақты қорыту. Ой қозғау.
«Баласының өлімін әкесіне қалай естіртер едіңдер?»
ҮІ.Үйге тапсырма.
Ертегіні оқып, мазмұнын айту, зерттеу жұмыстарын жүргізу.
ҮІІ.Бағалау.
Бекітемін: Сыныбы : 5 «Б»
Күні : 02.11.2012 ж. Пәні : әдебиет
Сабақтың тақырыбы : «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу»
Сабақтың мақсаты :
а)білімділік – аңыз әңгімедегі кейіпкерлердің тапқырлықтарын насихаттау.Білімдерін жетілдіру;
ә) тәрбиелік – шығармадағы шешендік, тапқырлық қасиеттерді даралай отырып, оқушыны тәрбиелеу;
б)дамытушылық – әңгімедегі тіл байлығына назар аударту, аңыз кейіпкерлерінің ақылдылығын, білімділігін, тапқырлығын паш ету.
Сабақтың түрі : дәстүрлі
Сабақтың типі : жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері : мазмұндау, баяндау
Пәнаралық байланыс : тарих
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау.
ІІІ.Жаңа сабақ. «Жиренше шешен мен Қарашаш сұлу»
Жоспары :
І.Жиренше мен жігіт
ІІ.Жиреншенің Қарашашпен кездесуі, ұнатуы
ІІІ.Жиреншенің Қарашашқа қосылуы.
Жиренше - қазақтың ақыл – парасатымен, тапқырлығымен аты аңызға айналған шешен. Жиренше шешен кедей адам болған. Басқа түркі тілдес халықтар фольклорында да Жиренше шешен туралы ертегі, аңыз, әңгімелер кездеседі. Мысалы, қарақалпақта Жиренше шешен, қырғыздарда Жээренче чээчэн, түрікмендерде Ийкренче туралы аңыздар бар. Жиренше шешен туралы әңгімелерді негізінен үш салаға бөлуге болады:
Жәнібек ханның уәзірі, досы ретінде бейнеленеді.
Ханның кемшіліктерін бетіне айтып, ақыл – парасатымен өзін мойындата білген әділ адам ретінде суреттелсе;
өз әйелі Қарашашпен қарапайым халық бұқарасы мен қарым – қатынаста болады.
Қарашаш – Жиреншенің әйелі. Қарашаш бейнесі - өз бойына фольклорлық дәстүрдің түрлі ерекшеліктерін сіңірген күрделі бейне.
ІҮ.Сабақты бекіту.
Жиренше мен Қарашаш сұлуды венн диаграмма арқылы салыстыру.
Ү.Үйге тапсырма.
Мазмұндау.
ҮІ.Бағалау.
Бекітемін: Сыныбы : 5 «Б»
Күні : 03.11.2012 ж. Пәні : әдебиет
Сабақтың тақырыбы : «Жиреншенің хан сынағына түскені»
Сабақтың мақсаты :
а) білімділік – әңгімедегі Жиренше мен Қарашаштың тапқырлығын саралау;
ә) тәрбиелік – аңыздан тәлімдік, танымдық өнеге алуға бағыттау;
б) дамытушылық – аңыз әңгіме арқылы ұлы адамдардың өмірін өнеге ете отырып, ақылдылық пен тапқырлықты дамыту;
Сабақтың түрі : дәстүрлі
Сабақтың типі : жаңа сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері : баяндау, мазмұндау
Сабақтың барысы :
І.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу, түгендеу
Достарыңызбен бөлісу: |