Сабақтын тақырыбы: Зәр шығару жүйелерінің құрылысы мен қызметі. Сабақтың мақсаты



Дата04.08.2017
өлшемі40,84 Kb.
#22579
түріСабақ
Сабақтын тақырыбы: Зәр шығару жүйелерінің құрылысы мен қызметі.

Сабақтың мақсаты: Бүйректің организмде орналасуын және сыртқы құрылысының ерекшеліктерін атқаратын қызметіне сай бүйректегі құрылымын анықтау. Зат алмасу процесінің соңғы өнімдерінің шығуының мәнін, олардың адам организмінен шығу жолдарын түсіндіру.

Дамытушылық: Оқушылардың білімге құштарлығын, пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін, шапшандығын, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушылардың үйлесімді жұмыс жасауын қалыптастыру. Оқу үрдісінде әр оқушыны қабілетіне сай шығармашылық ізденіске тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Экран, проектор, компьютер т.б.

Сабақтың әдісі: ұжымдық ойлау әрекеті технологиясы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақтын барысы:

І. Ұйымдыстыру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақ түсіндіру.

ІV.Жаңа сабақты бекіту.

V.Қорытынды.



І.Сәлемдесу. Оқушылардың класта орналасуын, қатысуын, дайындықтарын, тәртіптерін қадағалау. (1мин)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Сұрақтарға жауап. /Флипчарт №1/

1.Ас қорыту жолының ұзындығы шамамен қанша болады? /8-10 м/.

2.Ас қандай мүшеде ағзаға сіңеді?

3.Өңештен кейін ас қайда барады?

4.Асқазанның сыйымдылығы қанша?

5.Тістер туралы не білесің?

6.Ашішек пен тоқішектің қосылған жерінде не бар?

7.Бауырдың салмағы қанша? Қандай қызмет атқарады? /1500 г/.



2.Суреттен асқорыту мүшелерін орналастыру. /Флипчарт №2,№3/

ІІІ.Жаңа сабақ. /флипчарт №4/.
Зәр шығару жүйесіне кіретін мүшелер

2 бүйрек 2 несепағар қуық зәр шығару өзегі


Бүйректің басты қызметі – организмдегі су-электролиттік алмасуды реттеу. Су-электролиттік алмасу реттелген жағдайда, организмдегі қанның көлемі мен осмостық қысымы және денедегі сұйықтық өз қалпын сақтайды. Сондай-ақ, бүйрек организмдегі қышқылды-сілтілі тепе-теңдіктің негізгі реттегіші болып саналады. Организмнен шығуға тиісті зәр бүйрек астауларынан несеп ағарға, одан біртіндеп қуыққа түседі.

Несеп ағар – трубка тәрізді орган, оның бас жағының диам. 2 – 4 мм, ұзындығы 30 см-дей. Несеп ағар төмен қарай, кіші жамбасқа түсіп, одан әрі қуыққа кірігеді. Бұл тұста несеп ағар жақсы дамыған бұлшық ет талшықтарымен (сфинктер) қапталған. Сфинктер зәрдің қуықтан кері қарай, несеп ағарға өтуіне жол бермейді. Қуық – дөңгелек пішінді қуысты орган, сыйымд. 400 мл, кіші жамбаста орналасқан. Оның түбі, денесі және төбесі болады. Қуықтың қабырғалары жақсы дамыған бұлшық ет қабатынан тұрады. Бұлшық еттің жиырылуы нәтижесінде қуық зәрден босайды. Зәр шығарушы канал – несеп түтігі арқылы қуықтағы зәр сыртқа шығарылады.[1] Ер адамдардың несеп түтігінің тағы бір қызметі – шәуҺетті шығару және жыныстық қозу кезінде үрпінің алдыңғы бөлімінің бездерінен арнайы сөл бөлу. Дені сау адам тәулігіне 4 – 6 рет дәрет сындырады (шамамен 1,5 л-дей).



Зәр  - ашық сары болып келетін мөлдір сұйықтық. Егер зәрдің түсі қою сары немесе қоңыр түсте болса, денсаулық тұрғысында қиындық туындағанын, яғни, ақау пайда болғандығын білдіреді.

Зәр шығару жүйесінің көп таралған аурулары:  нефрит,  пиелонефрит (бүйректің қабынуы), цистит (қуықтың қабынуы), уретрит  (несеп түтігінің қабынуы), т.б. Ер адамдарда, көбінесе, несеп түтігінің қабынуы, әйелдерде қуық пен бүйрек қабынуы жиі кездеседі.



IV.Жаңа сабақты бекіту. /Бейне сұрақ/.

1.Зәр шығару мүшелерін ата. /бүйрек, несепағар, қуық, зәр шығару өзегі/.

2.Адамның бүйрегі қайда орналасқан, салмағы қанша, пішіні қандай? /бүйрек құрсақ қуысында орналасқан, салмағы 150 г, үрмебұршақ пішінді жұп мүше/.

3.Бүйрек арқылы бір тәулікте қанша қан ағады? /Бүйректен тәулігіне1500 – 1700 л қан өтеді. Яғни әр 5 минут сайын ағзадағы қан бүйрек арқылы өтеді/.

4.Қуық қандай қызмет атқарады? Сыйымдылығы қанша? / Құрамында зиянды заттары бар су бүйрек астауына, несепағар арқылы қуыққа жиналады. Қуықтың сыйымдылығы 400-500 мл.болады/.

5.Зәр шығару жүйесі ауруларын зерттейтін ғылымды ата. /Зәр шыңару жүйесі ауруларын зерттейтін ғылым урология деп аталады. Емдейтін адам уролог деп аталады.



IV. Қорытынды. Мұғалім тақырыпты қорытындылап, өз ойын оқушы ойымен ұштастырады. Ойын «Кім жылдам?»

Бүйректің жұмысы қалыпты жағдайда болу үшін не істеу керек?

Бүйректің жұмысы қандай жолмен реттеледі?

Бүйрек қайда орналасқан?

Ересек адамның бүйрегінде әр минут сайын түзілетін қанның мөлшері?

Бүйрек пішіні

Зәрдің пайда болу механизмі

І – реттік зәрдің пайда болуы

ІІ – реттік зәрдің пайда болуы

Нефрон деген не?



Үйге тапсырма. §53 оқу. 123 – сурет.
Каталог: uploads -> doc -> 0bee
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bee -> “Тас қақпа”ойыны “Күміс қақпа” ойыны
0bee -> Программа құрылымына қарай сызықтық, тармақталған, циклдік болып бөлінеді
0bee -> Сабақ жоспары сабақ: Қазақ тілі
0bee -> Оқулық,дәптер,шаңырақтың суреті сызылған плакат,суреттер. Шаттық шеңбері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет