1.3.Ресурстық базаны кеңейту негізінде инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстары
QazaqGaz басқарманы, кәсіпорынның табысын ұлғайту, персоналдың материалдық әл-ауқатының деңгейін арттыру, серіктестер мен жеткізушілердің іскерлік мүмкіндіктерінің өсуіне жәрдемдесу арқылы қызметтің сапалы деңгейі барлық мүдделі тараптардың талаптары мен үміттеріне сәйкес болатындай ұйымдастыруға тырысады. Бұл ретте QazaqGaz персоналдың қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаға теріс әсер етуді болдырмауға ұмтылады.
Сапаны арттыру, қоршаған ортаға теріс әсер етуді болдырмау, QazaqGaz-да кәсіптік тәуекелдердің төмендеуін қамтамасыз ету бойынша қызметтің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
Бизнес-процестерді талдау, ол мүмкін болған жерлерде процестерді автоматтандыруды енгізу және оларды біртіндеп кері инжинирингтеу арқылы қызметтің тиімділігін үздіксіз арттыру; басқарушылық технологиялар саласын ұдайы зерттеу және озық тәжірибені пайдалану;
Көшбасшылыққа ұмтылуды қолдау және барлық деңгейлерде бастамашылқ, ұжымның әрбір мүшесінің жауапкершілігін және кәсібилігін арттыру;
Инновациялық технологияларды енгізу және қызметтердің жаңа түрлерін игеру саласында бизнес-серіктестердің сенімді қатынастарын қалыптастыру;
Қолайлы әлеуметтік-психологиялық ахуал құру, персоналдың уәждемесін арттыру;
Өндірістік қызметке қатынастар бойынша адамдардың өмірі мен денсаулығының басымдығын сақтау;
Ішкі бақылау жүйесін жетілдіру және интеграцияланған менеджмент жүйесіне тәуекелді-бағдарлы тәсілмен әркет ету жолымен проблемалар туындауының, олардың себептерінің алдын алу;
осындай әсер етулердің салдарымен күресу бойынша әрекеттер алдында қоршаған ортаға теріс әсерлерді болдырмау бойынша алдын алу әрекеттерінің басымдығы арқылы қоршаған ортаны ластаудың алдын алу;
Сапа менеджменті жүйесінің, денсаулықты сақтаудың және еңбек қауіпсіздігінің, экологиялық менеджменті жүйесінің заңнамалық, нормативтік талаптарға, сондай-ақ мүдделі тараптар талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;
Барлық қызметкерлерді қоршаған ортаны қорғау, кәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметке белсенді қатысуға бірізділікпен тарту. Осы қатысуды уәждеу, сондай-ақ осы көрсетілген салалардағы қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру;
Интеграцияланған менджмент жүйесін ұдайы жақсартуды, оның нәтижелеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде ресурстық базаны кеңейту үшін төменде көрсетілген инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын жүргізіп жатыр:
«Газ кен орындарының Амангелді тобын игеру»;
«Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабатының метанын өндіру (геологиялық барлау жұмыстары)».
«Газ кен орындарының Амангелді тобын игеру» жобасы
Қазақстан Республикасының газ саласын дамыту бағдарламасына сәйкес республиканың оңтүстік өңірлерінің тұтынушыларын газбен қамтамасыз ету және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында QazaqGaz 2000 жылғы 12 желтоқсандағы көмірсутек шикізатын бірлескен барлау мен өндіруге арналған келісімшарт негізінде Жамбыл облысындағы Амангелді газ кен орындары тобын игеруді жалғастыруда.
Жоғарыда көрсетілген келісімшарттың қолданылу мерзімі – 2031 жылға дейін.
Жобаны іске асыру шеңберінде Амангелді кен орнын өнеркәсіптік пайдалану және Амангелді тобының басқа да кен орындарын игеру геологиялық барлау және сейсмикалық жұмыстарды жүргізумен, қорларды есептеумен және қайта есептеумен, сынамалы пайдалану жобаларын, өндіруші ұңғымалар құрылысының жобаларын және кен орнын жайластыру объектілерін әзірлеумен кешенді жүзеге асырылады. Амангелді тобының кен орындарында табиғи газдың бекітілген алынатын қорлары 23 011 млн.м3 құрайды.
2008 жылдан бастап Амангелді кен орны өнеркәсіптік игеру кезеңіне өтті. Қазіргі уақытта 34 ұңғыма пайдаланылуда.
2018 жылғы 24 ақпанда Жарқұм кен орны өнеркәсіптік игеру кезеңіне өтті. Қазіргі уақытта 6 ұңғыма пайдаланылуда.
2017 жылдың қыркүйегінен бастап Айрақты кен орны тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға берілді. № №101-107 жаңа ұңғымаларды бұрғылау нәтижелерінің негізінде 3D сейсмикалық барлау жұмыстары материалдарының құрылымдық және динамикалық интепретациясы жаңартылды, 3D сейсмика материалдарын қайта өңдеу және қайта түсіндіру бойынша есеп жасалды, есеп "Оңтүстікқазжерқойнауы" геология МД ОҚ кеңесінің отырысында назарға алынды (15.12.2020 ж. №854 хаттама).
