1) 1.Сын тұрғысынан ойлау – ойлау тәсілі, осында студент келіп түскен ақпаратты күмәнмен қарайды, жеке өз пікірі, бұл пайымдаулардың жүйесі болып табылып, нақты оқиғаларды талдау үшін пайдаланады, оларды дәлелдеу, негізделген қорытындыларды тұжырымдау және негізделген нәтижелерді шығару мүмкіндік береді, шешімдерді, бағалау және алынған нәтижелерді тәжірибелік жағдайлар мен мәселелерде қолдану.
«Сын тұрғысынан ойлау» деген сөздің өзі гректің «kritikos» яғни «ойлай білетін» деген мағына беретін сөзінен алынған. Критикалық ойлау - неге сеніп, не істеу керектігі жөнінде саналы ойлай білу. Оны жадыңнан шығармай немесе оқып ала салу мүмкін емес. Критикалық ойлауды үйреніп алу мүмкін емес; ол күнделікті тәжірибемен келетін нәрсе.
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - кез-келген нақты ойға аса мән бермеуге, салмақты, толық қорытылмаған ойлар кесе-көлденеңдеп, дәлелсіз небір нәрсені негізге алмауға, жаңаша әдістемелер мен бастамаларға ашық болуды меңзейді..[5] Сыни ойлаудың[6] интеллектуалды негізі бейне оның этимологиясы секілді өте ежелгі заманға барып тіреледі, яғни осыдан 2500 жыл бұрынғы Сократтың оқыту практикасы мен пайымдауларында осы ұғымға жақын мазмұндар кездеседі;
Сократ адамның "авторитетке" (беделге) негізделген білім мен парасатқа тәуелді бола алмайтындығы сынды фактті айқындады. Ол билік пен жоғары лауазымға ие адамдардың қатты шатасатыны мен иррационалды болатынын дәлелеп берді. Сократтың пікірінше, жақсы өмір сүру үшін, әрі өмірінде құн болу үшін тұлға сыни сұрақ қоюшы болуы, "ізденуші жанға" ие болуы керек.[8] Ол идеялар сенімге лайық деп қабылдаудан бұрын оған терең ойлауға бағытталған терең сұрақтар қою керектігін ұғындырды.
Сын тұрғысынан ойлау түсінігі
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сыни ойлау – белгілі бір мәселе туралы бар идеяларды жинақтап оларды қайта ой елегінен өткізу және шешім қабылдаумен аяқталатын күрделі психологиялық үрдіс» екенін атап көрсеткен. Сыни ойлау – адам өмірінің бір саласы. Себебі, бұл философия адамдарға көптеген жолдар мен шешімдер ішінен маңызды әрі пайдалы екенін, тек қажетті ақпараттарды ғана жинақтап, жаңа білімді бұрынғыдан ажырата алуға көмектеседі. Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулиды.