Жарақаттың іріңді – ферментативтк жолмені тазаруы. Жарақаттың осындай жолмен тазаруы жылқыларда және ет қоректілерді (иттерде) болады.Мұнда гидратация айқын білініп, жарақаттың айналасы ісініп тұрады. Қолмен сипап, басып көргенде ауырсынады. Ферменттердің әсерімен жарақаттағы өліеттер ыдырап - сұйылып, микробтар жойылады. Оның бәрі іріңге айналып сыртқа ағады. Осымен қатар жарақат аумағында иммунобиологиялық процесстер үдейді. Ұлпа кедергісі құрылып, микробтардың жан-жаққа таралуына бөгет жасалынады. Бұл түрдің ерекшелігі — жарақаттың аузы жақсы ажырап, ірің сыртқа тоқтаусыз ағады, жарақаттың тазаруы аз уақытта өтеді. Жарақат өлі ұлпалардан тазарған сайын қабыну, ісіну, аурушаңдық басылып, жарақат процессі дегидратация – регенерация сатысына аусады. Кейде жарақаттың ауызы тарылып, іріңнің сыртқа ағуы нашарлап, ол денеге тараса іріңді – резорбтикалық (іріңнің денеге сіңіуінен) қызба пайда болуы ықтимал.
Жарақаттың іріңді – секвестрлену жолыімен тазаруы. Ірі қара мал, ешкі, шошқалардың көлемді жарақаттары осылай жазылады. Алғашқы сағаттардан бастап жарақаттың ішіне фибринді экссудат жиналады, ол өліетермен араласып фибринді - ұлпалық қоспаға - секвестргеайналады. Біраз уақыт өткеннен кейін ол кеуіп, қатайып, оның ішінде қалған бөгде заттар мен микроорганизмдер организмге әсерін тигізе алмайды. Сау ұлпамен шекаралас жерде іріңді - демаркациялық қабыну үрдісі пайда болады. Онда гидратация бәсең болады. Жарақаттыңіріңді - ферментативтік жолмен тазаруға қарағанда іріңді - секвестрлену жолымен тазаруы баяу жүреді. Ірі қара малдың жарақаттың ауызы қабыршақпен бітеліп, сырттай қарағанда жазылғандай болып көрінеді. Бірақ оның астында ыдырау процесстері жүріп жатадыда пайда болған ірің сыртқа шықпай іште қалып қояды. Қойда фибринді - ұлпалық қоспа грануляция ұлпасымен қапталып жарақаттың орнында көпке дейін сақталып, қатты болып тұрады. Кейде көлемді, өліеттері көп, зардапты микробтар көптеп енген жарақаттарда фибринді - ұлпалық қоспа жарақат инфекциясының дамуына себеп болады.
Жарақаттың секвестрлену жолымен тазаруы. Секвестр - жарақаттағы ұйыған қан, фибринозды экссудат және өліеттердің кебуінен пайда болған құрғақ қоспа. Жарақаттың мұндай тазару кеміргіштер мен құстарда тән. Ал басқа жануарларда терінің беткі қабаты сызылып, жырылып кеткенде ғана кездеседі. Жарақат секвестрлену жолымен тазарғанда жарақаттың қуысы фибринге толып тығыздалып, ұйытқыға айналады. Ол кеуіп, жарақаттың бетін қабыршақтанып жабады да қосымша жарақаттардан, микробтардан қорғап, жарақаттың жазылуына оң әсер етеді. Жарақаттың қабырғаларынан өскен түйіршіктелген ұлпа қоспаны бірте - бірте итеріп шығара отырып, жарақаттың қуысын толық толтырады. Процесстің аяғыңда жарақат қоспадан босап, түйіршіктелген ұлпамен толып, беті эпителимен жабылып, орны сәл тыртықтанып немесе тыртықсыз бітіп кетеді.
Жарақаттың жазылуы. Жарақаттың жазылуы үш түрде жүреді:
1. Бірінші жетілумен жазылуы.
2. Екінші жетілумен жазылуы.
3. Қабыршықтанып жазылуы.
Жарақаттың бірінші жетілумен жазылуы. Жарақат бұл түрмен жазылғанда жазылу мерзімі қысқа, 5 – 7 күн. Қабыну процессі бәсең өтеді. Іріңдемейді. Жазылған соң жарақаттың орнында білінер-білінбес тыртық қалады немесе мүлде тыртық қалмайды. Асептикалық операциялық жарақаттар, жаңадан пайда болған жарақаттарды дер кезінде хирургиялық жолмен өңдеп, қанын тоқтатып, жарақат жиектерін беттестіріп тіккенде осылай жазылады. Жарақаттардың бұлай жазылуындағы даму процесстері өзіне тән болады. Жарақат тігілгеннен кейін немесе басқа жолмен оның шеттері біріктірілгеннен кейін, оның қуысына қан және сарысулы - фиброзды экссудат жиналады. Ұйыған қанның фибриногені қуысты толтырып, жарақаттың қабырғаларын бір-біріне жабыстырады, осыны алғашқы (фибриногендік) жабысу дейді. Бірінші тәуліктің ішінде сарысулы - фибринозды қабыну процесстері дамиды, қан торшалары және фибробластар жиналады. Қабыну процессінің әсерінен қышқылдың көбейіп протеолиз, фагоцитоз дамиды. Жарақат ішіндегі аздаған өлі ұлпалар сұйылады, микробтар фагоцитозға ұшырайды. Осымен қатар капиллярлардың ішкі эндотели қабаты ісініп, электропотенциялдарының айырмашылығынан және беткейлі тартылудың төмендеуінен эндотелилік өскін түрінде жарақатты жабыстырып тұрған фибриногендік ұлпаға өсе бастайды. Эндотелилік өскіндер екі жақтан бір-біріне қарсы өсіп, қосылады, соңынан іші қуыстанып капиллярға айналады. Осылай қан айналысы орнына келеді. Капиллярлардың айналасына лейкоциттер, моноциттер, макрофагтар тағы басқа торшалар жиналып, олар дами келе фибробластар айналады. Бұл процесстер жарақаттың 3 - 4 тәулігінде өтеді, мұны екінші (дәнекер ұлпалы) жабысу дейді. 4-5 тәуліктерде фибробластар өсіп, ұзарып бір ыңғайлы реттеледі. Осылай талшықты дәнекер ұлпа, коллагенді талшықтар пайда болады. Бұл пайда болған ұлпаның беті алғашында кедір – бұдырланып тұрады. Осыған орай оны түйіршікті ұлпа деп атайды. Кейіннен қабыну процессі бәсендеп, жаңа пайда болған дәнекер ұлпаның үсті терінің мальпигий қабатымен қапталады. Бірте-бірте дәнекер ұлпаның талшықтары ықшамдалады, жіңішкеріп тығыздалады, тыртыққа айналады. Ол алғашқы кезде қызарып бұртиып білініп тұрады. Уақыт өткен сайын қан тамырлары тартылып бозара бастайды, тартылып кішірейеді. Пайда болған тыртық ұлпасында басынан бастап жүйке тамырлары да қалыптаса бастайды. Дәнекер ұлпалы жабысу иттерде 6-7 тәулікте, жылқыларда 8-10 тәулікте, ірі қара малда, қой, ешкілерде 7-9 тәулікте жетіліп бітеді.