Тақырып 1 Криминалистиканың пәні, жүйесі, әдістері мен міндеттері. Криминалистикалық идентификация және диагностика



бет1/15
Дата30.01.2018
өлшемі3,46 Mb.
#36250
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

УМКД-042-14-5-07.01.20-69-03-11

Ред.№1 от 5.09.2011

Страница из




Тақырып 1 Криминалистиканың пәні, жүйесі, әдістері мен міндеттері. Криминалистикалық идентификация және диагностика.

1. Криминалистиканың пәні

2. Криминалистиканың жүйесі мен міндеттері

3. Криминалистиканың әдістері

4. Криминалистикалық идентификация және диагностика
Дәріс мақсаты: Криминалистиканың пәнін, жүйесін, әдістері мен міндеттерін сипаттау, криминалистикалық идентификация мен диагностиканың айырмашылығын көрсету.

Әдебиеттер:


  1. А.Ғ.Абуов. Криминалистика. Оқу құралы.-Алматы: Жеті жарғы, 2004ж.

  2. Яблоков Н.П. Криминалистика: Учебник / 2-изд. М.: Юристъ,2001.-615-624 бет.

  3. Криминалистика. учебник, под редакцией Белкина Р.С. М.; Издательство НОРМА 2004ж. стр

  4. 100 лет Криминалистики: Пути развития криминалистики / пер. с нем. М.Б.Колдаевой. Под редакцией А.С. Алексеева-Алматы; Жеті Жарғы 1995ж.


1. Криминалистика тергеу және басқа құқық корғау органдарының жұмысының іскерлігін арттыруға үлкен әсер етеді, өйткені крпминалистика тергеу тәжірибесін талдап, қорыту арқылы қылмысты ашуға бейім тәсілдерді тауып, оларды колдану үшін керекті техникалық кұралдарды тергеу кызметкерлеріне дайындап береді.

Адам қылмыс жасағандықтан көп іздер қалдырады. Криминалистикада іздер деген түсінік екі мағынада қолданылады.

Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті

Ал жалпы криминалистикалық мағынада кылмыстың ізі деген ұғымға оқиға болған жерде қалған жеке заттар, қираған, сынған нәрселер.

Жасалған кылмыстың үлгісі тергеушінің ойында дүрыс қалыптасуына қажет заттай дәлелдемелердің толық табылуы оларды терең талдауға үлкен әсер етеді.

Бірақ заттай дәлелдемелерді, іздерді (әсіресе көзге кәрінбейтін) анықтау өте қиын, әрі күрделі жұмыс. Оларды іздеп тауып, дұрыс бекіту үшін арнаулы әдістер мен құралдарды пайдалану қажет. Осы іздерді, заттай дәлелдемелерді табу, бекіту, алу мен зерттеу әдістерінің және ол үшін керекті техникалық қүралдардың қолдану тәсілдерін криминалистика пәні оқытады.

Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдайтын болсақ, криминалистика адамдардың іс-әрекетін зерттейді. Ол қылмыс жасаған адамның криминалдық кылмысты іс-әрекетін және тергеушінің қылмысты ашуға байланысты жүргізетін криминалистикалық тәсілдер мен әдістерді қолдануға байланысты жұмысы.



Заң әдебиеттерінде криминалистикаға әр түрлі пәндік сипаттама беріледі. -Авторлардың криминалистикаға берген пәндік сипаттамаларын қорыта келгенде, оларда негізінен тек редакциялық өзгерістердің бар екені аңғарылады.

- Қай автор болса да, криминалистиканың кылмысты ашуға және тергеуге керекті деректерді, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін пайдаланатын әдістер мен тәсілдер, оған қажет техникалық құралдарды оқитын ғылым екенін баяндайды.

- Сонымен қатар, криминалистикада пайдаланатын техникалық құралдар, әдістер мен тәсілдер тек қылмыстык-процессуальдық занға сәйкес болуы атап айтылады.

- Кейбір авторлар криминалистикалық әдістер мен тәсілдер қылмысты ашуда ғана емес, қылмысты болдыртпауға бағытталғанында айта кетеді.

Сонымен айтылғандарды тұжырымдай келіп, криминалистикаға мына темендегідей пәндік сипаттама беруге болады.

Криминалистика - қылмысты ашуға және тергеуге керекті заттай дәлелдемелерді процессуальдық заңға сүйене отырып, іздеп табу, бекіту, алу, зерттеу үшін пайдаланатын техникалық құралдар, тактикалық тәсілдер мен тергеу әдістемелері жөніндегі ғылым.

Криминалистика ең алдымен Қылмыстық іс жүргізу заңымен тығыз байланысты. Себебі криминалистиканың зерттеп дайындаған тәсілдері мен әдістері кылмысты ашуға, тергеу әрекеттерін тиімді жүргізуге негізделсе, Қылмыстық іс жүргізу заңы тергеу әрекетгерінің жүргізілу тәртібін занды түрде реттейді. Атап айтқанда екі пәннін, де зерттейтіні бір объект — тергеу әрекеті.

Криминалистиканың қылмыстық құқық ғылымымен де тығыз байланысы бар. Қылмыстық құқық ғылымында қоғамға қауіпті қандай әрекеттердің қылмыс қатарына жататынын керсетіп, әр қылмыстын кұрамындағы белгісін талдап баяндайды.

Криминологияның кағидаларын негізге ала отырып, криминалистика тергеушінің жеке істерді жүргізгенде қылмыстың болуына ықпал еткен жағдайларды толық тауып, бұл себептер мен жағдайларды жою жөнінде қандай әрекеттер жүргізу керектігін айтады.

Криминалистикада колданылатын тәсілдер мен әдістер, заттай дәлелдемелерді іздеп табу, оларды бекіту, алу және зертеуге бағытталады. Сондықтан криминалистикада жиі қолданылатын іздеп табу, бекіту, алу және зертгеу деген ұғымдардың мазмұнын талдап оларға түсінік беру қажет.

Заттай дәлелдемелерді іздеп табу дегеніміз - ол тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті.

Бекіту және алу дегеніміз — криминалистикалық аспектіде іздеп тауып алынған заттай дәлелдемелерді, іздерді сол күйінде сақтап қалу үшін, оларды арнайы криминалистикалық тәсілдермен белгілеу және алу.

Әр ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның міндеттерімен тығыз байланысты.

Жоғарыда талданған криминалистиканың пәндік сипаттамасы оның арнаулы міндеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.

Сонымен криминалистиканың мына теменде көрсетілгендей негізгі міндеттері бар:

1) криминалистиканың ғылым ретінде дамуы;

2) заттгай дәледдемелерді, іздерді тауып, бекіту, алу және зерттеу үшін керекті жаңа криминалистикалық әдістер мен тәсілдерді одан әрі өндеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты техникалык кұралдар жасау;

3) алдын ала тергеудің ұйымдық тактикалық негіздерін жетілдіру.

4) жекелеген қылмыстарды тергеу әдістемелерін өндеп жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу;

5) қылмысты болдыртпау үшін криминалистикалық сактан-дыру шараларын қүқыкқорғау органдарына үсыну.



2. Криминалистика ерекше, дербес ғылым бола тұра, өзі жеке бөлімдерден қүралады: криминалистиканың теориялық және әдістемелік негіздері, криминалистикалық техника, тергеу тактикасы, жекеленген қылмыстарды тергеу әдістемесі.

Сонымен қатар, криминалистер кейінгі жылдары криминалистика жүйесінде кылмысты ашу мен тергеуді ұйымдастыруға арналған тағы бір белімді бөліп көрсетеді.

Олардың пікірлері бойынша бұл бөлімнің ұғымына криминалистикалық болжаулар, сондай-ақ, тергеу процесіндегі тергеушінің әр түрлі қызметпен өзара байланысын жоспарлау жөніндегі ілімдер кіруі қажет.

Бірінші бөлімде криминалистиканың пәндік сипаттамасы, оның жүйесі және жеке бөлімдерінің қысқаша мазмұны беріледі.

Екінші бөлімде заттай дәлелдемелерді және іске керек деректерді іздеп табуға, бекітуге, алуға, зерттеуге керекті тәсілдер мен әдістер, осыған байланысты колданылатын техникалық құралдар жөнінде айтылады.

Үшінші бөлімде криминалиетикалык тактика тергеу әрекеттерін жүргізгенде колданылатын тиімді, нәтижелі әдістері, оларды колдану қағидалары баяндалады.

де тығыз байланысты.

Төртінші бөлімде жекеленген кылмыстар бойынша жургізілетін тергеудің әдістемелік тәртібі көрсетіледі және криминалистикалық тергеу болжауларының теориялык негіздері, анықтама органдары, тергеушінін қылмыстық іс жүргізуіндегі карым-қатынас қағидалары сипатталады.


3. Криминалистика өзінің алдына койған міндеттерін ғылыми жолмен зерттеген тәсілдерді қолдану арқылы шешеді.

Криминалистикада жалпы ғылыми және жеке тәсілдермен катар арнайы тәсілдер де қолданылады.

Әр қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы, онда керсетілген жеке кылмыстарға тән белгілер қылмыстарды тергеуге қажетті әдістемелік ұсыныстар жасауға пайдаланылады.

Криминалистика өзінін міндеттерін объективті тұрғыда зерттейді, сондықтан баска ғылымдардағыдай диалектикалық тәсілді криминалистиканың жалпы тәсілі деп санауға болады.

Мұнымен катар криминалистикалық объектілерді зерттеуге басқа ғылым салаларында да жиі қолданатын жалпы ғылыми тәсілдер пайдаланылады. Мысалы: бақылау, бейнелеп суреттеу, салыстыру, өлшеу, эксперимент т.б.

Бақылау тәсілі дегеніміз — бір нәрсені (не затты) арнайы сипатталап қарап, оны зерттеп, қабылдап түсіну.

Криминалистикалық маңызы бар объектілерді зерттегенде жай өлшеу кұралдарын қолдану арқылы өзімізге керекті өлшем қорытындысын алуға болады.



Бейнелеу тәсілі криминалистикада деректі затты, не белгілі бір оқиғаны суреттеп жазу үшін пайдаланылады.

Салыстыру — өте күрделі логикалық талдауды қажет ететіи ойлау процесі. Бірнеше объектілерді салыстырғанда, алдымем әр объекті жеке алынып зерттеледі.

Салыстыру үстінде белгілі корытындыға келу үшін зерттеуші логикада қолданылатын талдау, синтез, абстракция, болжау және т.б. тәсілдерді пайдаланады.

Криминалистикалық зерттеуде эксперименталдық тәсілдер де қолданылады. Эксперимент дегеніміз — объективтік накты лы тануға қолданылатын ғылыми тәжірибе.

Сонымен қатар арнайы әдістердің ішінде тек криминалистика ғылымында ғана қолданылатын әдістер бар, олар кейде криминалистикалык оқулықтарда криминалистиканың өзіне меншікті әдістер деп те аталады.

Бұл әдістердін ішінде айрықша орын алатыны — зерттеу тәсілдері, атап айтқанда: криминалистикалық фотографиялык әдістер, трасология мен криминалистикалык баллистиканың, қолжазбатану, автортану, кұжаттарды техникалык зерттеулер-дің, габитологияның, кылмыстық тіркеудің және криминалистикалық тактиканың әдіс-тәсілдері.

Арнайы әдістердің екінші бір тобы басқа ғылымдардан алынып, криминалистикалык объектілерді зерттеуге бейімделген әдістер.

Бұл топқа жататын әдістер: микроскопиялық зерттеу тәсілі, спектордың көзге керінбейтін инфрақызыл, ультракүлгін сәулелерінде зерттеу, рентген сәулесінде зерттеу, спекторлық талдау т.б.
4. Идентификация – теңдестіру.

Тендестіру зандылығына сәйкес — адамның ойлау процесіндегі қандай да бір ойы өзіне-өзі сәйкес, тепе-тең болуы тиіс.

Адамның санасыңда көрініс тапқан объект бейнесі нақты бір жекеленген болуы кажет. Талқылау кезінде міндетті түрде нақты бір объектіні ғана ойлау керек, оны басқа объектілермен алмастыруға болмайды. Әр түрлі объектілерді тендестіру мүмкін емес, логикаға жатпайды. Бір объектіні адамның қайта еске түсіру кезіндегі ойлау мазмұны алғашкы ойлаудың мазмүнына сәйкес (бір) болуы кажет. Бір объект жайлы талқылау кезінде пікірталастықтар пайда болған жағдайларда, әрбір адамның ойы әр түрлі болып олар өзара келісімге (бір шешімге) келе алмай-ды, бұл өз алдына тендестіру зандылығының бұзылуына әкеп соқтырады.

Идентификацияның психофизиологиялык механизмі келесідей болып келеді: субъектінің санасында керсетіліп отырған объектінін белгілері туралы көрініс, сол көріністі ойлау арқылы, ол үсынылып отырған объектіні өзінің ойындағы объект белгілері бойынша салыстырады, содан кейін ғана ол объектілердің сәйкестігі жайында немесе ерекшеліктері бойынша қорытынды жасайды.

Л.Н. Мороздың пікірінше: криминалистикалык идентификация мынандай жағдайларда орын алады:

«а) идентификация тәсілдері арнайы криминалистермен өнделіп жетілдірілген жағдайларда;

ә) бұл тәсілдердің көмегімен объектінін, жекелеген сәйкестігі анықталған жағдайларда (бұл жерде ол объектілердің топтық қатыстылығын анықтауды қарастырған);

б) криминалистикалық идентификацияның объектісі тек криминалистикалық идентификация объектілерінің шеңберіндегі нақты бір жекелеген объектілер ғана бола алады;

в) криминалистикалық және соттық идентификация арасында айырмашылыктар бар және идентификацияның тергеу тәжірибесі мен оның процессуальдық тәртібінде ерекшеліктер болған жағдайда» — деп көрсеткен.

Криминалистикалық идентификация процессуальдық және процессуальдық емес формасында қарастырылады.

Идентификацияның процессуальдық емес формасы қолданбалы және жедел болып екі түрге бөлінеді.

Қолданбалы – мұражай басқа ұйымдар қызметкерлермен жүзеге асса, жедел қылмыстық іс қозғалғаннанға дейін ЖІҚ жүзеге асады.

Деңгейіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

-объектінің бір текке жататындығы

-топтық қатынастылығы

- жекелеген сәйкестігі т.б.

Сонымен қатар, идентификацияны жүргізу субъектісіне байланысты тергеу және сараптамалық идентификация деп бөлеміз.

Объектісі бойынша: адам, жануар, атыс қаруы, көлік құралдары және т.б. идентификация түрлерін бөліп карастыруға бо лады.

Объект ұғымы — криминалистикалық идентификация теориясының басты элементі. Объектілерді анықтау — идентификацияның зерттеу мазмұнына, яғни ғылыми зерттеулер калай жүргізіледі және олар сот-тергеу тәжірибесінде калай жинақ-талады деген мәселелерді шешуге әсер етеді. Криминалистикалық идентификация объектісінің түсінігі қылмысты тергеудегі криминалистикалық-техниканың, тактиканың, әдістемелердін, даму деңгейімен байланысты.

Идентификациялық белгі дегеніміз не?

Кез келген объектінің өзіндік касиеттері бар. Объектінің қасиеті оның сапасын көрсетеді. Объектілердің мәндік релін қасиеттер атқарады. Ал белгі объект қасиеттерінін сырткы көрініс табу релін атқарады. Объектіні белгілері арқылы танып білеміз. Белгі түсінігімен таным қызметін байланыстырады. Белгі — қасиеттің көрініс табуы. Кез келген материалды объект көптеген қасиеттерге ие болады. Ал әр қасиет көптеген белгілер арқылы сипатталады. Белгі қасиеттерден бөлініп карастырылмайды. Объектінің мәнін анықтау үшін оның белгілер жиын-тығы айқындалуы керек. Белгілер жиынтығын белгілердін ме-ханикалық бірлестігі ғана емес, белгілі белгілер жүйесі ретінде түсіну кажет.

Осы белгілер жүйесі арқылы объектіні өзіне үқсас көпшілік ортадан беліп қарастыруға мүмкіндік береді, ал көпшіліктен жеке объектіні беліп ала аламыз.

Диагностика. Идентификацияны жүзеге асырудың негізгі формасы сараптама болып табылады. Ол, әсіресе дәстүрлі сараптама түрлерінде қолданылады. Ал диагностика болса сараптаманың барлық түрлерінде жүзеге асырылып, сонымен қатар, жедел-іздестіру, тергеу, сот әрекетгерінде қолданылады. Диагностиканы сарапшылар, тергеушілер, жедел қызметкерлері, мамандар мен соттар жүргізеді. Оның субъектілер шеңберінің кең көлемді екенін байқаймыз.

Идентификация, негізінен, дәлелдеу әдісі ретінде карастырылса, диагностика дәлелдеумен қатар, іздестіру, жедел-іздестіру мәніне ие бола алады. Бірақ та идентификация мен диагностиканың мақсаты бір — тергелетін іс бойынша фактілі мән-жайларды анықтау. Диагностика тұрғысынан шешілетін мәселелер (жалпы және жеке) шеңбері кеңірек.

Диагностика қарастыратын жалпы мәселелерді: дәлелдемелік, іздестірушілік және жедел-іздестірушілік деп үш бағытта карастыруға болады. Бұл мәселелер өзара тығыз байланысады, сондықтан дәлелдемелік диагностиканы кей уақытта жедел-іздестіру диагностикасынсыз қарастыру мүмкін емес.

Идентафикация мен диагностика мәселелері бір-біріне карсы қойылмайды. Оларды алмастыру арқылы, яғни идентификациялық мәселелерге дейін диагностикалық мәселелерді немесе керісінше, диагностикалық мәселелерге дейін идентификация-ық мәселелерді шешуге болады. Мысалы: табылған мәйіттің киімінен бөгде іздердің анықталуы мүмкін. Осы іздерді табу, олардың шығу тегін, пайда болу механизмін анықтау — диагностиканың іздестіру сипатындағы шешетін мәселелері болып табылады. Диагностиканың көмегімен сезіктіні ұстауға, жәбірленушіні өлтіру қүралын анықтауға байланысты міндетті түрде киімде пайда болған бөгде ізге идентификациялық зерттеу жүргізіледі.

Бүгінгі танда сараптаманың барлық түрлері бойынша диа-ностикалық мәселелерді шешу, әдістемелік жағынан алып карағанда жеткілікті өнделіп жетілдірілген деуге болады. Диагностика жүргізудің көптеген әдіс-тәсіддері мен әдістемелері бар. Сарапшылар идентификациялык зерттеулер жүргізу кезінде қодданылатын әдістерді диагностикада да колданылады.

Диагностика жүргізу кезінде кандай объектілер зерттелетіндігіне байланысты әдістер әр түрлі классификацияланады (жік-теледі). Сарапшылармен өнделген әдістемелерде идентификациялық мәселелер бойынша туындаған сұрақтарды шешу үшін тергеушілер мен мамандарға диагностикалық объектілерді табу, бекіту және алуға байланысты ұсыныстар берілген. Мысалы, сот-баллистикалық сараптамаларында идентификациялық және идентификациялык емес мәселелер бірдей шамада қарастырылып шешіледі. Тәжірибеде сезіктіден алынған қару қүралы, мәйіттен алынған оқ немесе оқиға болған жерден табылған гиль-залар бойынша идентификация өте жиі жасалады. Бірак, кейбір жағдайларда келесідей диагностикалық: кару өздігінен атылып кетуі мүмкін бе еді; қару кандай қашықтықтан атылған; оқ-дәрілер мен қаруды дайындау тәсілдері қандай;



2-Тақырып Криминалистикалық техниканың жалпы ережелері. Криналистикалық фотография және бейнежазба.

1. Криминалистикалық техниканың пәні мен түсінігі

2. Тергеуші мен криминалист-маманның қолданатын ғылыми-техникалық құралдары.

3. Сарапшылардың қолданатын ғылыми-техникалык құралдары.

4. Криминалистикалық фотография, бейне- жәнә дыбысжазбаларының түсінігі, маңызы және жүйесі

5. Сот-жеделдік фотографиялық әдістер

6. Тергеу әрекетін жүргізу барысында фотографияны қолданудың ерекшеліктері

7. Сот-зерттеу фотографияларының әдістері.


Криминалистикалық техника криминалистиканың бір бөлімі ретінде қылмыстық іздерді табу, бекіту, алу, жинауға қолданылатын және тергеліп отырған оқиға мәліметтерін қалпына кайта өндеуге бейімделген ғылыми-техникалық кұрал-әдістерді теориялық ережелер және қағидалар тұрғысынан өңдеп жетілдіру, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу мен техникалық қүралдардың жүйесі болып табылады.

Криминалистикалық техниканың негізгі міндетіне — кылмыскердің жеке басы туралы, оның қолданған қаруы, оларды қолдану және жасалған қылмыстың өзге де жағдайлары жөніндегі мәліметтерді алу мақсатымен қылмыстың материалдық іздерін табу, бекіту, алу және зерттеу жатады. Криминалистикалық техника теориялық жағынан криминалистиканың бір бөлімі ретінде келесі мәселелерді қарастырады:

- жалпы жасалған қылмыстық іске қатысты қандай нысандар, қандай іздер қалдырылады және олардың қандай қасиеттері, сипаттары бар;

- риминалистикалық техниканы дамыту.

Сонымен қатар, тәжірибелік маңызына қарай арнайы мәселелерді зерттейді:

- қылмыстың ізін қалай және қандай техникалық құралдардың көмегімен табуға болатындығын;

- олар дәлелдеме болуы үшін, оларды қалай және қандай техникалық құралдармен тауып, бекітуге болатындығын;

-бұл дәлелдемелерді, қалай және қандай техникалық құралардың көмегімен алуға болатындығын.

- бұл дәлелдемелер қалай және қандай тәсілмен анықталғанын қарастырады, бірақ кебінесе бұл мәселені экспертология шешеді;

- қылмыстық іс, қолданылған қару, кылмыскерлер, қалдырылған іздер және т.б. мәселелер жайлы мәліметтерді қалай және қандай тәсілдер арқылы жинауға болатындығын;

- қандай техникалық кұралдар кылмыс жасауға кедергі жасайтындығын.

Табылған іздер бойынша объектілердің ішінен кажетті жекеленген іздерді немесе оларға катысты объектілердін түрін, тегін анықтау мәселелері туындайды. Іздерді калдырған деп табылған объектілерді анықтау мәселелері идентификациянын көмегімен шешіледі.

Крим техниканың барлық аталған мәселелерін екі топқа бөлуге болады:


  • Идентификациялық

  • Идентификациялық емес (іздерді іздеу т.б.)

Криминалистикалық техниканың ерекшелік сипаты — оның заңға сәйкес қолдануы болып табылады.

Криминалистикалык техника занда көрсетілген тергеу әрекеттерінде колданылады. Олар Қылмыстық іс жүргізу кодексінде қарастырылған — қарау, тінту және басқа да тергеу әре кеттерін жүргізу (фотосуретке түсіру, өлшеу, үлгі алу, калып жасау және т.б.) кезінде қолданылады.

Тергеу әрекеті барысында қолданылған криминалистикалық техника ол міндетті түрде хаттамаларында бекітілуі кажет. Қарау хаттамасында қандай объект фотосуретке түсірілгендігі, ол қандай нүктеден және кандай әдіспен түсірілгендігі нақты көрсетілуі тиіс.

Криминалистикалық техниканы тергеу әрекеттерін жүргізу барысында заңмен белгіленген тәртіп ережелерін сақтамай қолданылған жағдайларда, оның нәтижелері дәлелдемелік күшін жоғалтады.

Крим техниканың келесідей негізгі салалары калыптасқан:

• криминалистикалық техниканың жалпы ережелері;

•криминалистикалық фотография, дыбыс- және бейнежазба;

• трасология (іздер жөніндегі ілім);

• криминалистикалықбаллистика;

• криминалистикалық қолжазбатану және автортану;

• құжаттарды техника-криминалистикалык зерттеу;

• суық қаруды криминалистикалық зерттеу;

• криминалистикалық жарылыстану;

• заттар мен материалдарды криминалистикалык зерттеу;

• одорология;

• фоноскопия;

• дамдарды сыртқы бейне белгілері бойынша теңдестіру (габитология);

• криминалистикалык тіркеу және есепке алу.

Криминалистикалық техниканы тағайындау әдістерін келесі топтарға бөліп кәрсетуге болады:


  1. Заттай дәлелдемелерді табу, бекіту және алудың әдістері мен тәсілдері.

  2. Заттай дәлелдемелерді зерттеу әдістері мен тәсілдері

Криминалистикалық техниканың әдістері, олардың табиғи негізінде жатқан құбылыстар мен қай ғылыми топка жататындығы бойынша жүйеленеді. Атап айтқанда: а) физикалык; ә) химиялық; б) физика-химиялық; в) ботаникалық; г) физиологиялық; д) математикалық; е) логикалык; ж) биологиялық.

Криминалистикалық техника жалпы ғылым, сондай-ақ арнайы әдіс ретінде қолданылады.



2. Дәлелелдемелерді жинау процесіне оларды бекіту, алу және анықтау кіреді. Іздер мен басқа да объектілерді анықтау үшін қолданылатын криминалистикалық техниканың әдістері мен тәсілдері әр түрлі болады.

Тергеуші мен маман-криминалистің қолданатын техникалық құралдарын келесідей топтарға бөлуге болады: 1) жарықтандырғыш 2) өлшегіш; 3) іздейтін; 4) бекіту және алу; 5) буып-тұю құралдары.

Жарықтандырғышқа жарықтың фотовспышка, үлтракүлгін сәуле сперма, қан сияқты объектілер үшін.

Іздейтін құралдарға: қуыс бұрғылардың түрлері (щуп) және қондырғылары, әр түрлі үлкейткіш шынылар, дактилоскопиялық ұнтақтардың жиынтығы, дактилоскопиялық және магнитті кистілер жатады. Металдық объектілерді іздеген кезде әскери бейнедегі индукциондық металл іздегіштер және криминалистикалық мақсатқа арнайы дайындалған магниттік металл көтергіштер қолданылады.

Криминалистикалық бекітудің мақсаты - мүмкіндігінше нақты объектіні бекіту, фактіні, окиғаны, кылмыстың материалдық ізін және басқа да қылмыстық іс бойынша кажетті ақиқатты анықтау үшін бекіту.

Бекітудің әр түрлі тәсілдері қолданылады:

• вербальдық - хаттамаланған, дыбыс жазбалык;

• графикалық - графикалық бейнелік (схемалық және масштабтық жоспар, схемалар, соның ішінде суретті салу);

• пәндік - сол пәннен алынған, материалдық модельден жасалған

• қаралатын-бейнелік - суреттер; фототусірілімдер, бейне-жазбалары.

Бекіту объектіні, сондай-ақ оның белгілі бір касиеттерін, белгілерін, құрамын сақтау үшін бағытталуы мүмкін. Арнайы ортада құрылған заттай объектіні сақтау - бекіту арқылы жүзеге асырылады.
3. Сараптамалық тәжірибеде әр түрлі әдістер қолданылады. Әдістердің қандай касиеттерді зерттеуіне байланысты оларды топқа бөлеміз: 1) объектінің морфологиясын зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық кұралдар; 2) объектінің физика-химиялық қасиетін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 3) объектінің жекелеген қасиеттерін зерттейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар; 4) ақпаратты өндейтін әдістер мен ғылыми-техникалық құралдар.
4. Криминалистикалық фотография — фототүсірілімдердң жалпы және арнайы түрлерін қолданудың құрал-жабдықтары мен әдістеріне, оларды криминалистикалық мақсатта қолданудың ғылыми негізделген мәліметтеріне, сондай-ақ криминалистикалық зерттеулердің сәйкес нәтижелеріне негізделеді. Криминалистикалық техниканың бөлімі ретінде, ол қылмысты ашу мен тергеуге байланысты әр түрлі криминалистикалық қызмет барысында қолданылатын фототүсірілім құралдары мен әдістерінің жетілдірілген ғылыми жүйесін құрайды.

Криминалистикалык фототүсірілім жекеленген тергеу әрекеттерін, жедел-іздестіру шараларын, кей жағдайларда сараптамалық зерттеулерді жүргізу барысы мен нәтижелерін көрнекі түрде бекітудін тиімді әдіс-құралы. Криминалистикалық мәселелер мен криминалистикалық қызмет түрлерінің ерекшеліктерін ескере отырып, сот фотографиясын екі түрге бөліп көрсетуге болады:

1.сот-жеделдік фотография;

2. зерттеу фотографиясы.

Сот-жеделдік фототүсірілімдер оптикалық кұралдарды қолданбай-ақ көзге көрінетін әр түрлі іздер мен объектілерді бекітуде колданылатын әдіс, ал зерттейтін фототүсірілімдер көзге көрінбейтін іздер мен объектілердің бөлшектерін, түс айырмаппылықтарын анықтап бекітуге негізделген әдіс болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет