Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан? Мақсаты



Дата14.02.2020
өлшемі29,22 Kb.
#58052
Байланысты:
Тақырыбы не қайда қашан
sabaq-kz attachment haly-sanay, sabaq-kz attachment haly-sanay, апталық г
Тақырыбы: Не? Қайда? Қашан?

Мақсаты: 1. География пәні бойынша қорытынды емтиханға дайындығын нығайту, тапқырлыққа, шешендікке баулу, ізденімпаздыққа жетелеу, ой-өрісін, тіл мәдениетіне деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-аналарды оқушының пән бойынша дайындығына қызығушылығын тудырып, бақылау жасауға негіз беру.



Көрнекілігі: карта, жәшік,нақыл сөздер, плакат, шарлар.

Барысы:

Жүргізуші: Білгенге: білім-байлық, бағасы артық,

Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.

Үйренсең өнер-білім, өшпес мұра,

Таусылмас тау кенінің қордасындай.

Жүргізуші: Білім- өшпес жүрекке жанған шырақ,

Ол-көк сауыт, құрыштай қару-жарақ.

Асыл сол ақыл, білім бойда барлық

Кезі келді міне ойланарлық.

Жүргізуші: Оқысаң ғылым қорын білім асар,

Көңілдің кіршік басқан көзін ашар.

Бар ізгілік тек біліммен алынар,

Білім ал, ол өмірдің жолын ашар,-дей келе білім-адам баласының ортақ қазынасы. Олай болса ойыншыларымызды ортаға шақырайық .

Жүргізуші: Көзге түсер жүйріктер бағасымен,

Суда ағар таулардың саласымен.

Қара қылды қақ жарар алдарыңда,

Таныстырайық әділ қазы алқасымен.

( Қазыларды таныстыру)

Жүргізуші: Тек сәттілік, қатысыңдар сайысқа,

Мықты болсаң, қабырғаңмен қайыс па.

Оқу керек, білім керек қашанда,

Ол болмаса, сайыс деген сайыс па? дей отырып сайысымызды бастаймыз.


Сайыстың шарттары:

1. Кім тапқыр? ( географиялық сұрақтар)

2. Ұяшықты таңда ( қалалар, саяхатшылар, қорықтар)

3. Қара жәшік ( әріптермен жауабын табу)

4. Географиялық есептер әлемінде

5.Географиялық бокс шоу

6. Картамен жұмыс

Рефлексия. Пазлды құра

1-айналым.

1. Қ.Р. шекарасының ұзындығы ) 15 млн.км.)

2. Тоқыма, былғары, аяқ киім, тігін қай өнеркәсіптің салалары ( жеңіл өнеркәсіп)

3. Дүние жүзіндегі ең үлкен арал ( Греландия)

4. Ең кіші материк ( Австралия)

5. Тропиктен экваторға қарай соғатын тұрақты желдер ( пассат)

6. Қ.Р. қанша облыстан тұрады. ( 14)

7. Фонтан түрінде оқтын-оқтын атқылап тұратын ыстық бұлақтар ( гейзерлер)

8. Дүние жүзіндегі ең терең көл ( Байкал)

9. Жердің тас қабаты, жер қыртысы қалай аталады. ( литосфера)

10. Мұхит суының тұздылығы немен өлшенеді. ( промиль)

11. Жердің су қабығы ( гидросфера)

12. Жанартаудың атқылауынан бөлінетін қоймалжың масса. ( лава)

13. Жердің кішірейтілген бейнесі. ( глобус)

14. Ең кіші мұхит ( Солтүстік мұзды мұхит)

15. Екі дүние бөлігінен тұратын материк ( Еуразия)

16. Күн жүйесіне қанша ғаламшар кіреді. ( 9)

17. Отын-энергетикасының салаларын ата ( мұнай, газ, көмір)

18. Қ.Р. қанша экономикалық ауданнан тұрады ( 5)

19. Ең саны көп халық ( Қытай)

20. Жағалауын төрт мұхит суы шаятын материк ( Еуразия)
2. Ұяшықты таңда. 6 құрлықтан келген сұрақтар:
1.Африканың Экваторға жақын қай жерінде мәңгі қар мен мұздықтар бар?
Жауабы: Кениядағы Калиманджаро тауы (вулканы) шыңдарында мәңгі қар мен мұздықтар бар.
2.

2 тапсырма. Еуразияның шеткі нүктелерін жаз.

