3.4 Өрт қауіпсіздігі.
QazaqGaz компаниялар тобының объектілерінде есептік кезеңде мынадай өртке қарсы іс-шаралар жүргізілді: өрттен қорғайтын өңдеу, жөндеу, өрт сөндіргіштерді куәліктендіру және қайта зарядтау,өртке қарсы шараларға персоналды оқыту және нұсқаулық беру, автоматты өрт сөндіру және дабыл беру жүйелерін монтаждау, өртке қарсы автоматика, монтаж жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және өртке қарсы сумен жабдықтауды жөндеу.
3.5 Өнеркәсіптік қауіпсіздік
QazaqGaz компаниялар тобы бойынша есептік кезеңде мынадай іс-шаралар жүргізілді: құбырларды дигностикалау, құбырлардың ақаулы учаскелерін ауыстыру, крандарды ауыстыру, құбырларды оқшаулауды ауыстыру, персоналды оқыту және білімін тексеру, өндірістік объектілерді декларациялау, өндірістік бақылау.
Фонтанға қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, объектілерді құқыққа қарсы әрекеттерден қорғауға шарттар жасалды.
3.6 Қоршаған ортаны қорғау
Қоғамның қоршаған ортаны қорғау саласындағы Саясаттарын жүзеге асыру үшін қоршаған ортаға экологиялық аспекттердің әсер ету тәуекелін басқару мақсатында Компания келесі принциптерді ұстанады:
газбен жабдықтауға және сервис қызметтерін көрсетуге қарай ISO 14001:2004 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес қоршаған ортаны қорғау менеджменті жүйесінің тиімділігі мен нәтижелігін ұдайы арттыру;
қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану саталындағы халықаралық стандарт талаптарын, жетекші компаниялардың осы бағыттағы оңтайлы жетістіктерін және ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін есепке алу;
газ құбырларының, ондағы құрылғылардың және басқа өндірістік, өндірістік емес объектілердің орналасу аймағындағы қоршаған ортаның қорғалуын қамтамасыз ету;
халықаралық және отандық заңнамаларға, нормативтік талаптарға, сондай-ақ Компания келіскен басқа мүдделі тараптардың талаптарына Қомпания қызметтерінің сәйкестігін анықтау және бағалау;
қоршаған ортаны қорғау менеджментін іске қосу кезінде барлық мүдделі тараптардың пікірін есепке алу, тұтынушылармен, қоғаммен, билік және қадағалау органдарымен, іскерлік серіктестермен, жеткізушілермен тиімді коммуникацияны қамтамасыз ету;
табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және сақтау, қоршаған ортаны ластаудың алдын алу арқылы тиянақты дамуды қамтамасыз ету.
Компания басшылығы қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатты жүзеге асыруға, олардың сәйкестігіне, жарамдығына, қайта қаралуына жауапты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |