Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Жабдықтар: парақшалар,маркер, интерактивті тақта,оқулық,семантикалық карта, слайдтық суреттер
Сабақтың әдіс – тәсілі: түсіндру,сұрақ – жауап, суретпен жұмыс,
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру. - Қане, балалар, мені көріп тұрғандар бір шапалақ, естіп тұрғандар екі, көріп әрі естіп тұрғандар үш рет шапалақ ұрыңдаршы. Керемет! Бүгінгі сабаққа келгендерің сезіліп тұр.
Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары:
1.Көп мағыналы сөздер дегеніміз не?
2.Лексика саласы нені зерттейд?
3. Мысал келтіру.
Жаңа сабақ.
Мұғалім әрекеті.ББТ әдісі бойынша кесте толтыру.
Түсіндіру.
1.Интерактивті тақтадан сөйлемдер берілген және суреттер көрсету арқылы ( гүлге қонған араны және ағаш кесетін құрал араны) екі суретті салыстырып ерекшелігін айтқызу, ереже шығарту.
мағыналары әр түрлі
Омонимдер айтылуы бірдей
жазылуы бірдей бір немесе бірнеше сөз табы
2. Тапсырма.Сөйлемдер берілген, осы сөйлемдерден омоним сөздерді тауып, мағынасын ашу.
3.Оқулықпен жұмыс.нақыл сөздер берілген, мағыналарын ашу.
4.Сергіту сәті: «Тәуелсіздік төрінде»
Аспанға қарап ай көрдік,
Төмен қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
3.Топтық жұмыс.Ойлан, тап.Адамның суретін беру бойынша омоним, көп мағыналы сөздерді жазып, ажыратып айту. Яғни, адамның кейбір дене мүшелерінің атауы көп мағыналы сөзді, ал кейбірі омонимдік мағынаны білдіреді.
Тапсырма. «Көзқарасың..» Венн диаграммасы.Омоним сөздер мен көп мағыналы сөздерді салыстыру.
Грамматикалық ойын.
Жапырақ кетті, жаз кетті.(не?)
Жазуды қатесіз жаз.
Жауырыныңды жаз.
Ол сүйекті балтамен қақ жарды.(қалайша?)
Тапсырма: «Жалғасын тап» мақал- мәтелдер айту. Әр топ кезек-кезек тақырыпқа сай мақал айтып, жалғасын табады.
Тапсырма: «Менің анам», «Сабақ үстінде» шығарма не өлең шығару.
Бағалау: деңгейлік тапсырмалар арқылы топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалады. Әр топ бірін-бірі бағалады.
Бағалау парағы
№
|
Оқушының аты - жөні
|
1 деңгей
|
2 деңгей
|
3 деңгей
|
Жинаған балы
|
Баға
|
Мұғалім бағасы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма: көркем әдебиеттен омоним сөздерге 5 мысал теріп, мағынасын ашып жазып келу.
Рефлексия : Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді төмендегі кесте арқылы көрсетіңдер:
Білемін
|
Білгім келеді
|
Түсіндім
|
Көк түс- сабақтан жаңа идеялар байқадым.
Қызыл түс – жаңа сабаққа көңілім толды.
Жасыл түс – бүгінгі сабақ сезіміме әсер етті.
|