"Амангелді Газ" ЖШС барлау активтері Анабай-Малдыбай, Барханная-Сұлтанқұдық, Құмырлы-Қосқұдық, Үшарал-Үшарал Солтүстік және Кемпіртөбе учаскелерінен тұрады.
Бархан-Сұлтанқұдық құрылымында жалпы көлемі 690 шаршы км МОГТ-3D сейсмикалық барлау жұмыстары жүргізілуде.
Өнеркәсіптік игеру басталғаннан бері Амангелді кен орнында 5,25 млрд.м3 табиғи газ және 373,07 мың тонна газ конденсаты өндірілді, оның ішінде 2020 жылы 286,18 млн. м3 табиғи газ және 14,78 мың тонна газ конденсаты өндірілді.
Жарқұм кен орнын пайдалану басталғаннан бері 76,58 млн.м3 табиғи газ және 566 тонна газ конденсаты өндірілді, оның ішінде 2020 жылы 7,87 млн. м3 табиғи газ және 54 тонна газ конденсаты өндірілді.
Айрақты кен орны пайдаланыла бастағаннан бері 114,67 млн.м3 табиғи газ және 1516 тонна газ конденсаты өндірілді, оның ішінде 2020 жылы 31,70 млн. м3 табиғи газ және 327 тонна газ конденсаты өндірілді.
2020 жылы "Амангелді Газ" ЖШС бойынша 325,75 млн.м3 табиғи газ, 15,16 мың тонна газ конденсаты өндірілді.
"Қарағанды көмір бассейнінің көмір қабаттарынан метан өндіру" жобасы (геологиялық барлау жұмыстары)
Жоба Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмаларына (26.01.2010 ж. №747 және 10.04.2012 ж. №61-24-39-3) сәйкес жүзеге асырылады.
"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ АҚ 31.10.2013 ж.шешімімен QazaqGaz жоба операторы болып белгіленді.
2015 жылғы 03 сәуірде "Сарыарқа" ӘКК АҚ мен QazaqGaz арасында жобаны бірлесіп іске асыру туралы келісім жасалды (I кезең - ҒЗТКЖ шеңберінде геологиялық барлау жұмыстары).
2015-2020 жылдары барлығы келесі жұмыс түрлері орындалды:
- 9 ұңғыманы бұрғылау, оның ішінде: 3 барлау, 5 іздеу және 1 тәжірибелік-өнеркәсіптік;
- қойнауқаттарды интенсификациялау (ГРП) және игеру, алынған газ ағыны;
- АҚШ, ҚХР, Польша зертханаларында негізгі үлгілерді зерттеу;
- КҚМ өндіру перспективтілігін бағалау бойынша техникалық-экономикалық есеп (ТЭЕ) ;
- бұрғыланған ұңғымаларды жылдық зерттеу;
- учаскенің КҚМ қорларын жедел есептеу (С2 санаты бойынша – 5,7 млрд. м3);
- Шерубайнұра учаскесіндегі барлау жұмыстарының жобасы;
- 4 ЖСҚ - №Ш-12, №Ш-13, №Ш-14 және №Ш-15 ұңғымаларының құрылысына техникалық жобалар;
- Шерубайнұра учаскесіндегі барлау салдарын жою жобасы.
2020 жылғы 03 қарашада QazaqGaz ИК (№22 хаттама) және 2020 жылғы 22 желтоқсанда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ИК шешімдерімен (№16-20 хаттама) жобаны іске асыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
«Қансу» жобасы
2015 жылғы 21 қазанда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (№14/2015 хаттама 17-тармақ) "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-тың 100% қатысу үлесін QazaqGaz пайдасына иеліктен шығару туралы мәселе мақұлданды.
2016 жылғы 19 қаңтарда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Жалғыз қатысушысының QazaqGaz-ға ауысуына байланысты Ақтау қаласының Әділет басқармасында "ҚМГ-Қансу Оперейтинг" ЖШС қайта тіркелді.
2016 жылғы 30 мамырда 01.10.2013 ж. №3949-КСҚ №2 келісімшартқа Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және "ҚМГ-Қансу Оперейтинг" ЖШС арасында Маңғыстау облысында орналасқан Қансу учаскесінде көмірсутекті шикізатты барлауға келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы толықтыруға қол қойылды.
2016 жылғы 22 қыркүйекте ҚР ЭМ пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясының отырысында қаралып, келісілді және ҚР ЭМ "Қансу учаскесіндегі мұнай мен газға іздестіру жұмыстарының жобасына №1 толықтыру" жобасы (бұдан әрі – ІЖЖТ) бекітуге қабылданды.
Бекітілген ІЖЖТ сәйкес 2016-2019 жылдарға арналған келісімшарттың жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізілді.
2019 жылғы 07 ақпанда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ИК "Қансу" жобасынан шығу және жоғары геологиялық, экологиялық тәуекелдерге және экономикалық рентабельділікке байланысты Серіктестікті тарату туралы шешім қабылдады.
