1 абай қара сөздеріндегі коммуникативтік емес синтаксистік бірліктер



бет10/39
Дата06.02.2022
өлшемі0,5 Mb.
#81095
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39
Байланысты:
Айнұр Нұрбекова

-Мақ, -у тұлғаларының беретін мағынасында мақсаттық ұғымның барлығы барыс жалғауында келгенінде ғана емес, сондай-ақ етістіктің шақтық категориясын білдіргенде де көрінеді. Қазақ тілінде -мақ жұрнақты тұлға мақсатты келер шақтың грамматикалық тәсілі екені мәлім.
Қара сөздерде қалау, бұйрық рай тұлғалы етістіктерден кейін де көмекші етістігінің көсемше тұлғасында келуі арқылы (деп) да мақсаттық қатынас түзетін сөз тіркестері берілген. Мысалы: Олар өздері де оздық кісіміз, өзіміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтамыз деп сайланды. Ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі арылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Қазақ құлшылығым Құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі. Әуелі – білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Әуелі – бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық, ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Ол болыс болғандар өзі қулық, арамдықпенен болыстыққа жеткен соң, момынды қадірлемейді, өзіндей арам, қуларды қадірлейді, өзіме дос болып, жәрдемі тиеді деп, егер қас болса, бір түрлі өзіме де залал жасауға қолымнан келеді деп. Бұл мысалдардың мазмұнынан мақсаттық мән айқын аңғарылады.
Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек. Ана шын ниетіменен орнын тауып, бір Құдайдың разылығы үшін өнер қылғандарға айтар дейді. Екінші – ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бұл сөйлемдерде мақсаттық мән беруші тұлғалардың үстемеленіп қолданылуы мақсаттық мағынаны күшейте түскен.
Бола етістігінің барыс жалғаулы сөзге жалғануы арқылы да мақсаттық мән беріліп тұр. Хәрами, макрухи былай тұрсын, құдай тағаланың қуатыменен, ижтиһад ақылыңменен тауып, рахатын көрмегіне бола жаратқан, берген нығыметтеріне, онан көрмек хұзурға суық көзбен қарап, ескерусіз тастап кетпек ақылға, әдепке, ынсапқа дұрыс па?
Мақсаттық мағына беретін үшін септеулігінің қызметіндегі ерекшелігін М.Серғалиев: «Барыс жалғауын тіпті оны ғана емес, мақсаттық қатынаста жиі қолданылатын үшін шылауын нақтылы бір зат, адам, солардың орнына жүретін жіктеу, сілтеу есімдіктерімен бірге айтқанда, мақсаттық мағынадан гөрі арнауды білдіреді», - деп көрсетеді де мынадай мысал келтіреді: «Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың (А.)» [24, 166-б.].
«Үшін септеулігі түбір тұлғалы зат есіммен тіркесіп келіп оларға себептік, мақсаттық мағыналар үстейді» [21, 560-б.]. Мысалы: «Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, бірақ мал үшін қам жейді екен, ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап, мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен, егер малды болса әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен». «Мал бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарыңды, өмірлеріңді, бетіңе ахиретті ұстап, дін ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылдыңдар?» - деп. Дүние үшін болғандарға айтар дейді: «Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзеке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ». Ол ауылдан бұл ауылға, біреуден бір жылқының тайын мініп, тамақ асырап, болмаса сөз аңдып, қулық, сұмдықпенен адам аздырмақ үшін, яки азғырушылардың кеңесіне кірмек үшін, пайдасыз, жұмыссыз қаңғырып жүруге құмар. Осы жұрттың көбінің айтып жүрген мықты жігіт, ер жігіт, пысық жігіт деп ат қойып жүрген кісілерінің бәрі – пәлеге, жаманшылыққа еліртпек үшін, бірін-бірі «айда батырлап!» қыздырып алады да, артын ойлатпай, азғыратұғын сөздері. Адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, Алланың сүйген құлының бірі боласың. Ахиретке бола, бір ғана Құдай тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек қояр дейді.
Жоғарыда келтірілген мысалдарда үшін септеулігімен жасалған сөз тіркесіндегі мақсаттық мән -мақ тұлғалы етістік пен үшін септеулігінің тіркесіне қарағанда солғындау. Айталық, тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін, мал үшін, қарызы үшін деген сөз тіркестеріндегі мақсаттық мән жалпылама беріліп тұрса, ал алдамақ үшін, аталмақ үшін, аздырмақ үшін, кірмек үшін, еліртпек үшін, разылығын таппақ үшін сөз тіркестеріндегі мақсаттық мән анық әрі айқын беріліп тұр. Сондай-ақ, бірінші сөйлемдегі үшін тұлғалы сөз тіркесінің бірыңғай мүшеде келуі мен -мақ үшін тұлғалы сөз тіркесінің бір сөйлемде берілуі субектінің ойын салыстыра келіп оның мақсатын нақтылап тұр.
Қара сөз мәтіндерінде мақсаттық қатынас түзуге қатысатын тұлғалардан бөлек -мақ жұрнағымен жасалған сөз тіркестері жиі қолданыс тапқан. Келтірілген мысалдардан көріп отырғанымыздай, Абайдың қара сөздерінде -мақ тұлғалы сөз тіркестері -мақ; -маққа; маққа керек; -мақ керек; -мегіне бола; -мек үшін конструкцияларында келіп мақсаттық мағына беруде жұмсалған.
Осындай қолданыс себебін іздер болсақ, қазақ әдеби тіл дүниесіне жаңа келген проза стиліне, оның ішінде қоғамдық-публицистикалық және ғылыми стильдеріне қажет өзіндік үдерістің туындауы грамматикалық категорияларға тән мағынаны беру немесе кейбір жаңа лексикалық ұғымдарды білдіру процесіндегі ізденістердің бір көрінісі. Алайда, -мақ, -мек, -бақ, -бек аффикстерінің қолданысын Абайдың тек прозалық шығармаларына тән грамматикалық ерекшелік деген тұжырым айтуға мүлде болмайды. Мұндай қолданыс Абайдың бүкіл шығармашылығының тіліне тән.
-тұғын тұлғасының сөз тіркесін түзудегі қызметі.
«Абайда өте жиі кездесетін мысалдағы қартаймайтұғын, табатұғын деген есімшелер де әлдеқалай болмаса, қолданудан қалып барады. Мұндағы -тұғын формасы қазірде -тын болып ықшамдалған» [20, 31-б.].
Бұл форманттың бұрыннан қазақ тілінде қолданылып келе жатқандығы жайында Н.И. Ильминскийдің, П.М. Мелиоранскийдің, А.Н.Кононовтың, Ғ. Мұсабаевтың және т.б. ғалымдардың еңбектерінде айтылып келе жатыр. Орыс ғалымдары -тұғын формасының -тұрған дегеннен ықшамдалғанын айта келе, И.Ильминский: «Причастие тұрған, занимая место вспомогательного после деепричастия на а, теряет р: вместо бара тұрған говорят бара тұғын, и еще сокращеннее баратын (в последнем случае оно сливается с деепричастием и следует его системе звуков)» [26, 10-б.], – десе, М.Терентьев қазақ тілінде есімше жұрнақты көсемшеге тұғын сөзі қосылуы арқылы жасалады деп, оған жазатұғын, қараятұғын (- қарайтұғын) деген мысалдарды келтіреді [27, 143-б.].
Ал ғалым С.М. Исаев: «-атын, -етін, -итін, -итын жұрнақтары арқылы ауыспалы өткен шақ есімше жасалады: бар-атын, кел-етін, қара-йтын, сөйле-йтін т.б... Бұл жұрнақ - құранды қосымша -тын, -тін бөлегі тұрған деген көмекші етістік болған да, ол -а, -е, -й тұлғалы көсемшемен тіркесіп қолданып, бара-бара қосымшаға айналып кеткен: бар-атын деген сөз, о баста бара тұрған болған да, кейін бара-тұғын болып, одан баратын болып қалыптасып кеткен» [28, 91-б.].
Абай шығармаларының тілінде бірде ауыспалы өткен шақ, бірде келер шақ есімше жасайтын -тұғын > -тын // -тін формалары әдеби тілдік норма болғанын байқадық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет