1. Ақ жол газетінің зерттелуі


Дипломдық жұмыстың мақсаты



бет3/25
Дата18.07.2022
өлшемі207,46 Kb.
#147545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Асырханқызы Сая дипломдық жұмыс

Дипломдық жұмыстың мақсаты: «Ақ жол» газетіндегі ономастикалық кеңістікті анықтау, соның ішінде онимдердің мәтін ішіндегі қызметін анықтау, олардың Алаш зиялыларының есімдерін толықтырып мәнін ашу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:

  • «Ақ жол» газетінің зерттелуін сараптау;

  • ономастикаға теориялық шолу жасау;

  • «Ақ жол» газетіндегі ономастикалық атауларды жинақтау;

  • «Ақ жол» газетіндегі онимдерді онимдік разрядтарға жіктеу;

  • «Ақ жол» газетіндегі онимдердің қолданылу картасын триггерлер арқылы ұсыну.

Дипломдық жұмыстың жетекші идеясы: «Ақ жол» газетіндегі ономастикалық кеңістік арқылы ұлттық құндылықты дәріптеу, тарихи деректерді нақтылауда лингвистикалық, экстралингвистикалық факторлардың негізінде көруге болады. Ұрпаққа ұлттық құндылықты онамастикалық кеңістік арқылы сіңіру қажет. Сол кезде жаһандық сын-қатерлерге төтеп бере алатын, тарихы мен ұлт зиялыларын білетін, өткеннен сабақ алатын, құндылық бағдарын саналы айқындай алатын, танымы терең, көкірегі ашық, ел патриоты бола алатын білімді, саналы ұрпақ қалыптасады.
Зерттеу методологиясы. Бұл зерттеу жұмысының методологиялық негізі дедукция, сауалнама өткізу, жүйелік талдаудан тұрады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:
«Ақ жол» газетіндегі 1-2- кітаптағы ономастикалық атауларды жинақтап, статистикалық зерттеу жасап, заманға сай карта арқылы көрсету жұмыстың жаңашылдығы болса, кіріктірілген әдіс арқылы тарих, география, әдебиеттану, этнография сияқты пәндерде қолдануға болады.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді орындау үшін мынадай әдістер мен тәсілдер басшылыққа алынды: дескриптивті, тарихи-салыстырмалы, статистикалық, құрылымдық-сөзжасамдық әдістер.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. «Ақжол» - Көп томдық кітаптар жинағының 1және 2- кітабы алынды. Сондай-ақ ғаламторда ұсынылған ақпарат көздері, осы тақырып бойынша жасалған зерттеу жұмыстары, теориялық кітаптар, бұқаралық ақпарат құралдары тарапынан ұсынған ақпаратта. қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет