Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектеп Жоба тақырыбы: Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілі тарихына қосқан үлесі Бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық Секциясы: Қазақ тілі мен әдебиеті Жетекшісі:Досаханова Л.С Өтетін орны: Арал қаласы,2017 жыл Зерттеудің мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың– қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан революциясына дейін де аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны ерекше зор тұлға екенін дәлелдеп көрсетумен қатар,қазіргі білім алып жатқан жас буынға қазақ тілінің тарихына қосқан зор үлесін айшықтау; Жұмыс кезеңдері: Жұмыс кезеңдері: 1.Кіріспе I-тарау. Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қосқан үлесі. II – тарау. Ахмет Байтұрсынов – әдіскер, ғалым, ұстаз. III-тарау. Ахмет Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарастары. ІҮ.Қорытынды «Ахаң туралы айшықты ойлар» Ү.Пайдаланған әдебиеттер «Ақ жол» басқармасынан «Ақ жол» басқармасынан «Ахаң ұлт матбуғатының көзін ашпағанда әлдеқашан ескі елдігімізден айырылып, қоқсы кент ағайындардың біріне табынып, таңбадан айырылып кететін едік. Қазақтың дыбысына, сөзіне арнап әліппе шығарып, тіл һәм оқу құралдарын шығарып, қазақтың тілін талайға үйреткен Ақаң еді. Ұлт қамы дегенді ескерген адам болмай, қазақ құлшылыққа кез болғанда бостандыққа жол көрсеткен Ақаң еді.» Кіріспе Кіріспе Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан революциясына дейін де аянбай адал қазмет еткен ірі қайраткер, үлкен талант иесі, тарихта орны ерекше зор тұлға. Сәбит Мұқанов айтқандай «Ахмет Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбек сіңірді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол. Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам – Ахмет. Ахметтің бұл тарихи еңбегі бағаланбай қалмақ емес.» (4,42) дегендей Ахмет Байтұрсыновтың ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |