ТҮСІНІК ХАТ
Қазақ тілі
4-сынып
Апталық жүктеме – 4 сағат, жылдық жүктеме – 144 сағат.
Пәннің маңыздылығы қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесімен және ойды түсінікті жеткізуді мақсат тұтатын коммуникативтік бағытымен дәйектеледі.
Пән өзге тілде білім алатын бастауыш сынып оқушысын қазақ тілін сөйлесім әрекеті арқылы мәдениетаралық қатысым құралы ретінде меңгертуді көздейді.
Білім мазмұнының желісі үш аяға бөлініп ұсынылды:
1) әлеуметтік-тұрмыстық ая;
2) оқу-еңбек аясы;
3) әлеуметтік-мәдени ая.
Бағдарлама қазақ тілін үйренуге негіз болатын тақырыптық, аялық бөлімдер арқылы оқушылардың жобаланған оқу нәтижелеріне жетуін қарастырады. Басты мәселе сөйлесім әрекеттеріне негізделген тілдік және мәдени-танымдық құзіреттіліктер, қатысымдық (коммуникативтік), проблемалардың шешімін табу, ақпараттық түйінді құзіреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады.
Пәнді оқыту мақсаты – қарапайым деңгей бойынша қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде түсінікті сөйлеуге, сауатты жазуға үйреу.
Оқыту міндеттері:
1) оқушыларға сөйлесім әрекетінің түрлерін күнделікті қарым-қатынас деңгейінде меңгерту;
2) оқушылардың тілдік дағдысы мен білігін дамыту;
3) қарым-қатынас әдебінің қарапайым нормаларын меңгерту:
4) ойын жағдаяттарында қазақ тілін қолдану арқылы оқушыларды жаңа әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру;
5) оқушыны сөйлесімдік қарым-қатынастың жаңа тәсілдеріне (қазақ тіліндегі), қазақ халқының мәдениетіне, ұлттық-мәдени сөйлесім ерекшелігіне баулу;
6) оқушылардың оқу білігін, шынайы өмірлік жағдаяттарда алған тілдік білімдерін шығармашылықпен пайдалануға дайын болу білігін қалыптастыру;
7) оқушыларды қазақ халқының балаларға арналған әндермен, тақпақтармен және ертегілермен, фольклормен, көркем әдебиетімен, ойындармен таныстыру;
8) оқушылардың қазақ тіліне қызығушылығын дамыту, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
4-сынып
Достарыңызбен бөлісу: |