3. Антарктида мұзтаулары Гренландияның мұзтауларынан ұзақ уақыт ерімей қалқып жүреді. Мысалы антарктидалық мұзтаулар 6-12 жыл, гренландиялық мұзтаулар 3-4 жыл бойы ерімейді. Себебі неде, қай ағысқа байланысты. Батыс желдер ағысы


4. Аризона штатында дүние жүзіндегі ең терең шатқал (каньон) бар. Бұл шатқалды Колорадо өзені 10млн жыл уақыт ішінде ойып жасаған. Шатқал қабырғалары түрлі – түсті: қызыл, сары, қоңырқай, қызғылт. Үлкен каньон
5. Магеллан 1521 жылы саяхаты кезінде қазіргі Магеллан бұғаз арқылы жүзіп бара жатқанда жергілікті адамдардың аралдан жаққан оттарын көрді. Міне аралдың аты осыған байланысты шыққан. Бұл қай арал? Отты жер аралы
6. Бұл Аустралияда кең таралған ағаш . Жер бетіндегі биік ағаштардың бірі. Аустралияның құрғақ климатына жақсы бейімделген. Құрылыста , парфюмерияда қолданады. Сүрегі шірімейді. Коалалар тіршілік етеді. Аустралияның шығыс жағалауларында көптеп өседі. Бұл қай ағаш?

Эвкалипт


3. Қара жәшік

"Қара жәшік"

Жәшік ішіне жасырылған заттың оқушыларға сипаттамасы беріледі, сол арқылы оның ішінде не бар екенін табу керек. 3 көмек болады, әрбір көмек алған сайын 1 ұпай шегеріліп отырады

Ойлануға 1 минут, дұрыс жауап 10 ұпай

І топқа:

Бұл өсімдікті орта ғасырларда ежелгі гректер жыланның шаққан жеріне бірден-бір ем ретінде қолданған. Сондықтан оны "жылан өсімдігі" деп атаған. Ал ежелгі Мысырда оны пирамида құрылысы кезінде мыңдаған құлдарға күн сайын беріп тұрған.

Бірінші көмек: Бұл өсімдіктің отаны - Орта Азия.

Екінші көмек: Францияда шілдеден қаңтарға дейін әр бейсенбіде бұл өсімдіктің ғажайып жәрмеңкесі өткізіліп тұрады.

Үшінші көмек: Исі өткір, ащы, тамаққа пайдаланамыз.

Жауап: Сарымсақ

ІІ топқа:

Ең алғаш бұл сусын 18 ғасырда голландықтар дастарханында пайда болған. Ресейге бұл сусын тосыннан келген. 1638 жылы Москвадан монғол ханына сыйлық келеді. Риза болған хан жауап ретінде өз сыйын жібереді. Орыс елшілері бұл сыйды көріп, жарамсыз зат ретінде қабылдап, өз елдерін төмендету деп есептейді. Дегенмен сыйлық Ресейге жетеді, патша оны ұнатады. Басында оны дәрі ретінде пайдаланады, ал 19 ғасырдан бастап оны өте көп мөлшерде пайдалана бастады.

Бірінші көмек: Отаны - Қытай

Екінші көмек: Қытайдан басқа Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда, Индонезияда, Вьетнамда. Грузияда, Таиландта, Бирмада өсіріледі.

Үшінші көмек: Бұл сусынды ішпесе қазақтардың басы аурады.

Жауабы: Шай

Грек мифологиясында Аполлон бұл өсімдік жапырағынан гүлдесте жасап басына және өзінің саз аспабына әдемілік ретінде тағып жүрген. Содан бері күні бүгінге дейін бұл гүлдесте" даңқ символы" ретінде халықаралық түрлі сайыстағы жеңімпаздардың мойындарына тағылып жүр.

Бірінші көмек: Отаны - Жерорта теңізі жағалауы.


Екінші көмек: Бұл өсімдік Греция мемлекетінің елтаңбасында бейнеленген.
Үшінші көмек: Бұл өсімдік жапырағын дәмдеуіш ретінде тамаққа да пайдаланады.
Жауабы: ЛАВР ЖАПЫРАҒЫ
4. Географиялық есептер әлемінде

1. Масштаб 1 : 200 000, ал картадағы екі қаланың ара қашықтығы 35 см. Екі қала арасындағы жер бетіндегі қашықтықты анықтау керек.

Берілгені: Шешуі:

l = 35 см L = l * атаулық масштаб

1 : 200 000 1 : 200 000

1 см = 2 км

Т/к L - ? L = 35 см * 2 км = 70 к

2.

Картаны пайдалана отырып, төменде берілген қалалардың арасындағы қашықтықты анықтаңдар:

а) Қарағанды – Астана

б) Қарағанды – Алматы

Берілгені: Шешуі:

М 1: 8000000 L = l * атаулық масштаб

l1 = 2,5 см

l2 = 10,2 см L1 = 2,5 см * 80 км = 200 км

L2 = 10,2 см * 80 км = 816 км

Т/к L1 - ?

L1 - ?

L – жер бетіндегі қашықтық

l - картадағы қашықтық

3

Егерде барометр төбенің табанында 762 мм с.б. ал басында 752 мм с.б. көрсетіп тұрса, төбенің биіктігін анықтау керек.

Берілгені: Шешуі:

Р1 = 762 мм с.б. һ = ( Р1 – Р2 ) * 10м

Р2 = 752 мм с.б. һ = (762 мм с.б-752 мм с.б.)*

10м = 100м

Т/к һ - ?

4.есеп

Биіктігі 2200м таудың шыңындағы атмосфералық қысым 517мм с.б. тең. Тау етегіндегі қысымды анықтау керек.



Берілгені: Шешуі:

Һ = 2200м Р1 = Р2 + (һ / 10м)

Р2 = 517мм с.б. Р1 = 517мм с.б. + (2200м / 10м )=

= 517мм с.б. + 220 = 737мм с.б.

Т/к Р1 - ?

5. Географиялық бокс –шоу. Рингке қарама-қарсы топтың әрбір мүшесі шығып, бокс қолғабын киіп бір-біріне сұрақ қояды. Жауап бере алмаған жағдайда бір ұпай минус болады.
6. Картамен жұмыс. Берілген географиялық нысандарды картадан көрсету.
Рефлексия. Пазлды құра. Берілген пазлдардан ҚР картасын құрау арқылы Абай Құнанбайұлының білімге қатысты нақыл сөздерін оқып, бүгінгі сайыс туралы ой – пікірлерін айтады.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

БЕЙНЕУ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ «ҮСТІРТ ОРТА МЕКТЕБІ» КММ


НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?
(География пәнінен 11- сынып оқушылары және ата-аналары арасындағы интеллектуалды сайыс)

Дайындағандар: Есбаганбетова Р, Тыныштыкова М.

География пәні мұғалімдері

2019-2020



1.Африканың Экваторға жақын қай жерінде мәңгі қар мен мұздықтар бар?

2.

2 тапсырма. Еуразияның шеткі нүктелерін жаз.

3. Антарктида мұзтаулары Гренландияның мұзтауларынан ұзақ уақыт ерімей қалқып жүреді. Мысалы антарктидалық мұзтаулар 6-12 жыл, гренландиялық мұзтаулар 3-4 жыл бойы ерімейді. Себебі неде, қай ағысқа байланысты.


4. Аризона штатында дүние жүзіндегі ең терең шатқал (каньон) бар. Бұл шатқалды Колорадо өзені 10млн жыл уақыт ішінде ойып жасаған. Шатқал қабырғалары түрлі – түсті: қызыл, сары, қоңырқай, қызғылт.
5. Магеллан 1521 жылы саяхаты кезінде қазіргі Магеллан бұғаз арқылы жүзіп бара жатқанда жергілікті адамдардың аралдан жаққан оттарын көрді. Міне аралдың аты осыған байланысты шыққан. Бұл қай арал?
6. Бұл Аустралияда кең таралған ағаш . Жер бетіндегі биік ағаштардың бірі. Аустралияның құрғақ климатына жақсы бейімделген. Құрылыста , парфюмерияда қолданады. Сүрегі шірімейді. Коалалар тіршілік етеді. Аустралияның шығыс жағалауларында көптеп өседі. Бұл қай ағаш?

Еуразия


Африка

Антарктида

Оңтүстік Америка

Солтүстік Америка

Аустралия

1. Масштаб 1 : 200 000, ал картадағы екі қаланың ара қашықтығы 35 см. Екі қала арасындағы жер бетіндегі қашықтықты анықтау керек.



2.

Картаны пайдалана отырып, төменде берілген қалалардың арасындағы қашықтықты анықтаңдар:

а) Қарағанды – Астана

б) Қарағанды – Алматы

l1 = 2,5 см

l2 = 10,2 см

L – жер бетіндегі қашықтық

l - картадағы қашықтық

3

Егерде барометр төбенің табанында 762 мм с.б. ал басында 752 мм с.б. көрсетіп тұрса, төбенің биіктігін анықтау керек.



4.есеп

Биіктігі 2200м таудың шыңындағы атмосфералық қысым 517мм с.б. тең. Тау етегіндегі қысымды анықтау керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет