№
|
Терминдік ұғым сөз
|
Ұғымдық мазмұны
|
1
|
«авторлық құқық»
|
Азаматтық құқықтың ғылым,әдебиет және өнер т.б. туындыларын пайдалануға байланысты туындайтын қарым қатынастарды реттейтін саласы
|
2
|
« адвокат»
|
Заң мәселелері бойынша консультациялар мен түсіндірмелер,заңдар жөнінде ауызша және жазбаша анықтамалар беру; арыздар ,шағымдар және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды түзу,сотта,арбитражда және т.б.мемлекеттік органдарда азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұушылық жөніндегі істерде өкілдік ету ,қорғаушы , өкілі ретінде алдын-ала тергеуге және қылмыстық істер бойынша сотқа қатысуға кіреді.
|
3
|
« әкімшілік құқық »
|
Мемлекеттік басқару органдарының ұйымдастыру ,атқару , билік жүргізу процесінде пайда болатын қоғамдық қарым-қатынастарды реттеуші құқық саласы
|
4
|
«заңи акт»
|
Белгілі бір құқықтық нәтиже туындайтын,заңи ахуал жасайтын және бүкіл халықтың мүддесіне сай өндіріс тәсілдерін қалыптастыру,нығайту және дамыту мақсатымен қоғамдық қарым –қатынастарды жетілдіруге арналған ресми жазбаша құжат.
|
5
|
«әкімшілік тұтқындау»
|
Әкімшілік құқық бұзушылықтың жекелеген түрлеріне кей реттерде қолданылатын әкімшілік жаза ;оны 15 тәуліктік мерзімге шейін
|
6
|
«билік»
|
өкімет жұртшылықтың құқықтық қарым-қатынастары барсында адамдардың санасы мен мінез-құлқына ұйымдасқан түрде әсер ете отырып,оларды ортақ мақсатқа жетуге бағыттау.
|
7
|
«қылмыстық іс қозғау»
|
Қылмыстық істің бастапқы сатысы ,мұнда жасалған немесе әзірленген қылмыстар туралы алынған мәліметтерді қарап шығып ,прокурор,тергеуші,анықтау органы , сот,судьянемесе одан бас тарту т.б жөнінде шешім(қаулы , ұйғарым) қабылдайды.себеп (өтініш ,хат,баспа сөздегіхабарлама,кінәсін мойындап келу,т.б) пен қылмыстың нышандарын көрсететін жеткілікті мәліметтер болған кезде ғана қылмыстық іс қозғалады.
|
8
|
«залалды өтеу»
|
Еңбек құқығында қызметкердің кәсіпорынға (мекемеге) шектірілген залалдың орнын заңмен белгіленген шекте және тәртіпте толтыру міндеттілігі.Осы залал үшін тәртіптік немесе өзгелей жауапкершілікке тартылған-тартылмағынына қарамастан қызметкер оның орнын толтыруға тиіс.
|
9
|
«мемлекет басшысы»
|
Атқарушылық билік пен сыртқы байланыстар аясында мемлекеттің мәртебелі өкілі болып есептелетін мемлекеттегі жоғарғы лауазымды тұлға.
|
10
|
«үкімет басшысы»
|
Мемлекеттің биліктің (өкімететтңің) жоғарғы атқарушы органның жетекшісі (басқарудың парламентарлық пішімі бар елдерде –премьер –министр,канцлер,ал президенттік республикада –президент)
|
11
|
«мемлекеттік құқық»
|
Елдердің қоғамдық құрлысы мен саясатының,азаматтарының құқықтық жағдайларының , олардың құқылармен бостандықтары,міндеттерінің негіздерін,мемлекет құрлысы мен оның мемлекеттік органдардының жүйесін бекіндіретін мемлекеттік –құқықтық нормалардың жиынтығы.
|
12
|
«мемлекеттік аппарат»
|
Нақты бір мемлекеттің мемлекеттік билігін ,міндеттерін жүзеге асыратын мемлекет органдарының жүйесі;мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі.М.а-тың қызметінің мазмұны , оның ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруының принциптері ,кадр құрамы,жұмыс пішімдері мен әдістері сол мемлекеттің міндеттерін атқарушының тиісті мұқтаждарымен айқындалды.
|
13
|
«азаматтық»
|
Нақты бір мемлекетке адамның саяси және құықтық жағынан тіленуі.Мемлекетпен және өзара оның билігі жүретін адаммен арадағы өзара қарым-қатынастар ретінде көрінеді:мемлекет азаматқа құқылар береді,қорғайды және шет елде жүргенде қамқорлығына алады.Өз кезегінде , азамат мемлекеттің заңдары мен басқалай нұсқауларын бұлжытпай сақтайды,әрі оның белгіленген міндеттемелерін орындайды.Мұндай құқылар мен міндеттердің жиынтығы азаматтығы жоқ адамнан ерекшелейтін саяси –құқықтық статусын құрайды.
|
14
|
«талап»
|
Нұқсан келтірілген немесе даулы құқыларды немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғаудың заңи құралы.Азаматтық істе талапты белгіленген заңдық тәртіппен кез келген мүдделі тұлға қоя алады.
|
15
|
«Жеке тұлға»
|
Көптеген елдердің азаматтық низамында-азаматтық құқықтың субьектісі ретіндегі жеке адам ,осының өзі –оның ұжымдық құрлым (ұйым)
|
16
|
«заңды тұлға»
|
Азаматтардың құқықтың субьектісі меншік шаруашылығын жүргізуі немесе оперативті басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүліктпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ,өз атынан мүліктік және жеке бей мүліктік құқылар мен міндеттерге ие болып , оларды жүзеге асыра алатын ,сотта ,арбитражда және төрелік сотта талапкер де жауапкер де бола алатын ұйым.
|
17
|
«теріс қылық»
|
Нақты бір мемлекеттің заңы боынша тәртіптік немесе әкімшілік жауапкершілік арқалайтын құқық бұзушылықты білдіретін жинақтаушы атау.
|