2019 жылғы 01 қазанда Қансу учаскесінде көмірсутек шикізатын барлауға арналған 01.10.2013 жылғы №3949-КСҚ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталды.
Қазіргі уақытта келісімшарттық аумақты және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Экспорттық әлеуетті кеңейту мақсатында мынадай инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмыс жалғасуда:
"Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырын салу»;
"Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ-да төрт компрессорлық станция салу";
"Қашаған" СТГҚ-дан "Мақат-Солтүстік Кавказ" МГҚ-ға дейін компрессорлық станциямен МГҚ салу".
"Бейнеу-Бозой-Шымкент газ құбырын салу" жобасы
Жобаны іске асыру мерзімі - 2011-2022жж.
Құны - ҚҚС-сыз 689 201 млн.теңге.
Жобаның мақсаты - Қазақстан Республикасының оңтүстік өңірлерінің газ қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету, импорттық газға тәуелділікті азайту және Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Газ құбыры бағыты Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда және Түркістан облыстарының аумағы арқылы өтеді және мынадай негізгі техникалық сипаттамаларға ие:
1 кезең – 2012-2019жж., өткізу қабілеті жылына 6 млрд. м3 дейін;
2 кезең – 2013-2019жж., өткізу қабілеті жылына 10 млрд. м3 дейін;
3 кезең –2018-2022жж., өткізу қабілеті жылына 15 млрд.м3 дейін.
"Интергаз Орталық Азия" АҚ салған ұзындығы 1 450 км газ құбырының желілік бөлігі (бір желілік орындауда), вахталық кент, газ өлшеу станциялары, трасса бойындағы өткел, екі "Бозой", "Қараөзек" компрессорлық станциялары және төрт қосымша "Түркістан", "Арал", "Қорқыт-Ата", 1 "А" компрессорлық станциялары пайдалануға берілді.
2020 жылы келесі іс-шаралар орындалды:
- "Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ өткізу қабілетін жылына 15 млрд. м3 дейін ұлғайту" жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталды;
- "Түркістан" КС сатып алынды.
2021 жылы "Бейнеу-Бозой" учаскесіндегі трасса бойындағы жолдың, телекоммуникация жүйесі мен СКАДА, Бейнеу газ өлшеу станциясының құрылысын аяқтау және "Бозой" компрессорлық станциясы мен "Бейнеу" газ өлшеу станциясын кеңейту жөніндегі жұмысты бастау жоспарлануда.
Қазіргі уақытта covid-19 пандемиясына байланысты іске асыру мерзімдерінің өзгеруін және "Интергаз Орталық Азия" АҚ-тан төрт компрессорлық станцияны сатып алуды ескере отырып, жобаны түзету бойынша корпоративтік рәсімдер жүргізілуде.
"Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ 4 (төрт) компрессорлық станция салу" жобасы
Жобаны іске асыру мерзімі – 2018-2020 жж.
Нақты құны - ҚҚС-сыз 192 747 млн.теңге.
Жоба "Бейнеу-Бозой-Шымкент" газ құбырының өткізу қабілетін жылына 10-нан 15 млрд.м3-ге дейін ұлғайту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде іске асырылады.
2019 жылдың ақпан айында "Бозой-Шымкент" МГҚ учаскесінде "Арал", "Қорқыт-Ата" және "Түркістан"компрессорлық станциялары пайдалануға берілді. "Бейнеу-Бозой-Шымкент" МГҚ газ құбырының қуаты жылына 13 млрд.м3 дейін жеткізілді.
2020 жылғы 29 сәуірде "Бейнеу-Бозой" МГҚ учаскесінде соңғы төртінші "1А" компрессорлық станциясы пайдалануға берілді. Төртінші компрессорлық станцияның іске қосылуымен QazaqGaz ішкі нарыққа, сондай-ақ экспортқа газ жеткізудің жоғары сенімділігін қамтамасыз ете отырып, "Бейнеу-Бозой-Шымкент" магистральдық газ құбырының өткізу қабілетін жылына 15 млрд.м3 деңгейіне дейін арттыру жөніндегі ауқымды жобаны іске асыруды аяқтады.
"Қашаған" СТГҚ-дан "Мақат-Солтүстік Кавказ" МГҚ-ға дейін компрессорлық станциямен МГҚ салу" жобасы
Жобаны іске асыру мерзімі-2020-2021 жж.
Нақты құны - ҚҚС-сыз 56 512 млн.теңге.
Жоба қосымша 1 млрд.м3 шикі газды қайта өңдеу қондырғысының құрылысын ескере отырып, Қашаған кен орнында өндіруді ұлғайту жөніндегі кешенді мәселенің бір бөлігі болып табылады.
2020 жылғы 16 наурызда "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ ИК-да жобаны дәйекті іске асыру мақұлданды, 2021 жылғы маусымның соңына дейін аяқтау мерзімімен ЖСҚ әзірлеуге 602 млн.теңге сомасы мақұлданды.
Достарыңызбен бөлісу: |