+ дигоксинді бірінші қатардағы дәрмек ретінде қолдануға болады//
***
52 жастағы ер адамда, миокардтың ірі ошақт инфаркті, түскеннен кейін 2 аптадан соң, дене қызуы жоғарылады, буындарының ауыруы, құрғақ жөтел, перикардтың үйкеліс шуы пайда болды. Об-ті: эозинофилия 12%, ЭТЖ 48 мм/сағ. Анықталды. ЭКГ: жсс 118 минутына, STI, АVL V1-V3 сегментінің элевациясы сақталған. Негізгі емге қосу керек://
+ стероидты қабынуға қарсы дәрмектер//
***
34 жастағы науқас басының ауыруына, басының айналуына, естен тануға шағым айтады. Объ-ті: жүректің негізінде, төстің оң жағында систола ортасында, мойын тамырларына таралатын дөрекі систолалық шу естіледі.Вальсальва сынамасында шу азаяды және тынысты шығарғанда өзгермейді. ЭКГ-да сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенограммада: жүрек конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Қандай ем тиімді?//
+ аорта қақпақшасын протездеу//
***
Науқас 50 жаста, түңгі уақыттарда кеуденің жоғарғы бөлігінде ауыру сезімінің пайда болғанын, 15 минуттан кейін өздігінен немесе нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылатынына шағым айтады. АҚ 120\80 мм с.б.б, пульсі 82 рет минутына, тыныштық күйде ЭКГ-да ешқандай өзгерістер жоқ. Физикалық күштемемен сынама теріс нәтижелі, күштемеге толеранттығы жоғары. Ұстама кезіндегі ЭКГ-да кеуделік тіркемелерде ST сегменті жоғары көтерілген.//
+ варианттық стенокардия//
***
53 жастағы науқас А., жүрек тұсының басып ауырсынуына , ентігуге, жүрек соғуына, шаршау, басының ауыруына шағым айтады. Ауырсыну эмоциональдік күйден кейін күшейеді , тыныш күйде және нитроглицерин қабылдағанда да басылмайды. Жатыр миомасына операция жасалған. Объ-ті: беті гиперемияланған, қозғыш және эмоциональдік тұрақсыз. ТЖ-20 рет минутына, ЖСЖ-100 рет минутына, АҚҚ- 155/75 мм.с.б. ЭКГ-да : тахикардия, ТV1- V4 теріс мәнді. Гормондық статусын зерттегенде эстрогендер деңгейі төмендегені анықталды.Аталған диагноздардың қайсысы расталады?//
+ эндокриндік кардиомиопатия
***
26 жастағы науқас тұмаумен ауырғаннан кейін 2 аптадан соң, ентігу ,жүрек тұсындағы ауырсынуға, дене қызуының көтерілуіне шағым айтады.Қарау кезінде:ортопноэ, балтырларында ісіну бар.Өкпеде ылғалды сырылдар,ТЖ 39 рет.Кардиомегалия.Жүрек тондары тұйықталған,3 ші тон естіледі, жүрек ұшында систолалық шу және жыбыр аритмиясы анықталады.ЖСЖ 110 рет,АҚҚ 100\60 мм.сын.бағ.Бауыры 3 см ұлғайған. Қан анализінде: лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған, кардиоспецификалық ферменттер жоғарылаған. ЭКГ да : 1 ші дәрежелі АВ блокада, жиілеген қарыншалық экстрасистолиялар. ЭХО КГ- да: сол жақ қарынша қуысы үлкейген. Айдау фракциясы 40 %. Төменде келтірілген диагноздың қайсысы мүмкін?//
Достарыңызбен бөлісу: |