1 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы туралы мәліметтер,компания құрылымы


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы туралы мәліметтер,компания құрылымы



бет2/11
Дата23.09.2022
өлшемі56,7 Kb.
#150555
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Молдир практика

1 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы туралы мәліметтер,компания құрылымы.
1.1 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы туралы мәліметтер,компания құрылымы

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ қала, ауыл, елді мекендерді газдандыру, сонымен қатар алдағы уақытта оларды урбанизациялау және өнеркәсіптік әлеуетін дамыту үшін газ инфроқұрылымын құру жөніндегі Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасын табысты орындап келеді.


Кәсіпорынның негізгі міндеттері- тауарлы газды жеткізуді, таратушы желілер бойынша көгілдір отынды тасымалдауды, аймақтарға газ тасымалдау активтерін басқаруды ұйымдастыру.


Қызметтің басты бағыты — елді мекендерге, коммуналдық-тұрмыстық және өнеркәсіптік кәсіпорындарды газбен авариясыз және үздіксіз қамтамасыз ету.


Құндылықтары:





  1. Заңдарды сақтау;

  2. Кәсіпқойлық;

  3. Жетекшілік;

  4. Сападағы адалдық;

  5. Инновациядағы және шығармашылықтағы белсенділік;

  6. Демократиялық рух және корпоративтік мәдениет;

  7. Кәсіби командамен жұмыс;

  8. Тиімділік;

  9. Өзара тиімді қызметтестік;

  10. Тәртіп;

  11. Тұрақты даму және оқу;

  12. Мирасқорлық;

  13. Адамдардың өмірінің сапасы туралы қамқорлық;

  14. Әдептілік және өнегелік;

  15. Адамға деген құрмет;

  16. Игі салттарды қолдану;

  17. Әлеуметтік қамқоршылдық, ардагерлерге қамқорлық және жастарды қолдау.

Қағидалар:


• Тұтынушылардың, қоғамның, мемлекеттің қажеттілігін, талаптарын және үміттерін қанағаттандыруға бағдарлану;


• ҚР индустриялы дамудың мемлекеттік стратегиясын жетілдіруге көмектесу және іске асыру;
• Қызметтерді және технологияларды тұрақты жақсарту;
• Қызметтерді кешенді дамыту;
• Заманауи басқару технологияларын қолдану;
• Корпоративтік басқару жүйелерінің тиімділігін тұрақты көтеру;
• Ашықтық және есеп берушілік;
• Қызметкерлерге тең мүмкіндік және әділ қарым-қатынас;
• Қоғамның тұрақты болашағына жауапкершілік.
Компания құрылымы

«QazaqGaz» компаниялар тобына 12 еншілес және бірлесіп бақыланатын компаниялар және сенімді басқару шарты бойынша 1 компания кіреді, олар мынадай бизнес-бағыттар бойынша берілген:



  • ресурстық база: «Амангелді Газ» ЖШС, «Qazaq Gas Qurylys» ЖШС, «Отан Газ» ЖШС;

  • газды магистральдық тасымалдау: «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «Азиялық Газ құбыры» ЖШС, «Бейнеу-Шымкент Газ құбыры» ЖШС, «ҚазТрансГаз-Бішкек» ЖШҚ;

  • газды көтерме және бөлшек саудада өткізу: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, «ҚазРосГаз» ЖШС (сенімгерлік басқарудағы қатысу үлесі 50%);

  • сервистік компаниялар: «ҚазТрансГаз Өнімдері» ЖШС, «KTG Finance B.V.», «ҚазМұнайГаз-Сервис NS» АҚ, «PVH Development» ЖШС.

Газ өндіру


01.01.2021ж. жағдай бойынша табиғи газдың өндірілетін қорлары мыналарды құрайды: Амангелді кен орнында 12,102 млрд. м3, Жарқұм кен орнында 0,349 млрд. м3 және Айрақты кен орнында 5,118 млрд. м3.


Газ тасымалдау


«QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобы барлық өндірістік жоспарларды орындады. Өткен жылы қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша «QazaqGaz» ҰК» АҚ мынадай көрсеткіштерге қол жеткізді: газды магистральдық тасымалдау 86 590 млн.м3, оның ішінде ішкі тасымалдау - 20 165 млн. м3; газды экспортқа тасымалдау - 19 693 млн. м3; халықаралық транзит - 46 732 млн. м3.


Табиғи газды өткізу


Газ өткізу - 22 663 млн.м3 құрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет