Xiii ғасырдағы және бүкіл әлем тарихында анағұрлым ұлы адамдардың бірі Шыңғысхан екені күмәнсіз



бет2/9
Дата22.12.2021
өлшемі147 Kb.
#127478
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
CHingiz
CHingiz, 3-то сан бойынша жиынты ба алау а арнал ан тапсырмалар « шб рыш
Шыңғысхан

Моңғол империясының Тұңғыш Ұлы Ханы (1206-1227). Мұрагері: Толуй (регент) Өгедей; Шамамен өмір сүрген жылдары 1155-1162; қазасы: 1227 жылдың 25 тамызында; жерленген жері белгісіз; әулеті: борджигин; туғанда берілген есімі: Тэмуджин (Темучжин); әкесі: Есугей; анасы: Оэлун; жұбайы: Бөрте, Хулан, Есугэн, Есуй; балалары: ұлдары: Джучи, Шағатай, Өгедей, Толуй, Кюльхан, Харачар, Чахур және Хархад; қыздары: Ходжин бегі, Цэцэйхэн, Алангаа, Тэмулэн және Алдуун Чингисха́н (моғ. Чингис хаан, өзінің аты – Тэмуджин, Темучжин. 1155 немесе 1162-тамыз 1227 ж.) – жекеленген монғол тайпаларын біріктірген Монғол империясының негізін қалаушы және алғашқы ұлы ханы; монғолдардың Қытайға, Орта Азияға, Кавказға және Шығыс Еуропаға жорықтарын ұйымдастырған қолбасшы. 1227 жылдағы қазасынан кейін оның бірінші әйелі Бөртеден тараған тікелей ұрпақтары империяның мұрагерлері болып қалды.

Тэмуджиннің немесе Темучиннің тағдыры өте ауыр болды. Ол қазіргі Монғолия мемлекеті аймағындағы Онон өзенінің бойында малдарымен қоса көшіп-қонып жүрген атақты монғол отбасынан шыққан. Оның тоғыз жасында далалық өзара тартыстардың кезінде әкесі Есугей баһадүр қаза тапты. Өз қорғаушысынан және барлық дерлік малынан айырылған отбасыға қоныстардан қашып құтылуға тура келді. Олар тоғайлы алқапта қатал қыстан әрең аман қалды. Қайғы-қасірет кішкентай монғол баласының соңынан қалмады. Тайджиут тайпасынан шыққан жаңа жаулары жесір қалған отбасыға шабуыл жасады да, Тэмуджинді тұтқынға алып, мойнына құлдың ағаш қарғысын салып қойды.

Алайда ол балалық шағының ауыртпалықтарымен шыныққан табанды мінезін көрсете білді. Қарғысын сындырып, ол құлдықтан қашып кетті де, бірнеше жыл бұрын оның отбасын қорғап қала алмаған өзінің тайпасына қайта оралды. Жас жігіт берілген жауынгерге айналды: оның бауырларының арасында дала аттарын аса еппен бағындырып, садақтан дәл атып, аттын бар шабысымен жүріп келе жатқанда арқан лақтырып және қылыштаса білгендер өте аз еді.

Тэмуджин көсем өзінің алғашқы үлкен айқасын 1193 жылы Германия маңындағы монғол даласында өткізді. Қол астындағы небәрі 6 мың әскермен ол күйеу баласына қарсы келген өзінің қайын атасы Унг ханның 10 мың әскерін талқандады. Хан әскерін әскербасы Сангук басқарды, ол, мүмкін, өзіне тапсырған тайпа әскерінің үстемдігіне сенімді болып, барлау туралы да, әскери сақтық туралы да ойламаған болар. Тэмуджин қарсыласының абайсызда үстінен шығып, тау жықпылында оны қатты шығынға ұшыратты.

1206 жылы Тэмуджин Ұлы Қытай қорғаны даласының солтүстігіндегі аймақтың ең қуатты билеушісіне айналды. Сол жыл оның өмірінде ерекше есте қалды, өйткені ол монғол феодалдарының құрылтайында барлық монғол тайпаларының «ұлы ханы» атанып, «Шыңғыс хан» лауазымына ие болды (түрік тілінен теңіз деген мағынада). Тэмуджин әлем тарихына Шыңғыс хан атымен енді. Дала монғолдары үшін бұл лауазым «жалпы халықтың әміршісі», «нағыз әмірші», «қымбатты әмірші» сияқты болды.

Ұлы хан ең бірінші монғол әскерінің қамын ойлады. Жеке билігін бекітіп, ел ішіндегі кез-келген наразылықты басу үшін ұлы хан 10 мың адамнан тұратын атты әскер құрды. Оған монғол тайпалары арасынан ең үздік жауынгерлерді алды және бұл әскердің Шыңғыс ханның басқа әскерлері арасында айырықша артықшылықтары болды. Гвардияшылар ханның оққағарлары болды. Олардың арасынан Моңғол мемлекетінің билеушісі жасақтардың әскербасыларын тағайындады. Содан кейін Шығыс Түркістандағы сол кездегі үлкен ұйғыр мемлекетінің кезегі келді. 1209 жылы Шыңғыс ханның үлкен әскері олардың шекарасын бұзып өтіп, қалаларын, гүлденген алқаптарын кезек-кезек басып алып, толық жеңіске жетті. Осы шапқыншылықтан кейін көптеген сауда қалалары мен ауылдардан тек қираған үйінділер ғана қалды.

1211 жылы Шыңғыс ханның атты әскері Солтүстік Қытайға шабуыл жасады. Ұлы Қытай қорғаны – адамзат тарихындағы ең ғаламат қорғаныс құрылысы – жаулап алушыларға тосқауыл болмады. Монғолдың атты әскері жолында тұрған жасақтарды талқандап өтті. 1215 жылы монғолдар ұзақ қоршауда ұстаған Пекин (Яньцзин) қаласын басып алды.

1218 жылы монғолдар Корей түбегін жаулап алды. Солтүстік Қытай мен Кореяға жасаған жорықтарынан кейін Шыңғыс хан одан әрі батысқа – күнбатыс жаққа қарай көз сала бастады. 1218 жылы монғол әскері Орта Азияға басып кіріп, Хорезмді жаулап алды. Ірі Орта Азия мемлекеті Хорезмді жаулап алу жалғаса берді.

Отырарға таянғанда Шыңғысхан оны қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей баскарған әскерлерді қалдырып, Жошы-ханды Сырдарияның төменгі ағысына - Жент жөне Жанкент қалаларына жіберді, үшінші топ Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалаларды бағындыруға кетті, ал Шыңғысханның өзі негізгі күштерімен Бұхараға аттанды. 1219 жылы 200 мың адамнан тұратын Шыңғыс ханның ұлдары Оқтай мен Зағатай басқарған монғол әскері қазіргі Өзбекстан жеріндегі Отырар қаласын қоршап алды. Отырардың билеушісі Қайыр-хан бар күшін салып ең соңғы мүмкіндігін пайдалана отырып қорғанды. Отырарды коршау бес айдай уақытқа созылды. Қаланы батыр хорезм әскербасы Газер ханның қол астындағы 60 мың адамнан құрылған гарнизон қорғады.

Қаһармандық қорғаныстың бесінші айы бітуге айналғанда хорезмдік әскербасы Қаража-хаджиб он мындық қолымен Моңғолдарға беріліп, оларды қалаға кіргізіп жіберді. Алайда Отырар сонда да табандылықпен қорғана береді. «Арыстандай айбарлы» әскерлер тобымен Ғайыр-хан берік қамалға бекініп алды да, Моңғолдарға оны алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана ол 1220 жылғы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғысханның алдына апарылған жерде қатал жазаланып өлтірілді.

1220 жылы наурызда Шыңғыс хан бастаған монғол әскері Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Бұқараны қоршауға алды. Онда 20 мың адамдық хорезмшах әскері тұрды, олар өз әскербасымен бірге моңғолдар таяп қалған кезде қашып кетті. Күштері сарқылған қала тұрғындары жаулап алушыларға қаланың қақпасын ашып берді. Тек жергілікті билеушісі ғана берілгісі келмей, бекініске жасырынды, алайда ол бекіністі моңғолдар өртеп қиратты.

Сол 1220 жылдың шілдесінде Шыңғысхан бастаған моңғолдар Хорезмнің басқа ірі қаласын Самарқандты қоршады. Моңғолдар Хорезм қалаларын кезекпен жаулай берді: Мервті, Үргеншіні, т.б.

1221 жылы Хорезмді құлатып, Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғыс хан Солтүстік-Батыс Үндістанға жорық жасап, осы үлкен аумақты жаулап алды. Алайда Шыңғыс хан одан әрі Индостан оңтүстігіне қарай бармады: оны әрдайым күнбатыстағы белгісіз елдер еліктірді.

Ол, әдеттегідей, жаңа жорық жолын тиянақты ойластырып, өзінің ең жақсы қолбасшыларын Жебе мен Субедейді түмендерімен және жаулап алған елдердің жауынгерлерінен құрылған қосымша әскерлермен қиыр батысқа жіберді. Олардың жолы Иран, Күнгей Кавказ және Солтүстік Кавказ арқылы өтті. Осылайша, моңғолдар оңтүстік Русь маңына, дон далаларына жетті.

Сол кезде жабайы далада өздерінің әскери күшін баяғыда жоғалтқан қыпшақ күймелері көшіп-қонып жүрді. Моңғолдар еш қиындықсыз қыпшақтарды талқандаған соң, олар да орыс жерлеріне қарай қашты. 1223 жылы Жебе мен Субедей қолбасшылар Калка өзені бойындағы шайқаста бірнеше орыс князьдары мен қыпшақ хандарының біріккен бірнеше әскерлерін талқандады. Жеткен жеңісінен кейін алғы монғол әскері кері бұрылды.

1226-1227 жылдары Шыңғыс хан таңғұттар елі Си-Сяға жорық жасады. Өзінің ұлдарының біреуіне ол Қытайды жаулауды жалғастыруды бұйырды. Ол басып алған Солтүстік Қытайдағы монғолдарға қарсы басталып кеткен көтерілістер Шыңғыс ханды қатты алаңдатты.

Ұлы қолбасшы таңғұттарға қарсы соңғы жорығы кезінде қаза болды. Монғолдар оны салтанатты түрде жерлеп, сол жерлеуге қатысқан адамдардың бәрін өлтіріп, қазіргі күнге дейін Шыңғыс ханның мазары орналасқан жерді құпия түрде сақтап қалды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет