Сұрақтар: Саясаттану ғылымын зерттеген ерте ғасыр дәуірі ғылымдарының еңбектеріне шолу жасаңыз



бет1/4
Дата14.10.2023
өлшемі132,58 Kb.
#185410
  1   2   3   4
Байланысты:
саясаттану бөж ЖС1


Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университеті


«Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар» факультеті


Білім технологиялары кафедрасы



БӨЖ
Қабылдаған:Асильбекова Б

Орындаған:Жұман С


Сұрақтар:
1.Саясаттану ғылымын зерттеген ерте ғасыр дәуірі ғылымдарының еңбектеріне шолу жасаңыз.
2.Саяси билік пен мемлекеттік ара жігін ашып талдаңыз.
3. Саяси жүйелердің құрылымдары,типтері,даму заңдылықтарына талдау жасаңыз.
4.Саяси режимнің түрлері мен олардың ерекшеліктерің ашып көрсету.
Кіріспе:


1.Саясаттану ғылымын зерттеген ерте ғасыр дәуірі ғылымдарының еңбектеріне шолу жасаңыз.

Ең алғаш саясат ғылымын зерттеу сонау ежелгі дәуірден басталған. Ал тоериялық жағынан зерттеу бірінші мың жылдықтың орта кезінен басталған. Осы уақытта саяси ұғымдар пайда болған. Олар философиялық нысанда болған. Бұл Конфуций, Платон, Аристотель еңбектерімен байланысты. Олардың ойынша «саяси ғылым халықты әдемі де жақсы өмір сүруге үйретеді», — деп түсіндірген.




Саясаттану сөзі (политология) гректің «политика» және «логос» деген сөздерінен шыққан, яғни «саясат туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді.
Ежелгі Шығыс, антикалық дәуірдің ойшылдары мемлекеттің, саяси биліктің мән – мағынасы неде және кімге қызмет етеді, қоғамдық құрылыстың қандай түрлері бар және олардың ең жақсысы, халыққа ең қолайлысы қайсысы деген сияқты сауалдарға жауап іздеген. Бірақ ол кездегі пайымдаулар негізінен діни – мифологиялық сарында болатын. Себебі, ертедегі адамдар жер бетіндегі өмірге құдайдың құдіретімен пайда болған жалпы әлемдік ғарыштық тәртіптің ажырамас бөлігі ретінде қарады. Мысалы: Мысырда (Египетте), Вавилонда (Иракта), Үндістанда, Қытайда, сол кездегі мифтарға сүйенсек, дүниенің билік көзі құдайда және ол жердегі өмірді реттеп, тындырып отырды.

Біздің заманымыздан бұрынғы мыңжылдықтың ортасында саясатты діни – мифологиялық танудың орнына философиялық – этикалық түсіну белең алды. Бұл уақыттың ойшылдары – Платон, Конфуций, Аристотель. Бұл ойшылдар саясатты теориялық тұрғыдан зерттеп, оны этикамен тығыз байланыста қарады. Олар саясатты адамдардың мақсат – мүддесіне сай келуі, адамгершілікке негізделуі тиіс деп ұқты.


Саясаттану ғылымын зерттеген ерте ғасыр дәуірі ғалымдарының бірі Платонның негізгі саяси еңбектері «Мемлекет», «Заңдар» трактаттары және «Саясаткер» диалогы.
Платонның ең әйгілі диалогы – «Республика». Ол нақты мемлекет формаларының цикліне қарсы саяси утопияны сипаттайды.

Бұл ережелер жалпы философиялық көзқарастардан қайтарылады. Платонның пікірінше, екі дүние бар: идеялар әлемі және заттар әлемі. Кез келген нәрсе өз идеясының көрінісі ғана, ол оған ұмтыла алады, бірақ оған ешқашан жете алмайды. Философ заттардың өзін емес, идеяларды зерттеуі керек. Бұл мемлекетке де қатысты.Платон мемлекеттік формалардың циклін сипаттайды, бірақ олардың барлығы жетілмеген, тек олар заттар әлемінде бар болғандықтан ғана, саясаттың идеалды формасы оларға қарсы тұрады. Платонның айтуы бойынша:


Мемлекеттің пайда болуы әбден орынды: еңбек бөлінісі адамдар арасындағы айырбасқа әкеледі, ал айырбас егер сіз бірге тұрсаңыз ыңғайлы. Платонның утопиясының негізінде еңбек бөлінісі идеясы жатыр.


Идеялар әлемінде бәрі дұрыс емес. Еңбек бөлінісі кәсіптердің әрқайсысында әртүрлі ізгіліктердің қажеттілігін тудырады. Бастапқыда бұл фермердің, құрылысшының және тоқымашының қасиеттері Платонның ойы бойынша олар азық-түлік, үй және киім-кешек қажеттіліктерінен туындайды. Содан кейін полис мемлекетінің өсуімен басқа мемлекеттермен қақтығыстар туындап, жауынгерлердің кәсіби қоғамы қалыптасады. Сонымен, қазірдің өзінде екі сынып бар: өндірушілер мен жауынгерлер. Ал үшіншісі, билеуші-философтар мемлекеттік формалардың айналымына жол бермеу үшін ең жақсы заңдарды жасайды - Сократтың «білетіндер билігіне» ұқсастық. Сонымен Платонның саяси идеалы – мемлекеттің тұрақтылығы. Оның тұрақты болуы үшін қоғамда тұрақтылық керек, әркім өз ісімен айналысады – бұл әділеттілік. Меншіктердің теңсіздігі де қалыпты жағдай, өйткені саясаттың бақыты үшін жеке адамның бақыты ештеңені білдірмейді.




«Заңдардағы» саяси идеялар
Кейінірек Платон «Заңдарда» басқа утопияны және басқа саяси жүйені – ақсүйектер республикасын немесе аристократиялық монархияны сипаттайды деп айтқан болатын.


Платон ақсүйектер үкіметінің мемлекеттік құрылымының екі түрге бөлді:
1.Барлығын билеуші.
2.Барлығы заңға бағынады.
Әдiлет жүйесi заңның күзетiнде тұрады. Ал шынайы әділеттілік болмаса, мемлекет мемлекет болудан қалады.
Аристократиялық мемлекет билеушілер арасында билеушілердің бірі ерекшеленсе патшалық билікке монархияға айналуы мүмкін.
Егер бірнеше билеуші болса, онда мемлекет республикалық яғни аристократиялық билік болады.
«Заңдардың» тікелей заңнамалық ойы маңыздырақ: азаматтың бақыты құндылық болмағандықтан, саясаттың бақыты үшін жеке адамға физикалық әсер ету шараларын қолдануға болады. Сонымен, Платон заманынан бастап санкция позитивті заңның ажырамас белгісіне айналды.

Орта ғасырда саясаттың діни – этикалық түрі қалыптасты. Оның негізін салушы – Фома Аквинский. Ол саяси билікті құдай орнатады, бірақ мемлекет басшылары құдайдың қалауына қарсы шықса,халықтың оларды құлатуына болады деген байлам жасады.


Ал саясатты қазіргідей түсінуге үлкен үлес қосқан ХVI ғасырда өмір сүрген Италияның ойшылы Никколо Макиавелли. Ол саясатты құдайшылық (теологиялық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдейді. Саяси зерттеулердің өзегі етіп мемлекеттік билікті алды және оны қалай қолға түсірудің, пайдаланудың сан түрлі әдіс – тәсілдерін көрсетті. Осы негізде саясаттануды біздің қазіргідей түсінуімізге жол ашты.

Капитализм уақытында саясаттану теорияларын Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Ж.Ж. Руссо, Т. Джефферсон, Т. Пейн, И. Кант, Гегель сынды көрнекті ғалымдар негіздеді.


ХIХ ғғасырдың екінші жартысында саясаттану пән ретінде қалыптасты. 1857 жылы АҚШ – тың Колумбия коледжінде профессор Фрэнсис Либер «Тарих және саяси ғылым» деген кафедра ашты. Соның негізінде 1880 жылы саяси ғылымының жоғары мектебі құрылды. 1872 жылы Францияда меклекеттік аппаратта арнайы қызметкерлер дайындайтын саяси ғылымдар мектебі жұмыс істей бастады. 1889 жылы Американың саяси және әлеуметтік ғылымдар ассоциациясы құрылды.

Ең алғашқы саяси кафедра 1662 жылы швецарияның Упсаль Университетінде құрылған. Нағыз ғылым ретінде де «Саясат » ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғысырдың басында қалыптасты. Батыс Еуропамен АҚШ да кең тарады.


Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толық қанды қалыптасуына, 1949 жылы ЮНЕСКО-ның басшылығымен құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы құрылды.
Бүгінгі таңда АҚШ-тың Шығыс елдерінің барлық жоғары оқударында саясаттану жеке пән ретінде оқытылды. әлемнің ең ірі университеттері саясатанушы мамандар дайындайды.
Бұрынғы КСРО-да 80-жылдарда дейін саясаттанудың ғылым ретінде мәртебесі болған жоқ. Қайта құру жылдарынан бастап қана саясатқа деген көзқарас өзгере бастады.
1989 жылдан бері Жоғары Аттестатциялау Коммисиясында саясаттанудан эксперттік сарапшылық кеңес жұмыс істей бастады. 1990 жылы КСРО-ның ғылым және техника саласы бойынша мемлекеттік комитеті «саяси ғылымдар» деген атпен саяси ғылым қызметкендерінің тізімі ресми түрде бекітті. 1989-1990- оқу жылдарында Балтық бойы елдерінде 1990 жылдан бастап ТМД-ның басқа елдерінде саясаттану өтіле бастады. Қазір Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарында дерлік бұл ғылым жеке пән ретінде өтілуде. Сонымен қатар мемлекет саясаткер-политолог мамандығын мойындап, жоғарғы оқу орындарында бұл сала бойынша мамандар дайындай бастады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет