« Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет»



бет4/10
Дата04.05.2017
өлшемі1,96 Mb.
#15630
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Кіріспе

Оқушыны жұмыс істеуге үйрет, ...

өзі жеке ойлансын,ізденсін,

өзін өзі көрсетсін,

тыныштықтағы күшін дамытсын,

өзінен мықты адамды қалыптастырсын

А. Дистервег.

Оқытудың 7 модулін қолдана отырып,оның ішінднгі оқытуда жаңа әдіс – тәсілдердің бірі - топтық жұмыстарды қолдану арқылы оқушыларды бітімге, келісімге қол жеткізуге үйрету.

Топтық жұмыс әдісінің элементін қолдана отырып оқушыларға жаңа тақарапты игерту; оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру.

Егер А.Байтұрсыновтың сөзіндегі оқытудың бір жағы - оқу құралы дегендей: жаңа дидактикалық материалдар жасалса (мұғалім арқылы), топтық оқыту технологиясын тиімді қолданса, оқу материалдарының арасындағы логикалық байланыстар ашылып көрсетілсе, онда оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, материалдарды нәтижелі әрі тиімді меңгереді, логикалық ойлау қабілеті артады, білім сапасының деңгейі артады.

Сондықтан сабағымда мына әдістерді қолданамын:


  • салыстыру әдісі;

  • тірек –сызба;

  • бақылау әдісі;

  • сұрақ- жауап;

  • тестілеу; т.б.;

  • әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмаларды қолдану.



Оқу қызметінің ұйымдастыру түрлері: жеке, жұппен, топпен.
Топтық жұмыс оқушылар арасында әулеметтік өзара қарым қатынасты, тиімді араласу және проблемелерды шешу дағдыларын дамытуға итермелейді. Бір –біріне сұрақтар қоя біледі. Ең бастысы топта оқушы оқшауланып қалмайды. Бір –бірін қолдайды, топтық рух мадақталады. Топпен жұмыс жасағанда, тыңдау, келіспеушілікті құрметпен білідіру қабілеттеріне аударылады. Нәтижесінде өз ойы бар оқуға қабілетті тұлға қалыптасады. Тұйық оқушылар ашыла бастайды. Үлгерімі төмен оқушылар қысылмай өз ойларын ашық айтатын болады. Топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.


Топтық технология - сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

Топтық технологияны қолданғанда оқушыларды топқа бөлу, топтық тапсырма беру, жеке, жұппен жұмыстар істелінеді. Ол үшін сабақты тақырыптарды блок түрінде беріледі. Ол уақытты үнемдеуге, дарынды және үлгере алмайтын балармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осылай әр сабаққа жеке дайындық оқушылар өдерінің дайындық деңгейін анықтауға, бағалау кезінде артық толғаныс тудырмауға жағдай жасалады.

Электрондық оқулықты қолдану, комьютермен жұмыс жасау, тақырып соңында тестілеу оқушыда пәнге деген қызыушылығын арттырады.

Педагогикалық үдерісте бастысы оқу материалын жақсы түсіндіру ғана емес, сонымен бірге оны жақсы бекіту. Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін жақсы бекітудің бір түрі қайталау. Қайталау түрі және мазмұны бойынша әртүрлі. Қайталау белсендірілмеген және берсендірілген, қосымша және арнайы болады.

Өзімнің тәжірибемде оқу жылының аяғында 7-8 сынып оқушыларымен қайталау сабақтарында оқытудың топтық әдісін (ОТӘ) қолданамын. Материалды қайталау сабақтары бұл сыныптарда оқушылардың топтық қызметінің негізінде жүзеге асырылады. Топтық жұмыстың тиімділігі сабақта команда жұмысының атмосферасын қолдана отырып, әр оқушының мүмкіндігін ашу. Ғалымдардың айтуынша топтық оқу қызметінде топтық әсер туады, яғни әр оқушы мүкідігін арттырады.

Топқа бөлгенде мұғалім әр деңгейлік білімдері бар оқушылар бір топта болғанын қарау керек және үлгерімі нашар оқушы басқаларды пайдалануға немесе сыртта елеусіз қалуға тиісті болмауы керек. Топқа бөлу кезінде сыныптағы жеке қарым қатынастары да есепке алынғаны дұрыс. Топтық жұмыста әр уақытта шу болады, себебі топ мүшелері өзара ой алмасуы қажет. Топ басшысы - үлгеретін оқушу болуға тиіс, сондықтан ол жолдастарына тақырып бойынша кеңес беріп қоймайды, олардың жұмыстарын бағалайды. Топта алған және мұғаліммен бекітілген баға топ мүшелерінің әрқайсысын жауапкешілікке тәрбиелейді.

Осылай құрастырылған сабақ: біреулеріне физика пәні бойынша қорытынды бағасын жоғарлатуға екіншісіне топта өзін өзі көрсете алуға, үшіншілерін өздерінің педагогикалық қабілеттерін көсетуге тырысады.



Ұжымдық әдіс технологиясының

элементін қолдану:




Оқушының қабылдауы

Ойлау, есте сақтау қабілеті

Шығарма-шылық



Қызығушылық тудыру

Құралдарды дұрыс қолдана білу




Сабақтың тиімділігін арттырады




Ой өрісі кеңейеді




Оқуға ынтасы артады




Іскерлігі дамиды



Ұйымшылдыққа тәрбиеленеді

Белсенділігі артады

Оқушы





Шығармашылық қабілеті дамиды




Шапшаңдылыққа тәрбиеленеді


Пәнге қызығушылығы артады





«Ұжымдық әдіс технологиясының

элементін қолдану арқылы физика сабағында

оқушылардың есеп шығару дағдысын қалыптастыру»


Оқушылар оқулықпен

және бақылау анықтамалармен мына

сызбамен жұмыс істейді:


Ізденіс


иормации.

Оқу мақсаты





нақтылау


өңдеу


инрмации.






құру

алгоритмі



Проблеманы шешу

Алгоритмді

нақтылау


.

Жекешілік тапсырма.


Оқытудың құрылымы

Мұғалімнің қызметі Оқушының қызметі


Пробемалық жағдай тудыру

Проблеманы талдау

Жауаптың үлгісі

Сараптау

Құрылуы

алгоритма.





алгоритмді қолдану, шешуін түсіндіру


1. Тақырыпты өзара ауыстыру әдісі бойынша

жұппен жұмыс жасаудың жоспары. (ТӨА)
1. Тақырыпты оқушы өздігінен оқиды.

– Тақырыптың атын дәптерге жаз.

– Бірінші абзацын оқы, оған тақырыпта да дәптерге жаз.

– Осы абзацқа келетін бірінші топтың тапсырмасын орында.

– Екінші абзацты оқыда, оны тақырыпта және дәптерге жаз. Осыған сай тапсырманы орында, т.с.с.

– Тақырыпты түгел қамтитын екінші топтың тапсырмасын орында.

– Тақырыпты мұғалімге тапсыр.

2. Жұппен жұмыс.

– Жолдасыңа жоспарыңның бірінші пунктісінің мазмұны мен мәнін қалпына келтіру

– Жолдасыңа осы пунктінің қиын жерлерін түсіндір.

– Жодасыңа бірінші пунктінің мазмұнын түсінуге тиісті сұрақ қой.

–Осы пунктінің сәйкес бірінші топтың тапсырмасын орындауды ұсын.

– Жолдасыңа бірінші пунктінің тақырыпшасын жазуды сұра.

– Жолдасыңа жоспарыңның екінші пунктінің мазмұны мен мәнін, жоспарын қалпына келтір, қиын жерлерін түсіндір.

Жолдасыңның бірінші топ тапсырмаларын орындалу деңгейін тексер. Тақырыпшаны жолдасыңның дәптеріне жаз. Т.с.с.

– Ролдеріңді ауыстыр. Енді жолдасың өз тақырыбын саған оқытады.

– Екінші топтың тапсырмаларымен ауыстыр. Оны өз беттеріңмен орындаңдар.

–Екінші топтың тапсырмаларының дұрыстығын өзара тексеріңдер.– бір бірлеріңе алғыстарыңды білдіріңдер.

3. Жолдастарын ауыстыру.

– Қажеттілігінше тақырып бойынша алған тапсырмаларды ауыстырып отырыңдар. ( п. 1 қара). Тақырыпты өз беттеріңмен оқыңдар. ( п. 2).



2. Жеке берілген тапсырмаларды

өзара тексеру әдісі бойынша

жұппен жұмыс жоспары.
1. Өз таратпаларыңдағы тапсырмаларды өздерің орындаңдар.

2. Бірінші таратпаның тапсырмасын тексеру үшін өзіңе жлдас ізде.

3. Жұппен жұмыс.

– Жолдасыңабірінші тапсырманың орындалу тәртібін қалпына келтір.

– Сен орындаған тапсырманың орындалуы туралы ойын тыңда.

Оның сұрақтарын мұқият тыңда, қателеріңді түзет.

– Жолдасыңды тыңда. Оның тапсырма орындау әрекетін тексер. Қателері туралы сұрақ қой. Оны түзетуді сұра.

– Бірігіп істегендерің үшін бір бірлеріңе алғыстарыңды білдіріңдер. .



3. Келесі тапсырманы тексеру үшін тағы жолдас ізде де 3 пункт бойынша жұмыс жаса 4. Әр оқушылармен жұмыс істеп болған соң, басқа таратпадағы тапсырманы орында. Оны 1- пунктеріне сәйкес жаса.

«Ұжымдық әдіс технологиясының

элементін қолдану арқылы физика сабағында

оқушылардың есеп шығару дағдысын қалыптастыру»



Оқушылар топтасып жұмыс жасайды, жұппен және жолдасымен тақырыптарын өзара ауыстыру, өзара тексеру элементтерін қолданады.

Жұппен жұмыс жасағанда әр тарауға жеке таратпалар дайындалады.

3. Тақырыпты өзара ауыстыру. 7 сынып. Кіріспе.
ТӨА – 1 кіріспе

Каталог: uploads -> doc -> 0307
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0307 -> Тақырыбы: «Еркіндігім-елдігім, Тәуелсіздік теңдігім»
0307 -> Сабақтың мақсаты: мәтін мазмұнын оның идеясын талдау арқылы анықтау. Күтілетін нәтижелер
0307 -> Сабақтың тақырыбы: Көркемдік бұйымдарды жону тәсілімен дайындау технологиясы
0307 -> Сабақтың тақырыбы: Орманды дала және дала зоналары Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет