1 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниясы туралы мәліметтер,компания құрылымы


Кәсіпорын экономикасы және ұйымдастыру



бет5/11
Дата23.09.2022
өлшемі56,7 Kb.
#150555
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Молдир практика

2 Кәсіпорын экономикасы және ұйымдастыру
2.1 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның негізгі қызметі

Газ тарату және аудандарды газдандыру


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың негізгі қызметі газды магистральдық және таратушы газ құбырлары арқылы тасымалдау қызметтерін көрсету, маркетинг, газды сатып алу, тұтынушыларға сату болып табылады.


«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың басым міндеті «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бар өңірлерде барлық санаттағы тұтынушыларды (халықты, коммуналдық мақсаттағы кәсіпорындарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды) газбен авариясыз, үздіксіз және қауіпсіз жабдықтауды қамтамасыз ету болып табылады.


Бүгінгі күні «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ өндірістік филиалдары тауарлық газды Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау және Түркістан облыстарына, сондай-ақ республикалық маңызы бар – Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына жеткізеді. Қазақстанда тауарлық газды өткізу нарығындағы компанияның үлесі 95%-ға дейін өсті. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ абоненттерінің саны 1 миллион 900 мыңнан (шамамен 9 млн тұрғын), сондай-ақ 49 мыңнан астам кәсіпорыннан асты.




2.2 «ҚазТрансГаз» ұлттық газ компаниясының жаңа атауы және логотипіндегі өзгерістер

«QazaqGaz» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.12.2021 жылғы № 982 қаулысымен «ҚазТрансГаз» ҰК» акционерлік қоғамынан қайта аталды.


«ҚазТрансГаз» компаниясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы №173 қаулысына сәйкес құрылған. «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 13 мамырдағы №415-II Заңына сәйкес «ҚазТрансГаз» жабық акционерлік қоғамы «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы болып қайта аталды.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 852 қаулысымен «ҚазТрансГаз» АҚ-ға Ұлттық компания мәртебесі берілді.




2.3 «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ компаниялар тобы қызметінің қаржылық және өндірістік көрсеткіштері

«QazaqGaz» ҰК» АҚ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ портфельдік компаниясы болып табылады. Компания тауарлық газды магистральдық газ құбырлары мен газ тарату желілері арқылы тасымалдау жөніндегі орталықтандырылған инфрақұрылымды басқарады, халықаралық транзитті қамтамасыз етеді және ішкі және сыртқы нарықтарда газ сатумен айналысады, құбырлар мен газ қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.


«QazaqGaz» ҰК» АҚ компаниялар тобы жиынтықта жалпы ұзындығы шамамен 76 мың км газ құбырларын, оның ішінде жылдық өткізу қабілеті 267,8 млрд. м3 дейінгі 20 мың км магистральдық газ құбырларын және ұзындығы шамамен 56 мың км газ тарату желілерін пайдаланады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет