Тіл дамыту бойынша ойындар Дос сөздер Мақсаты



бет1/3
Дата11.10.2023
өлшемі17,65 Kb.
#184673
  1   2   3
Байланысты:
Тіл дамыту бойынша ойындар
Адам денесінің жетілуі, Ертегілер QR код (1)

Тіл дамыту бойынша ойындар
Дос сөздер
Мақсаты: сөздерді айтылуы бойынша салыстыруды, берілген сөздердің достарын іріктеуді үйрету; түрлі дыбыстар туралы түсінікті бекіту.
Батыр – шатыр, бата, ата, мата, ота, отау.
Бай – май, сай, жай.
Асық – қасық; лақ – тақ; тау – атау; жалау – палау; сана – шана.
Жейде – кейде; аяқ – таяқ; пеш – кеш; еден – кеден.
Дыбысты ауыстыр
Мақсаты: балаларға дыбыстардың орнын ойша ауыстыруды, оларды берілген дыбыстармен алмастыруды, осылайша шыққан сөзді айтуды үйрету.
Материал: өзгертуге арналған сөз қатары, құрастырылуы тиіс сөздер жазылған суреттер.
Ойын барысы
Ересек сөздегі ауыстыратын алғашқы немесе соңғы дыбысты белгілейді.
Осыдан кейін ол суреттерді жайып, сөзді айтады, ал бала оның көмегімен алғашқы сөздегі дыбысты берілген дыбыспен ойша алмастырады және шыққан сөзді дауыстап айтады.
Мысалы: алғашқы әріпті [т] дыбысына алмастыру керек (бар – тар, бұл – тұл, жас – тас) немесе соңғы дыбысты (жақ – жат, штаб – штат, бек – бет).
Жаттығуға қарай ойынды суреттерді қолданбай, ауызша өткізуге болады.
Қай дыбыс жетпейді?
Мақсаты: бір дыбыс жетпейтін жаңа сөздерді жаттау. Дыбыстық талдау дағдыларын жетілдіру.
Материалы: әр сөзге берілген суреттер.
Ойын барысы
Ересек сөз жазылған суреттерді іріктеп, оларды үстелдің үстіне қояды және тиісті дыбысты үзіліспен алмастыру арқылы сөзді айтады.
Бала сәйкес суреттердің көмегімен мұның қандай сөз екенін тауып, оның түсіп қалған дыбысын анықтауы тиіс.
1 нұсқа
Пеш үстінде мысы... отыр, екі көзін қысы... отыр
Ұл бала қолына қарында..., ал қыз ша... ұстап отыр
Зообақта пі..., мүйізтұмсы..., қолтырауы... тұрады
2 нұсқа
Мысалы, пи[]ама – [ж] дыбысы түсіп қалды, вок[]ал – [з] дыбысы, тәрел[]е – [к] дыбысы, кәмпи[] – [т] дыбысы, майм[]л – [ы], мака[]он – [р] және т. б. Ересек қандай да бір дыбыс үшін сөздер жазылған суреттерді іріктей алады, баланың оны айтуын бекіту керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет